Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Ұлт денсаулығы мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес мүшелері, Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы, облыстық мәслихат депуттаттары, блогерлер, БАҚ өкілдері қатысқан жиында денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу, соңғы үлгідегі компьютерлік томографты сатып алу, заманауи үлгідегі сараптамалық ультрадыбыстық жүйелер аппаратын сатып алу, қатерлі ісіктерді ерте анықтау үшін халықты скринингтік зерттеулермен қамтуды жыл сайын ұлғайту, заманауи өкпені жасанды желдендіру (ӨЖЖ) және сандық рентген аппараттары мен заманауи оттегі аппаратын сатып алу мәселелері қаралды.

Кеңес кезінде денсаулық сақтау нысандарындағы жағдай жайлы баяндама жасаған облыстық денсалық сақтау басқармасының басшысы Аманбек Жұмыров: Қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы Жаңаөзен қаласынан 2 дәрігерлік амбулатория (Жаңаөзен қаласындағы Қызылсай, Мерей елді-мекендері) салынып, пайдалауға берілмек. Ал, Шетпе кентінде –Сағынмед, Таушық ауылынан – Байболат, Басқұдық ауылынан–Софиямедикал және Қайсармед, Батыр ауылынан – Медина, Атамекен ауылында –Ясин және Толимед мекемелері салынуда.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы облыстық мекемелердің жабдықталуы қайта қаралып, облыс көлемінде инвентаризация жүргізіп, қосымша жабдықтау жасалғанын айтты. Қазіргі кезде жабдықталу бойынша 83,4% жеткен. Соның ішінде акушерлік-гинекология – 88,4%, анестезиология және реанимация бөлімі – 91,1%, педиатрия бөлімі – 89,8% құраған.

Сөз соңында алдағы уақытта күрделі жөндеуді қажет ететін денсаулық сақтау ұйымдары жөнінде баяндады.

Партияның «2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Маңғыстау облыстық сайлауалды бағдарламасындағы «Медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру» бағыты бойынша жасалған жұмыстарды қадағалап, көп бейінді балалар ауруханасына жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының уақытылы бітуін қадағалау үшін кеңес мүшелері мониторингке шығу жөнінде кеңес шешімге келді.

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасына бастапқы медициналық санитарлық көрсететін емханаларда жеткіліксіз медициналық аппаратуралар мен емдеу – диагностикалық жабдықтармен қамтамасыз етуді және пайдаланылмай тұрған немесе тозығы жеткен медициналық жабдықтарды анықтап, түгендеу жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысындағы 2018-2022 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес бойынша бекітілген Кешенді жоспарға байланысты қатерлі ісіктерді ерте анықтау үшін халықты скринингтік зерттеулермен қамтуды ұлғайту керектігі айтылды.

0
0
264

Осы тақырып бойынша