«Жемқорлықты жеңу жолдары» атты әдеби байқау
Шараның мақсаты: Жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру, әдебиет пен шығармашылық арқылы азаматтардың санасына әсер ету, аудан азаматтарының назарын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттау, қатысушылардың жұмыстары арқылы көпшілікті адалдық, ізеттілік, адамгершілікке тәрбиелеу. Қарасай ауданының жастар ресурстык орталығы мен аудандық мәдениет үйі бірігіп «Жемқорлықты жеңу жолдары» атты 14-29 жас аралығындағы жастар арасында аудандық әдеби байқауын өткізді. Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Үштерек мектебінің оқушысы Қойбақова Әсем алса, 1-орынды «Нұржәрдем» медициналық колледжінің студентті Дауытова Ақмарал иеленді, 2-орынды «Нұржәрдем» медициналық колледжінің студентті Шабаева Айсұлу еншілесе, 3-орын Қаскелең Гуманитарлық техникалық колледжінің студентті Махсетбаева Алтынайға және Лев Толстой атындағы орта мектебінің оқушысы Тұрапбаева Айшаға бұйырды. Қалған қатысушыларға алғыс хат пен сыйлықтар берілді.
#ұлттықмұра
#ұлттықмұрақарасайауданы
#тәуелсіздікке30жыл
