«Қарақолтық»
Белгілі сатирик Қанағат Әбілқайырдың жазбасы есіме түсіп отыр. Бір оқып алыңыз... Әбекең келін түсіреді. Той тарқағаннан кейін «келін шайға» бес-алты құрдастары қалады. Дастархан жайылып, тағамдар қойылып жатыр дейді. Кимоно дейтін көйлектің жаңа шығып жүрген кезі болса керек. Жеңсіз көйлекпен алты-жеті қыз-келіншек бір кіріп, бір шығып, шай жабдығымен жүр. Әбекеңнің қабағы түсіңкіреп кеткен, жаратпай отырғанын байқаған бір құрдасы не айтар екен деп: – Әбеке, мыналардың ішіндегі сіздің келініңіз қайсысы? – депті. Сонда Әбекең басын көтерместен: – Қолтығының жүні қалыңдауы менікі, – депті. Еріксіз бір күліп алдым. Бұл ауыздың алты ауызын есіме түсірген кешегі 63 келі салмақта зілтемір көтерген австралиялық Син Ли. Автралиялықтар мұндай емес еді ғой деймін іштей. Мүмкін 18 ғасырда еуропалық…