Олимпиаданың жабылу салтанаты Лондон2012
Бүкіл әлем көз тіккен Лондонда өтіп жатқан ХХХ жазғы Олимпиаданың аяқталуына да, міне, тура бес күн қалды. Айтпағым, Лондондағы жазғы Олимпиаданың жабылу салтанаты жайында. Тамыздың он екісі күні Лондон уақытымен кешкі тоғызда болатын Олимпмиаданың жабылуы "Olympic Stadion" атты стадионда өтеді (ашылу салтанаты да осында өткен). Бұл үлкен шараға барлығы 4100 қатысушы адамдар атсылысады, олардың ішінде 3500 еріктілер мен 380 балалар жиналды. 2016 жылы Олимпиада ойындарын қабылдайтын Рио-де-Жанейро қаласы ресми түрде Олимпиада жалауын өзіне алады. Стадионда жағылған Олимпиаданың алауы ағылшынның The Who тобының әнінің шырқалуымен қайтадан өшеді. Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты "Ағылшын музыкасының симфониясы" деген атпен өткізіледі. Ағылшынның танымал әншілері мен топтары кештің көрк…