Мазмұнға өту

Жаңа

Мұз айдынында

Осы жұма сіңілім "Конькимен мәнерлеп сырғанау" тобын аяқтады.

Өзім конькимен сырғанауға BlogCamp 2011 - де бірінші рет барған болатынмын. Содан ұнап қалғаны соншалық, үйге келіп алып барлығын айналдырып, 22-ші наурызды мерекелік концерт болып жатқан алаңда емес, мұз айдынында өткізгенбіз. Сол кезде сырғанай алмаймын деп қорықып, мұзға жақындамай қойған сіңілім бүгінде мұзда мәнерлеп сырғанаудан профи :)

Ал енді назарларыңызға "Балалардың конькимен мәнерлеп сырғанауынан" фоторепортаж ұсынамын.

3
2
2815

Төле бидің ата-тегі туралы бірер сөз...

Еліміз егемендігін алып, цензура жойылып, халқымызға сөз бостандығы берілгелі, тарих тақырыбына қалам тартатындардың саны көбейіп кеткені белгілі. Олардың арасында, маман-тарихшылардан көрі, әуесқойлар мен арнайы тапсырыспен жұмыс істеп, «ат мініп, шапан киіп» жүргендер басымдау! М.Қойгелдиев айтқандай: «Бұл, жалпы алғанда, жағымды тұрғыдан бағалануға лайық... Өйткені халық өз тарихын білуге ұмтылса, ол халықтың тәні де, жаны да таза деген сөз. Болашақтан үміті бар халық қана тарихқа үңіледі»... Ғалым адамның пікіріне дауымыз жоқ. Дегенмен,біздіңше ненің болса да шегі болуы керек, біз сол шектен шығып бара жатқан сияқтымыз. Әркім өз атасын, қала берді руласы мен тайпаласын ұлықтап, «ел үшін еңіреп туған ер бопты», «пәленбай жылқы айдаған бай бопты, тіпті жылқысы өзенге бас қойғанда, өзен…

0
1
11881

Шымкент қаласының тұрғындары қиындыққа душар болды.

Шымкент қаласының тұрғындары қиындыққа душар болды. Бүгін алып базардың бірі "Бекжан" базары толығымен өртке оранды.Таңғы 3 тен бастап жанған от,базардың көзін толығымен жойды. Әзірге лаулап жанған өрттің себебі белгісіз.Қазір өртті ауыздықтау үшін 29 арнайы техника мен мыңдаған құтқарушылар жұмылдырылды. Енді ашынған халықтың хәлі не болмақ? Рамазан айында мұндай қатігездікке кімнің қолы барды екен?

1
0
612

Қарағандыда эротикаға қарсы күрес басталды

Дереу іске кіріскен қала әкімдігі мен қалалық мәслихат сарыжағал газеттер мен журналдардың арнайы жерлерде ғана сатылуын қадағалайтын комиссияны бекіткен. Алдағы уақытта белгіленбеген орындарда эротикалық сипаттағы басылымдар сатқаны үшін енді сатушылар айыппұл төлейтін болады. Қала әкімінің орынбасары И.Любарскаяның айтуынша, 2006 жылы да дәл осындай қызметтегі комиссия құрылған, алайда олар ешқандай жұмыс атқармаған. Дегенмен, осы күні құрылған қадағалаушылар тобы өзіне тапсырылған жұмысты тиянақты орындамақ дейді ол. P.S Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішевтің атына шағымданған бір топ ата-аналар қаланың кез-келген жерінде эротикалық сипаттағы басылымдардың сатылатынын және оның бағасының балалар үшін қолжетімді екендігін жаза келе, бұлардың балалар тәрбиесіне кері әсер ететіндіг…

1
0
485

Әйелдер күшейіп барады...

Ай,еркектер, ойланайық! Мен гендерлік саясаттың сап түзегенін мына Лондон Олимпиадасынан анық байқадым. Әйелдер бұрынғыдай емес, күшейіп кеткен. Еркек кінділіктілерге дабыл қағатын кез келді. Бұлай бола берсе, ІІІ дүниежүзілік соғыс дінаралық емес, нәсілдік те емес, әйелдер мен еркектердің арасында орнайтын секілді. Сол үшін бәрін алдын-ала ауыздықтайық. Көгілдірлерің еркек кейіпке қайта енбесеңдер, нәзіктерің жігіттіктеріңді естеріңе түсірмесеңдер, қатынжандыларың бір сәт ерге тән биіктіктеріңді сезінбесеңдер, көпсөзділерің әйелдің алдындағы әлсіздігіңді көрсетпей, бір сөзбен нүкте қойып, шешуші рөл атқармасаңдар болмас. Боркеміктерің Алла сені еркек қып жаратқанына шүкіршілік айтып, еңсеңді тікте. Ал, қайраттыларың мен табандыларың, батырларың мен жүрекжұтқандарың осы бағыттарыңнан тайм…

4
9
1177

«Ән-жұмбақ»


Ұлттық арнаның әнсүйер қауымға арнаған көңілашар бағдарламасы! Бағдарламаға қазақтың эстрада жұлдыздарының отбасылары бір-бірімен сайысқа түсетін қос жұп болып қатысады. Олар жеңіске жету үшін жасырылған ән атын танбай тауып айтуы тиіс.

0
0
381

(ФОТО - ВИДЕО) Данияр Елеусінов Джамельді ұтты

Данияр Елеусинов

Қазақ боксшысы Данияр Елеусінов америкалық Джамель Херрингпен қолға түйістіріп, жеңіске жетті. Бірінші раунда Данияр 8:5 есебімен алға шықса, екінші раундта соққыларын жаудыра түсті, 7:3! Ал, үшінші раундта қарқынын бәсеңдетіп, 4:1 есебін тіркеді. Қорытынды есеп - 19:9!

Бүгінге дейін бірінші айналымды артта қалдырған қазақ боксшыларының ішінде Данияр ғана өзінің мықтылығына күмән тудырған жоқ. Енді ол тамыздың 4-і күні ирандық Мехди Толоутибантпимен қолғап түйістіреді.

ФОТО

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусинов

Данияр Елеусінов

«Ереуіл атқа ер салмай...»

Қазақ боламыз ба, қазақстандық боламыз ба деген сол жылдары ұлттың басына бұлт үйіріліп тұрған шақта, жиналыстан жиналысқа жүгіріп жүрген қапылыс кезде М.Шахановқа бір кісі келіп «пәленше деген кісі хал үстінде жатыр екен, барып көңілін сұрап қайтайық» дегенде, «мұнда ұлт өлейін деп жатыр, қайсысының көңілін сұрағаным дұрыс болады деп ойлайсың?», - деп тіл қатты. Алдындағы кісі жауап бере алмай терең ойланып қалды. Барлық мүмкіндікті пайдаланып, ұлттың жойылайын деп жатқанын ұғынбай жатқан қандастарына осылайша ой салып жүретін. Әрине, жеке адамдардың да қайғысына ортақтаса біледі, егер ол адам ұлты үшін жанын берген, ұлтының қамын жеген адам болса. Ешқандай туыстығы,  жақындығы жоқ Болатхан Тайжан ағамыз өмірден өткенде Мұхтар ағам қатты қайғырып кетіп еді.

1
1
652