Мазмұнға өту
Erkosh

Еркебұлан Өтегенов

@Erkosh

Сайтта 2012 ж. 11 тамызКазахстан, Кызылорда

Өзімнен сұра.

рейтинг

100

жазба

1

пікірлер

0

тіркелуші

1

жазылымдар

0

Таба алман, жалғыз ғана барымысың?!

 

Таң шапағы, арайымен ақ таңдағы,

Оянам деп жастыққа жатсамдағы.

Күлiмдеген еркемдей сан жұлдыздар,

Маған маза бермедi аспандағы.

Жарайды, ұйқысыз таң атырайын,

Тарайды жұлдыздарың, батып айың.

Осы түн, осы жұлдыз, өткен шақтар,

Елесiн есiк қағып шақырайын.

Жаралған өмiрдегi бағым үшiн,

Сары алған көңiлдегi сағынышым.

Таралған жан шуағы сендей жанды,

Таба алман, жалғыз ғана барымысың?!

Күздеймiн жаным бiр ән, аласұрам,

Iздеймiн қалың тұман арасынан.

Yзбеймiн үмiтiмдi, жаным жара,

Сiз деймiн емдейтұғын жарасынан.

Қайтейiн қиналамын қапаланып,

Сәл кейiн арайлы таң атар анық.

Сан жұлдыздар жотасынан күмiс бұлақ,

Сағыныштың сылдыры жатар ағып...

1
1
645