Мазмұнға өту
rah_ais

Айсулу Рахметуллина

@rah_ais

Сайтта 2012 ж. 25 ақпанКазахстан, Алматы

разрывает в разные стороны, как определюсь - сообщу!

рейтинг

100

жазбалар

4

пікірлер

9

тіркелуші

11

жазылымдар

35

Қазақ тілінің жанашырлары

КБТУ-дағы тың бастмалардың бірі - қазақ тілін насихаттауға арналған Алаш айнасы атты ұйымы. Студенттерге таныстыру ретінде жасалған бұл бейнебаян үшін менен оңай жатталатын(өзге ұлттар оқиды деген жобамен) өлең жолдарын сұрап еді. Менің де кіші болсын үлесім жарады деген үміттемін :)

Тілсіз елім ел болмас,
Ертеңге жол бастамас.
Бабамнан қалған қазынам -
Қазақ тілім, мақтанам!

Қазақ тілі - алтыным,
Абай, Мұхтар жырлаған.
Ана тілім, бал тілім
Бар әлемді шарлаған.

Орыс, кәріс не қазақ,
Бәрімізге тіл ортақ.
Үлкен істі бастайық -
Алғаш қадам жасайық!

Өткен күнге өкінбей,
Келешекке күлімдей
Қазақша ой бөліссек,
Тіл өрісін кеңейтсек.

Пікір сайыс, ойындар,
Өлең, жұмбақ, жарыстар
Тіл үйрену жаршысы -
Күтеді Алаш айнасы!

 

0
0
665

Сабырлы жетер мұратқа...

"Асықпа" - бұл KeshYOU тобының жаңартылған құрамындағы алғашқы әні. Байқауымша, қыздар сәнімен де, әнімен де отандық шоу-бизнесті "асықпай-ақ" бағындырмақ. Сәтті шыққан бұл туындының ырғақты әуені, мәнді сөздері және тамаша орындалуы көрерменді тәнті етеріне күмәнім жоқ! ;-) Әннің сөздері: Асықпа, жаным... Тереземнен таңға дейін Көз алмай тұрдың, үмітіңді үзбей Алғаш көрген күннен кейін Соңымнан жүрсің, көлеңкемдей Сенің маған махаббатың бара-бара, жана-жана жалған болмай ма? Сенің маған берген сертің соңында жауапсыз қалмай ма? Асықпа, асықпа, жаным, асықпа Ғашық па жүрегің, шын ғашық па? Сенімің бекерге қиял боп солмайды ма? Асықпа! Егер іздегенің сезім, Аңсағаның да махаббат болса Жүрегіңмен мені сезіп Ғашық көздерің от боп жанса Сенің маған махаббатың бара-бара, жана-жана жалған болма…

0
2
867