Мазмұнға өту

Жаңа

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар Дирекциясы абоненттерінің арасында ұтыс ойындарын өткізді

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар Дирекциясы iD Net жоғары жылдамдықты лимитсіз Интернетке қосылєан абоненттердің арасында ұтыс ойынын өткізді.

Өскемен қаласының сегіз тұрғыны «Қазақтелеком» АҚ-нан стильді нетбуктердің иегерлері атанды.

Сонымен қатар Megaline Turbo Box қызметі бойынша алдағы өткен акция жеңімпаздарының аттары белгілі болды. Өскеменннің тұрғыны және мегалайншы Александр Шапаваловқа бейнекамера сыйға тарту етілді.

Ал Семей қаласының тұрғыны Индира Уақасова электрондық кітапты оқуға арналған reader book атты құрылғыға ие болды.

0
0
502

Әншілер Айланға көмектеспек

11.10.12.Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лау­реаты Мейрамбек Бесбаевтың енші­лігіндегі «Өнеге» журналының ұжымы «Unitу.KZ» қайырымдылық қорымен бірігіп концерт өткізбек. 20 қазанға жоспарланған қайырым­дылық шарадан түскен қаржы ақмо­ла­лық 1 жасар сәби Айлан Дәулетбаеваның жеке шотына аударылмақ. Жиналған ақша өзгелер сияқты емес, өңеші бітеу болып туылған бүл­діршінге күрделі ота жасау үшін жұм­салмақ. Концертке қазақ эстрадасының та­нымал әншілері Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Ақмарал Леубаева, Жанар Айжанова, Жұбаныш Жексенұлы, Шахизада, Мадина Сәдуақасова, Ме­руерт Түсіпбаева, Роза Әлқожа, Жан­болат пен Жазира, Индира Расылхан, «Денар» тобы, «Асыл» тобы, «Азия» тобы, Ерлан Орынбасаров, Таңат Ма­мырхановтар қатысады. Сондай-ақ «Өнер қырандары» әзіл-сықақ к…

0
0
465

Роза Ресейде ән салды

 
11.10.12.

Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы достық, ынтымақтастық және өзара көмек және дипломатиялық қарым-қатынастардың 20 жылдығына орай Мәскеудегi Мемлекеттік академиялық Үлкен театрда салтанатты кеш өтті.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин тамашалаған концертте Ресей халық артисі Лев Лещенко мен Қазақстанның халық артисі Роза Рым­баева өнер көрсетті.
Концерт бағдарламасында әлемдік классикалық туындылар, оның ішінде Верди, Россини операларынан үзінділер орындалды. Сондай-ақ бұрынғы және қазіргі заман композиторларының шығармалары орындалды. Жұртшылық Лев Лещенко мен Роза Рымбаеваның орындауындағы ретро әндер мен патриоттық туындыларды сүйсіне қабылдады.

 
0
0
391

Жүрек тебірентер телетуынды

11.10.12.Баян Есентаеваның көптен күткен «Ғашық жүрек» теле­топ­тамасы көрерменге жол тартты. Осыған орай баспасөз өкілдеріне туындының бірінші сериясы көрсетілді. Ұйымдастырушылар уәде еткендей, бұл туынды ешкімді де бей-жай қалдырмады. Көрсеті­лімге қатысқан барлық жанның жүрегі бұл кештен ауырып қайт­ты. Көрерменнің туындыдан кө­-ңілі қалып жүрегі ауырған жоқ, ондағы ауыр сюжеттен еңсесін көтере алмай шықты. Осылай басталған бұл телетоптаманың бірінші сериясынан-ақ көпші­лік­тің көңілінен шығатыны анық байқалды. Жобаның бас продю­сері Баян Есентаева: «Залда отыр­ған көрерменнің көз жасын сы­ғып алғанын көрдім. Біздің басты мақ­сатымыз да осы еді, яғни адам­ға ой салу болатын. Бұл бір көрген соң ұмытылып қалатын дүние емес деп ойлаймын» деді. Расында, бұл туындыны әрбір жан жүрегі сызда…

0
0
581

Ерболат Тоғызақов: барлық трюктарды өзім істедім

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген Ермек Тұрсыновтың «Шал» фильмінде басты рөлді сомдаған Ерболат Тоғызақов — бұған дейін жалпы көпшілікке аса таныс емес тұлға. Алайда «Келін», «Балалық шағымның аспаны», «Сталинге сыйлық», «Қызғылт қоян туралы аңыз» секілді бірқатар туындыларда қосымша, эпизодтық рөлдерді сомдаған актер ұзақ жылдар бойы кино саласының отымен кіріп, күлімен шығып келеді. Киностан порталы Ерболат Тоғызақовтың «Шал» фильмінен алған әсерлерін, ойларын сіздерге ұсынып отыр. * * * Фильмнің финалында қасқырмен бетпе-бет келіп, тағының мені кешірген сыңайда қарап, кері бұрылып кететін жері бар. Бұл — режиссердің, монтаждаушылардың, оператордың үлкен еңбегі. * * * Түсірілім барысында мен сол қасқырға деген үлкен алғысты сезіндім. Әбден шаршаған болатынмын. Ә…

4
7
1010

Күні біткен Козлов

10.10.12.Ақтау қалалық сотында болған процесс «Алға» мүшелері Владимир Козлов, Серік Сапарғали және ереуілшілер қозғалысына дем беруші Ақжанат Әміновке қатысты біржақты үкімнің шығуымен аяқталды. Айыптау кезіндегі келтірілген дәлелдер қор­ғаушылар үшін күтпеген соққы болды, ал жұртшылықтың жағасын ұстатты. Әбілязов пен Козлов басында отырған «алғалықтар­дың» Жаңаөзендегі күш қолдану акцияла­рын дайындағаны туралы фактілер онсыз да шат­қаяқтап тұрған әлсіз құрылымның тіреуін бірден құлатты. Сот процесіне қатысқан куәгерлердің бірауыздан айтуынша, ереуілге шыққандар «Алғаның» тегеурінді насихаттаушы күшіне бағынышты болған. Бұл ұйымға қатысы бар әрбір адам Әбілязовтың атынан сөйлеген жә­не күш қолдануға ашық шақырған оның мақа­лалары жазылған парақтарды таратқан екен. Козлов басқарған «Алға…

0
0
589