Жаңа
«Арман қуған әйел». Комедия (АҚШ, 1999 ж.).
«Орда» тобы оқыс сұрақтарға жауап берді
Сахнадағы көздің жауын алар қимылдарымен қатар әндерінің ерекшелігімен қазақ шоу-бизнесінде ойып тұрып орын алатындай, өзіндік қолтаңбасы бар топ - «Орда» тобы десек, сөге қоймассыздар. Топ құрамындағы жігіттерге қызықты сауал қойып, ойларын білген болатынбыз. Назарларыңызда «Орда» тобының ситуациялық сауалдарға жауаптары. Есболат Беделхан, 1984 жылы дүниеге келген. 1) Сіз өміріңізді өнермен жалғастырмағанда қай салаға барар едіңіз? - Заң факультетін бітіргенмін. Бәлкім, заңгер, адвокат немесе прокурор болар ма едім... 2) Қазір Гиннес рекордтар кітабына ену үшін түрлі ерліктер жасалынып жатыр. Ал сіз қандай талантыңызбен рекорд жасай аламын деп ойлайсыз? А) Үш күн бойы студияда ән жазу В) Екі күн бойы тоқтаусыз билеу С) Қалт етпей бір апта ұйқыда жату D) өз нұсқасы - Өзімнің нұсқам - әлем…
Аптаның қызықты материалдары #2
"Екпін" журналы сіздерді аптаның мәдени материалдарымен таныстыруды жалғастырады. __________________________________________________________________________ Шәмші шындығы Ұлы адамдардың артынан қашанда сөз еріп жүреді. Бұл заңдылық та. Ел арасында Шәмші туралы әртүрлі алыпқашпа әңгімелер көп. Оның рас-өтірігі қаншалықты, аңызы мен ақиқаты қайсы, мұны електен өткізу алдағы уақыттың еншісінде. Дегенмен, біз осы төңіректегі кейбір әңгімелерге аз-кем назар аударған едік. Қазақтың белгілі қайраткер азаматы Өмірзақ Айтбаевтің мынадай бір сөзі бар: Шәмші тірі кезінде бағаланбады деуге болмайды. Өйткені оның әндері өзі тірі кезінде-ақ күллі қазаққа тарады. Оны ел үйіп тыңдады, ел бағалады. 50 жылдығы, 60 жылдығы атап өтілді. Шәмшінің әндері экрандар мен эфирлерден түскен жоқ. Әлі күнге дейін сола…
Мектептен университетке көшіп келгендер
Жоғары курстағылар оларды “балмұздақ”, “сары балапан” деп атап, кішкентай көреді, бірақ студенттік шақтың осы бір кезеңі ұмытылмас, есте қаларлық тәтті сәттердің бірі екені бәрімізге мәлім. Былтырғы жылдың қыркүйек айында кеше ғана оқушы, бүгінде студент билетін қолына ұстаған жастармен сұхбат жасаған болатынбыз. Бұл материал әке-шешесінен алыс кетіп, үлкен қалаға келіп, жаңа өмірге алғаш қадам жасаған жандар туралы. Олар оқушы кезінде аңсап жүрген университеттік өмірге тез үйренді ме, мектептегі мұғалімдерін сағына ма, әлде балалық шақтарымен тезірек қоштасқысы келе ме? Жалпы, бүгінгі студенттер жоғарғы білімнің маңыздылығын қаншалықты бағалайды? Әділет. Философия және саясаттану факультенінің студенті: “Жамбыл облысындағы Каменка ауылынан келдім. Мамандығым – әлеуметтік жұмыс. Грантта о…
Аптаның қызықты материалдары #1
Достар, осы аптадан бастап сенбі сайын сіздерді қазақ тілді электронды БАҚ-дың мәдени материалдарымен таныстыруға тырысамыз. Бұл дайджесте 7 күннің ішінде Қазнетте жарияланған қызықты жазбалар тізімін ұсынамыз. ________________________________________________________________________ Қазақ әдебиеті дағдарыста ма? – Үлкен жазушыларымыздың бірі газет бетінде: «Әдебиеттің алтын ғасыры» енді тумайды», – деді. Тағы бір жазушымыз: «Қазақ әдебиеті қазір тоқырау үстінде», – дейді. Әр жерде осындай әжік-күжік әңгіме айтыла берген соң сұрап отырғаным ғой. – Әдебиеттің алтын ғасыры өтіп кетті, енді жақсы шығармалар тумайды дегенге өз басым қарсымын. Бізде шын мәніндегі үлкен әдебиет болған жоқ. Үлкен әдебиет ұлттық ұлы мұраттар, үлкен шайқас, айтыстар болған кезде ғана туады. Әдебиеттің алтын ғасыры…
Кокосові кульки Рафаелло
![]()
Інгредієнти:
Приблизно на 35-40 кульок діаметром 1,5-2 см:
80 мл. вершків
250 гр. білого шоколаду
100 гр. дрібно рубаного мигдалю
2 ст. л. апельсинового соку
100 гр. кокосової стружки для обвалювання кульок.
Қысқы кітаптар
Боранды күні немесе аязды демалыста жылы үйде отырып, кітап оқығанға не жетсін, оған қоса, қыс мезгіліне арналған әдеби туындылар да аз емес. Алдыңызда қазақ және шетел әдебиетінің қысқы шығармалары: ''Қар қызы'' - Оралхан Бөкей Жер-жаһан аппақ қар: сеңдей сіресіп, тұтаса қатқан суық дүние... Өз жұмыстарын атқару барысында жолдан адасып кеткен үш тракторшы жігіттің кенеттен астындағы көліктерінің майы таусылып, қарға оранған айдалада өздері ғана қалады. Жұмыр жер аппақ қар: суық әлем, сол әлемнің бір пұшпағында өлім мен өмірдің қақпақылына айналып, шыбын жаны шырқыраған жиырмадан жаңа асқан үш бойдақ; қолында қаруы, алдарында атысар жауы жоқ, өз-өзінен жынданған, өз-өзімен майдандасқан мақтаулы бейбіт күннің үш солдаты, үш қояншық, үш есалаң – үш батыр... ''Алекс және қарлы көлеңкелер'' -…
Альмодовардың алабөтен туындысы
Адам баласы махаббатқа құштар. Ол оның тыныстау, тамақ ішу, ұйықтау тәрізді қарапайым қажеттілігі. Ол бірнеше жылдар бойы терең ұйқыдағы адам ба, немесе жай ғана көшеде кетіп бара жатқан кәрі шал ма, маңызды емес. Біреуді сүйуге, біреудің сүйіктісі болуға бәріміз де құштармыз. Бұл тақырыпты қозғағанда ұлттар арасындағы шекара өшіріле бастайды. Өйткені махаббат тақырыбы бүкіл адамзатқа ортақ тақырып. Тек оған әр ұлт өзінің "менін", өзінің болмысын сан қырынан көрсетеді. Махаббатың өзгеше де, біздің ұғымымыздан бөлек қырын испан режиссері Педро Альмодовар «Онымен сөйлес" (исп. «Hable con ella») фильмінде көрсетеді (2002ж). ______________________________________________________________________ Бұл фильм түсірушілеріне 51 млн доллардай ақша тауып, "Ең үздік сценарий" номинациясы бойынша "Оска…
Студенттік рингтондар ондығы
Телефондағы әуен иесі жайында көптеген мәлімет бере алады. Жастар бір ән не әуенге деген махаббатын осы рингтондар арқылы білдіретіні де бәрімізге мәлім. Сонымен қатар, рингтон арқылы поп-мәдениеттің бағытын әрі танымалдылық деңгейін оңай байқауға болады. Сол себептен де біздің тілішіміз «екпінді» жастар арасында кішігірім сауалнама өткізіп, 2011 жылы танымалдылыққа ие болған рингтондар арасында студенттік ондықты құрастырған еді. Nokia Tune Сауалнама нәтижесі бойынша “бас жүлдені” атақты Nokia Tune әуені иемденді. Википедиядағы мәліметтер бойынша, Nokia tune – испанияның классикалық композиторы әрі гитарашысы Франсиско Таррегойдың 1902 жылы соло-гитараға арнап шығарған композициясы Gran Vals-тан алынған музыкалық үзінді екен.Бұл рингтон әлем бойынша тәулігіне шамамен 1,8 миллиард рет жән…