Мазмұнға өту

Жаңа

Шоколад құймақтары

Достар, алдарыңызда жаңа айдар. Жексенбі күндері "Екпін" аспаздыққа арналған жазбаларды ұсынады. Қарап отырсаңыз, қиын ештеңесі жоқ, демалыста бос уақытыңыз болса, жасап көріңіз. Қандай да бір тағам дайындамас бұрын, оның шыққан тарихын, аталудың сырын біліп алу қызық болар. Құймақтар енемес оладьи – жұмыртқа мен ұнның негізінде, су немесе айран араластырылып қуырылатын тағамның түрі. Орыс оладьиі, француз оладьиі, т.б. түрлері бар. «Оладьи» сөзінің түбірі «олеум», яғни «май» сөзінен шыққан деген болжам бар. Сондай-ақ орыстар «Оладьи» сөзін махаббат пен сұлулық құдайы Ладаның атымен байланыстырады. Біз бұл қарапайым тағамға біраз ерекшелік қосып, дайындап көрейік. Ол үшін бізге не қажет: Ұн – 300 г. Лимон шырыны – 5 мл. Қант – 60 г. Жұмыртқа – 1 Сода – 2 г. Айран- 400 мл. Какао ұнтағы – 4…

Банан мен шоколад коктейлі

Шоколад адам көңіл-күйін көтеріп қана қоймай, көптеген пайдасын да тигізеді екен. Мысалы, онда шарап пен жүзімде кездесетін флавоноидтар бар. Олар жүрек пен қан тамырларына өте пайдалы. Ал бананның құрамындағы көмірсулар мен С дәрумені және минералды заттардың пайдасын айтпаса да түсінікті. Сондықтан, бүгін біз әрі пайдалы, әрі тәтті сусын дайындамақпыз. Ол үшін бізге бар болғаны 1 банан, жарты стақан жеңіл йогурт, ¾ стақан сүт (немесе жаңғақ сүті) және де 1 ас қасық какао ұнтағы керек. Алдымен бананды турап, блендерге саламыз. Оған йогурт, сүт, кейіннен какаоны қосып жақсылап араластырамыз. Оны тағы да миксермен араластырып, сұйықталғаннан соң стақанға құйып, дастарқанға қоямыз. Керек жағдайда мұз қосуға болады. Астарыңыз дәмді болсын! ____________________________________________________…

4
2
3168

Аптаның қызықты материалдары #3

Достар, мәдени материалдар легін жалғастырамыз. Осы аптада мәдениет саласында не қызық болды, қандай өзгерістер? Мұқағали Мақатаевтың туғанына 81 жыл! Жалғыздық пен мұң шарабына сылқия тойған сезім көк аспанға көтерілді де, көз ұшында мұнартып тұрып-тұрып, күллі әлемге "қош!" деді де, жоқ болды. Күмбез бауырында қалықтап аппақ із қалды... Ол Мұқағали деген арда туған ақиық ақынның салған ізі болатын. Жүректен жүрекке жетіп, көңіл пернесін дөп басқан поэзияның салып кеткен өшпес таңбасы болатын (жалғасы). Кино түсірмеудің 9 жолы Қазір «қазақ киносы қандай болуы керек?» деген тақырыптың ту-талақайы шықты. «Қыз Жібек» пен «Қожаны» айта-айта аллергия пайда болды. Олай қиналғанша, «қазақ киносы қандай болмауы керек?» десеңіз, жауап табу оп-оңай. Өйткені, бізде «мынандай бол» дегеннен гөрі «мын…

4
4
1991

"Рахмет, Анашым!" - әлеуметтік ролик

Достар! Назарларыңызға “Рахмет, Анашым” әлеуметтік ролигін ұсынып отырмын. Жел бағытын өзгерте алмасақ та, кеме желкенін арманымыздың бағытына қарай өзгерте аламыз. Маңыздысы, сенім мен үміт. Маңыздысы, жақын адамдарымыздың ыстық махаббатын бір сәтке де жадымыздан шығармай, жүрегімізге сенім мен үмітті ұялату. Ролик қазақ тілінде түсіріліп, орыс тіліне дубляждалған. Түсірілім уақыты - 2 күн.Қысқаметражды фильм адамдардың ынта-ықыластарының негізінде жасалғанын атап көрсеткім келеді. Роликтің түсірілуіне үлесін қосқан барша жанға алғысымды білдіремін. Кадрдан тыс суреттер: Менің келесі жобам - толықметражды фильм, біз оған техникалық топты (оператор / VFX Supervisor / көркем қоюшы / Интерьершы / жарық түсірушілер / дыбыс) жинаудамыз. Егер қатысам десеңіз, сайтымыздағы сауалнамаға жауап бер…

Қысқы кино тізімі

Қыс келісімен, далада қыдыру азаяды, жылы үйде отырып, кітап оқығың, не қызықты кино көргің келеді. Осындай мақсатпен сіздерге қысқы кинолар тізімін ұсынып отырмыз, құрметті оқырман. «Демалыс» (“Отпуск по обмену” немесе “The holiday”) - 2006 жылы шыққан, американдық режиссер Нэнси Мейерстің киносы. Басында үйреншікті американдық комедия болып көрінгенмен, кино өте әсерлі. Ал саундтректерінің авторы - композитор Ханс Циммер жазған ғажайып әуендер ұзаққа дейін есте қалып қояды. Сондай-ақ, Кэмерон Диас, Джуд Лоу, Кэйт Уинслет сияқты тамаша актерлер құрамы фильмге өзгеше әр береді. Бұл кино сіздерге жаңа жылдық, әрі романтикалық көңіл-күй сыйлайтыны хақ. «Суыр күні» (Groundhog Day) - қыс тақырыбындағы мейірімді де ескі фильмдердің бірі. Кино 1993 жылы шыққан, режиссері - американдық Харольд Р…

3
9
3720

Бүгінгі ата-аналар балаларына қандай ертегі оқиды?

Жұлдыз, диспетчер: Қыздарыма әр кезде әр түрлі ертегілер оқып беріп отырамын. Сонымен қатар, Ыбырай Алтынсаринның мән-мағынасы зор қысқа әңгімелірін де арасында оқып беремін. Үлкен қызым Айым «Мақта қыз бен мысық» ертегісін ұнатады. Әсіресе мысықты. Ал егіз қызым Жансая мен Нұрсая «Бауырсақ» ертегісін бар ынтамен тыңдайды, тіпті кейде кітапты көтеріп әкеліп: «бауырсақ, бауырсақ» -, деп отырады. Жалпы, ертегі адам өмірінің ажырамас бөлігі деп есептеймін. Баланың ертегі тыңдап өскені жақсы, бұл болашақ өміріне де өз пайдасын тигізері анық. _________________________________________________________________________ Аршат, kerekinfo.kz сайтының әкімшісі: Мен ұлыма классика болып кеткен ертегілерді айтып беремін, мысалы "Бауырсақ", "Мақта қыз", "Жеті лақ"және т.б. Ұлым қазір 3 жарым жаста. Ауыр…