Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы Құрбан айт мерекесімен құтықтайды

«Қазақтелеком» АҚ филиалы - Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясы абоненттерін және барлық қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтайды!

Құрбан – араб тілінде "жақындау" дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу.

Құрбан айт мұсылмандардың ең ұлық мерекесі қасиетті Ораза ұстаудан 70 күн өткеннен кейін келеді.

Құрбан айттың бірінші күні мұсылмандар үшін ең маңызды күн. Мешіттерде бұл күні айт намазы оқылады. Құрбан айт дастарханы шақырылған да, шақырылмаған да қонақтарға жайылып, араздасқан ағайын ренішін ұмытады.

Құрбан шалғандар Алланың ризашылығана ие болып, шаңырақтары берекеге бөленеді, бәле-жалалардан аластатылады деп есептеледі.

Алла баршамыздың айттан айтқа аман жетуімізді жазсын! Келешегімізді кемел, жүзімізді жарқын етсін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем, бауырымыз бүтін болсын!

Құрбан айт қабыл болсын!

0
0
2011

Осы тақырып бойынша