Мазмұнға өту
Обложка сообщества Екпiн

Аптаның қызықты материалдары #5

Апта сайын "Екпін" журналы сіздерді қазақ тілді БАҚта мәдениет тақырыбында жазылған материалдармен таныстырып отырады. Осы аптаның қызықты мақалаларын қабыл алыңыздар.

__________________________________________________________________________

Үнсіз театрдың тұсауы кесілді

Қазақстанда есту қабілеті шектелген жандардың алғашқы театры құрылды. Мұндағы мақсат - құлағы нашар еститін жастардың шығармашылық қабілеттерін жарыққа шығару және шыңдау, оларға жан-жақты қолдау көрсету (жалғасы).

Қалталы жұлдыз қайсы?

Қазақстан әншілерінің табысы байшыкештеріміздің қалтасын қағатын ресейлік әріптестерімен теңесе алмайды. «Ауылдағының аузы сасық» деп, өз әншілерімізге миллиондап ақша шашуға қимаймыз (толығымен оқу).

Таспадағы тарих

Өткен 70-жылдардың ортасында қазақ киносы бір тосын ахуалға тап болды. Бірі – дүниеден өткен, бірі – шау тартқан Ш.Айманов, С.Қожықов, М.Бегалин, А.Қарсақбаев, Ш.Бейсембаев тәрізді аға буын режиссерлерден кейін бұл салаға ие болар жас буын режиссерлердің тапшылығы сезіліп, кино саласында төтенше жағдай қалыптасты (жалғасы).

ЖАДЫҢЫЗДА ЖҮРСІН...

«Қолқа салу» – тату-тәтті, береке-бірліктің бейнесі саналған. Онда сыйлы қонаққа немесе сапарға шығатын адам өзі ұнатқан замандастары мен дос-жарандарының біріне өзімен бірге жүруін қолқалайды. Кейде жақсы ат, қыран құс, ұшқыр тазысының бірін қолқалайды. «Қолқалап келдім» деп мылтығын не өзге де бір бағалы затты сұрайды (жалғасы).

Шара Жиенқұлова – қазақ би өнерінің ханшайымы

Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Гүлшара. Әкесі Баймолда күллі Жетісу өңіріне әйгілі молда адам болған. Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған (жалғасы).

Қазақ көшіне Әуезовтiң қатысы бар ма?

ХV ғасырлардағы тарихи оқиғаларды көзбен көргендей баяндап, жіліктеп беруге дайын тұратын тарихшылар соңғы жарты ғасыр бедеріндегі оқиғалардың ақ-қарасын айқындай алмай, дәрменсіздік танытып жататыны ақиқат. Себебі ақиқаттан қия басуға тірі куәлердің көзқарасынан жасқанады. Ел ішінде «1954 жылы қазақ жерінде тың игеру» тәрізді «ғасыр жобасына» баланған дүрбелең басталған кезде, Мұхтар Әуезов бастаған қазақ зиялылары Дінмұхамед Қонаев арқылы... (жалғасы).

4
9
2381

Осы тақырып бойынша