Super normal Бақытжанның хикаясы
Mesqueunblog.kz — Бақытжан атты алматылық жасөспірімнің өмірі француз суретшісімен бейнеленген әңгіме. Өзгелер секілді болғысы келетін, бірақ бола алмайтын адам жайындағы комикс. Әдетте көпшілік байқай бермейтін мүмкіндігі шектеулі жандар мен олардың отбасы туралы хикая. Ресми ститистика бойынша Қазақстанда мүгедектікке шалдыққан балалар мен жасөспірімдер саны 50 мыңға жуық. Еліміздегі балалар мүгедектігіне себепкер болған аурулар арасында жүйке жүйесі бірінші орында тұр. Мүгедектікке шалдығуға ықпал еткен негізгі факторлардың арасында елдегі экологиялық жағдайдың нашарлауы, ана мен бала денсаулығына өндірістік қалдықтардың зиян келтіруі, сонымен қатар, көңіл қанағаттандырмайтын медициналық бақылау ерекше рөл ойнауда. Оның өзі қолдау білдіру терапиясы мен қосымша оперативті еммен ғана шек…