Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Таңғажайып (Аслбек Мусин)

Адамды өзге тіршілік иесінен ерекшелеген басты қасиеті -- ақиқатты іздегені еді. Шынында адам өмірінің бірден-бір мәні бола алатын нәрсе де -- осы. Бірақ біз біртіндеп сол қасиетімізден айырыла бастағандаймыз. Бүгінде адам әділет пен шындықты іздеудің орнына пенделік баянсыз қуаныштарға алданып жүр.
Ғасырлар бойы жиналған білім мен даналықтың арқасында адамзат күн сайын қоршаған әлемнің жаңа құпиясын ашып жатыр. Алайда, бәріміз сол жаңалыққа мән беріп, маңызын бағалай бермейміз.
Өйткені, қалыптасқан нанымдарды, көпшіліктің пікірін жоғары қоямыз. Осындай стереотиптер әр нәрсені өз ақылымызға салып таразылауға мүмкіндік бермейді.
Бұл фильмді жасауға тәуелсіз зерттеушілер -- философтар, теологтар, лингвистер және математиктер қатысты. Мұндағы мақсат -- көпшілікке әлі белгісіз болып келе жатқан таңғажайып жаңалықты дербес сараптау еді. Яғни, Жаратушының түсірген кітабы Құрандағы математикалық кодтың құпиясына өзіміз үңіліп көрдік. Сіз де көріңіз, кейінгі тарихтағы оқиғалар көлеңке түсірген Кітаптың жаңаша, тіпті қайран қалдыратын қырын танитын боласыз. Қалыптасқан пікірлерді жарты сағатқа басыңыздан шығара тұрсаңыз, Ғаламның ең басты құпиясының бірі сізге де ашылып, қарапайымдығымен және ғажап сұлулығымен таңданырар еді.

 
0
0
500

Осы тақырып бойынша