Жас ұстаздар бүгінгі білім беру саласы жайында не дейді?
Ұстаздар күніне орай «Екпін» журналы жас мұғалімдер мен оқытушылардан сұхбат алып, бүгінгі білім берудің сапасы, проблемалары жайында сұрастырған еді. Саясат Идеятұлы, 24 жаста. Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы облыстық Кіші өнер академиясының журналистика мамандығының мұғалімі, еңбек өтілімі 3 жыл. Жалпы қай қазақстандықтан сұрасаңыз да «Қазақстанда білім деңгейі төмен, дұрыс оқытпайды» деген пікірге кезігеріңіз сөзсіз. Алайда, мен орта білім беру жағынан Қазақстан жоғары деңгейде деген ойдамын. Әрине, өзім мұғалім болған соң, «су ішкен құдыққа түкірігім» келмегендіктен емес, себептері бар. Негізінен кеңестік заманнан қалған әдістемелік құралдармен жұмыс жүргізіп отырған мұғалімдерге кінә қоя алмаспыз. Әйтсе де сол құралдар оқушылардың жас ерекшеліктерін екшеп, сараптап барып жаса…