Жастар жиыны өтеді
1 желтоқсан күні «Рух пен тіл» жастар ұйымы белгілі адвокат, білікті заңгер Абзал Құспановпен кездесу өткізеді. Қазақстанның қазіргі сот жүйесі, халықтың құқықтық сауаттылығы, адвокаттық қызмет, қоғамдық-саяси оқиғалар және т.б. өзекті тақырыптар жастар жиынында талқыланбақ. Абзал Құспанов 2000 жылы Алматыдағы Қазақ мемлекеттiк заң академиясының прокурорлық-сот факультетiн үздiк тәмамдаған. Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдарында қызмет атқарды. Соңғы жылдары халыққа құқықтық қызмет көрсету, заңдық кеңес беру мақсатында жеке фирма құрып, кәсiби тәжiрибесiн жетiлдiрген. Қазiр өз бастамасымен қоғамдық бiрлестiк құрып, мемлекеттiк тiл саясатын жүзеге асыру, қоғам мүшелерiнiң конституциялық құқыларын сауатты қорғау мақсатында көптеген жұмыстар атқарып жүр. Сенбілік кездесуге келем…
