Мазмұнға өту

Жаңа

Бөлеубай мен Женя. Соғысты өткерген әйел мен еркек. 71 жыл Ұлы Отан соғысы басталғанына

Тағдырына соғысты өткеруді жазған Бөлеубай ата және Женя апа, сіздердің аруақтарыңыздың құрметіне! Уақыт тоқтаған емес, секундарын минутқа, сағаттарын тәулікке, жылдарын-жылға қосқанда отыз жыл өтіпті. Жаз шыға үй іші мені ылғида жоғалтып жүретін. -Біздің кішкетай ұлды көрдіңдер ме? -Көрген жоқпыз. Дәл сол мезетте көрші Бөлеубай ата мен Женя апаның үйінің ас ішетін бөлмесінде отыратынмын. Жеген ішкенім есімде жоқ, бірақ қолымда ұстаған үлкен күміс ас қалақ еміс-еміс көз алдыма елестейді. Үзік-үзік болып есте қалған тәтті естеліктердің бірі. Қарын толтырған соң үйдің көлеңкесіне бет аласың. Женя апа жазда алаша тоқитын. Тоқылып жатқан алашаның бетінде біртіндеп өрнектері түсетін, соны қызықтайтынмын. Тоқыма сәл қараусыз қалса, керілген түрлі-түсті жіптердің арасынан өтетін арқау жіпті соға…

0
0
627

«Ашық алаң» арнада

‎"АШЫҚ АЛАҢ" ЖАНБОЛАТ МАМАЙМЕН бағдарламасының кезекті саны шықты

Бүгін көретіндеріңіз:
1. Елдің тыныштығын қорғауы тиіс офицерлер өз өмірлерін тәрк етуде. Шекарашылар суицидіне не себеп?
2. Алтынбекке атылған оқ халыққа да тиді. Осыдан тура жеті жыл бұрын режимнің террористік актісінен белгілі саясаткер, көрнекті қайраткер Алтынбек Сәрсенбайұлы қаза тапты.
3. Қайтқан банктен қайыр бола ма? Назарбаев өзі тартып алған банктерден құтылуға неге асықты?
http://janaozen.net/bas-takyryp/ashy-ala-badarlamasy-3.html?lang=kz

0
0
534

Кітап оқығанға қай ридер ыңғайлы?

Заман өзгерді. Халық оқуды азайтып жатыр. Бірі уақыт жоқ, екіншісі керек емес деген сылтаулармен кітап оқудан бас тартып жатыр. Бірақ кітап оқу әрқашан керек болды және болашақта да керек болады. Оның себептерін қазір талқылап жазбаяқ қояйын. Ол өзі жеке үлкен тақырып және тақырыбымыз басқа бағытта болып тұр. Қазір далада 21 ғасыр, сол себепті кітапханамыз өзгерді. Қазір бәрі электронды түрге ауысып жатыр. Енді біз тақырыбымда: "қандай электронды кітап таңдаған дұрыс болар?" - деген сұрақты ашып талқылаймын. Және сатып алар кезде неге назар аударған дұрыс екенін қарастырамын. I Экран a) Экран қандай технологияда жасалғаны өте маңызды. Біздің таңдауымызға 2 түрі келіп тұр; а) Жидкокристалды (аудармасы қандай екенін тегі білмей қойдым;) ) және ә) Электронды қағаз. Бізге әрине екіншісі қолай…

Мұқағали оқулары өтті

Бүгін ақын құрметіне арнап Мұқағали оқуларын өткіздік тек жастар болып. Мақсатымызға жеттік: ақынның өлеңдері, арнаулар оқылды, тың деректер айтылды. Әр түрлі салад оқып жүрген жастар бір ортада жиналды. Көп болмаса да, кеш қызықты өтті. Жиынның кейбір суреттерін жарияладым. Толық ақпарат пен видеосы бұйыртса, апта басында www.rukhpentil.org сайтында жарияланады.

Суреттер: http://www.facebook.com/dias.beisenbek

0
0
700

Жұбаныш Жексенұлы — Сүймегендер Сағынбайды (аккорды)

Бастапқы бет: kazchords.kz _______Gm_______F Ақ қайыңдай белестегі, ________Gm______F Сенің бейнең елестеді, _______A#__C___F Шуақ шашып төзімге, ________Gm________F Сүймегендер сағынбайды, __________Gm_________F Шын сүйген жан бағынбайды, _______A# C___Dm Асау қызба сезімге . [kazchords.ru] Dm_________________________A# Aңсасам жалын шашқан жанарыңды, F_______________________C_______F Ылғи да мұң жабады қабағымды, қалқатай. Dm_____________________A# Аққулар қайтты күзде қаратаудан, F______________________C______Dm Oларда айталмады хабарыңды қалқатай. _______Gm_______F Ақ қайыңдай белестегі, ________Gm______F Сенің бейнең елестеді, _______A#__C___F Шуақ шашып төзімге, ________Gm________F Сүймегендер сағынбайды, __________Gm_________F Шын сүйген жан бағынбайды, _______A# C___Dm Асау қызба…

0
0
2305

Мұқағали Мақатаев туған күніне арналады

Бүгін — 9 ақпан күні — қазақтың ақиық ақыны, мұзбалақ ақыны атанған Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні. Ақынның лирикаға толы әсерлі өлеңдері поэзия сүйер жастардың бірнеше буынын қамтып келе жатыр. Қазақ поэзиясында өшірмес із қалдырған Мұқағали өлеңдері әлі де үнін жоғалтпасы анық. Заман талғамайтын лирик ақынның поэзиясы жастар жүрегіне үнемі жақын болып келеді, соның ішінде махаббатты жырлайтын өлеңдерінің бірін «Екпін» журналы видео нұсқа арқылы поэзия сүйер барша қауымға арнайды. Бұл жобаны жүзеге асыруға көмектескен достарымызға — видео түсірген Ерлан Аменов пен өлеңді мәнерлеп оқыған Дастан Сапашовқа алғысымызды білдіреміз. Бүгін тек қана сүйікті ақынымыздың туған күні емес, қазақ поэзиясының мейрамы десек әбден болады, сондықтан бүгінгі күнмен сіздерді құттықтай отырып,…

5
5
8036

Выпуск 4. «Сұхбат» с Бабуром Юсуповым. «Я уверен наука еще заговорит на казахском»

С разрешения блогера и друга Бахытжана Бухарбаева (Barkorn) в целях достижения единой цели - помочь тем нашим гражданам, которые начинают изучать казахский язык, с сегодняшнего дня беру "франшизу" на проект "Сұхбат" и буду помогать ему находить людей, которые изучили казахский язык и готовы делиться своим опытом с другими. Очевидно, что такое начинание требует поддержки со стороны неравнодушных граждан. Цель проекта "Сұхбат" остается прежней - стать подспорьем для тех, кто приступает к изучению казахского языка. Итак, представляю вам четвертого гостя проекта - молодого практикующего врача, преподавателя фармацевтической академии Бабура Юсупова, который расскажет о том, как легко изучать языки и какие преимущества дает знание казахского языка. - Бабур, поделись своим секретом (если он есть…

4
4
1167

Отандасымыз Мәскеуде «Жігіт сұлтаны» байқауына қатысады (ФОТО)

Жақында Мәскеуде өтетін «Азия Жігіт сұлтаны – 2013» (The Best Asian Man-2013) байқауында қазақстандық Арсен Тұрғамбаев бағын сынамақшы. «Бұл білімділікті, өнер мен тапқырлықты қажет ететін сайыс. Білім қуып Мәскеуге оқуға түстім. Қазіргі таңда Мәскеу мемлекеттік жол қатынастары университетінің 1 курс магистрантымын. Мамандығым – «Халықаралық басқару және бизнес». Негізі, Семей өңірі Үржар ауданының тумасымын. Бүгінде вокалдан бірнеше халықаралық конкурстарда бас жүлдеге қол жеткіздім. Өнер мен білімге жас кезден құштар болғаннан соң осы байқауға қатысып, бағымды сынап көрейін дедім. Бақ шаба ма, бап шаба ма, ол уақыттың еншісінде», - дейді Арсен. Талантты жас өлең жазып, ән айтуды да ұнатады. Қазақстанда бірнеше жыр мүшәйраларында да ақындық қырынан танылған көрінеді. Айта кетейік, The Be…

0
0
1878

Қазақстандағы кішкентай боксшы қыз әлемді таңғалдырды (БЕЙНЕ)

АСТАНА. 8 ақпан. BAQ.kz – Youtube.com порталында бір жарым миллион рет көрілген бес жасар павлодарлық қыз туралы видео интернет қолданушыларын таңғалдыруда, деп жазады «Экспресс К» газеті. Бірнеше минутқа созылатын роликте құйттай қыз әкесімен бірге өзінің бокстың керемет шебері екенін көрсетеді.

Қазақстандағы таңғажайып қыз туралы ақпаратты әлемнің көптеген сайттары жарыса жариялауда. Бейнероликте кішкентай Эвника өте талантты боксшы екенін көрсетеді. Әкесінің соққыларынан жалтарып үлгеруімен қатар қыз қарымта соққыны да дер кезінде бағыттап үлгереді. Бейнероликке қарасаңыз санаулы минуттар ішінде құйттай боксшының 18 апперкот пен 16 джеб жасап үлгергенін көресіз. 
Әкесінің бала спортшыны шеберліктің осындай деңгейіне жеткізу үшін талай тер төккені көрініп тұр.

0
0
444

Ғалым Әлихан Бөкейханұлы

Астана. 8 ақпан. Baq.kz- Алаш алыптары саясаттың сахнасында сақырлап қайнап жүргеніне қарамастан ұлт дамуының қай саласын да қамтуға тырысты. Сондықтанда, өздері арнайы маманы болмаса да, ғылымның әр саласы бойынша кітаптар жазып, халықтың ой-санасын жетілдіруге тырысты. Мәселен, Ж.Аймауытұлы «Психология», М.Жұмабайұлы «Педагогика», Ә.Бөкейханұлы «География», А. Байтұрсынұлы«Қазақ тілі», Қ.Сәтбаев «Алгебра», М.Дулатұлы «Есеп кітабы» т. б. оқу құралдарын дүниеге әкелді. Және қандай дүниелер жазды десеңізші! Қазақ ғылымының алғашқы қадасын қадағандардың бірі «Алашорда» үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханұлы. 1903 жылы Ресей география қоғамында Әлихан Бөкейханұлының қазақтың ауыл шаруашылығы туралы 3 бірдей зерттеуі жарық көрген. Онда қазақтың қара қойы мен жылқысының өзге мал түрлерінен ере…

0
0
911