Баяғыда!
- Сәлеметсізбе! Ел ағасы болғалы көп мәселені шеше бастадым! Біз қазақ ұятсыз халықпыз! Айналайын, балаларыңды туғаннан ана тілінен басқа өзге тілде сөйлетпейсіңдер, он сегізге толмағанша тек ана тілінде сөйлегені жаныма батады! Сендер неге орысша сөйлетпейсіңдер? Ана ауылдағы да мына қаладағы да өзге ұлт өкілдері тек қазақ тілінде сөйлейді екен! Мынауыңыз қай сасқаныңыз? Одан кейін, Каспийдің жанармайын шетке шығармай өзіміз ғана қолданып жүрміз! Даламызда тегін сатылып жүр, даламызда шашылып жүр, біз оны американдық компанияларға неге сатпаймыз? Ана әжелеріміз пенсиясы көөөп деп ренжіп жатыр біздерге, ол пенсияны азайту керек сияқты. Әйтпесе ол пенияның ақшасын банктерде де алмай жатыр! Ол ол ма, неге ешкім кредит алмайды осы отырғандарының ішінен? Неге өздеріңнін үйлеріңді сындырып кредит алып басқа үй салмайсыңдар? Ана балаларыңда агент файсбук, вконтактіге неге үйретпейсіңдер? Ана қыздарыңды қарандаршы: араларында мода деп жретін ешкім жоқ. Қашанға дейін осылай киініп жүре бересіңдер? Одан ша ШАНЕЛ, ДИОР, АДИДАС дегенді алдырып киіндірмейсіңдер? Ааай, халқым. Осы ойлана мен шешімге келдім:
- Әрбір қазақ кем дегенде 3 тілде сөйлесін
- Пенсия жасын көтеріп, пенсияны азайтсын
- Жанар-жағар майды америка мен басқа шет ел компанияларға сатылсын
- Әрбір қазақ өзіне кредит алсын
- Әрбір екінші қазақ ипотекаға үй алсын
- Әрбір қазақ баласы агентте күніне кем дегенде 8 сағат отыратын болсын
- Әрбір қазақ баласы ШАНЕЛ, РЕЕБОК, АДИДАС, ГУЧИ секілді компаниялардың киімін сатып алып киетін болсын.
Егер де менің айтқандарым орындалса – біз әлемдегі ең қуатты елу елдің қатарына кіреміз!
