Мазмұнға өту

Жаңа

сенаттың экономикалық қылмысты декриминализациялау туралы» заң жобасы

Таяуда "Астана ақшамы" газетінің бетінде Кешегі сенаттың экономикалық қылмысты декриминализациялау туралы" заң жобасын мақұлдауына қатысты өз ойымды білдірген едім. Қазақстан тәуелсіздік алғалы толыққанды қылмыстық саясатты ізгілендіру бағытында ауқымды реформалар жүргізіп келеді. Сондықтан, Сенатта қаралып жатқан заң жобасын ізгілендіру саясатының аясында жүргізіліп жатқан ауқымды процестің бір бөлігі деп қарастырған жөн. Жалпы, қаржылық қылмыстарды қылмыссыздандыру бұл нағыз құқықтық-демократиялық мемлекеттерде кеңінен қолданылатын жаза түрі. Яғни, бұл жердегі негізгі принцип мемлекеттің экономикалық мүддесін басым бағыт ретінде қарастыру болып отыр. Дәлірек айтсақ, қылмыс жасаған азаматтың қоғамға қауіпсіздігі деңгейі болмашы болса, оны бас бостандығын айырып, салық төлеушілердің есебі…

0
0
547

Пірлер, дінбасылар, әулие-әмбиелер...

Діни дәстүр деген не? Ол – дін ұстаудың қолдан жасалған бір түрін ұстауға күштеп көндіру. Баланың өз ақылымен таңдау жасауға мүмкіндігі жоқ. Құранға, хақ дінге еш қатысы жоқ әдет-ғұрып, ұғымдар шыр етіп дүниеге келген сәттен-ақ сәбидің санасына сіңіріле бастайды. Ой мен Сенімді бір-бірінен бөліп алу мүмкін емес. Яғни, ойланудан ерінген, ойланудан қалған адам – иланудан қалған адам. Ал дәстүрлі дін Сенім мен Ақылды бір-біріне қарсы қояды. Яғни, Сенім бар жерде ақыл керек емес. Бұл екеуінің дұшпандығына «әлім», «уляма», «факих», «мухаддис», «муфассир», «шейх уль-ислам», «аятолла», «худжат уль ислам», «молда», «мәуләна», «әулие», «имам», «мүфтий», «мүршид» тағы басқалай аталатын діни атақтар, қысқаша айтқанда түсіндірмеші пірлердің кәсіби институты дәлел бола алады. Бұл институт сүннизм мен…

0
2
2660

Хадис авторлары жын-шайтанды көрген бе?

Аты «ислам» демесеңіз, шын мәнісінде ол діндерде Құранның рөлі жоғалуға айналған. Көптеген халықтар Исламды өздерінің дәстүрлеріне ауыстырды. Құранды ақиқаттың бастауы деп қабылдасақ, ырымшылдыққа, жын-шайтана қатысты жалған нанымдар өз-өзінен жойылар еді. Мешітте жұма намазында тұрып, тәкбір қақпас бұрын оң жақ иықтарына түкіретін жігіттерді көрген шығарсыз. Мұнда қандай сыр бар, бұл қайдан келген ғұрып? Сұрастыра келсем, олар намаз кезінде шайтан азғырмауы үшін осылай істейді екен. Яғни, намаз бастамас бұрын иықтарыңа қарап түкір, сонда шайтан мүлдем жоламайды. Исламның сүнниттік бағытында шайтанға қатысты көптеген нанымдар бар. Шайтан мен жын туралы уағыздарын тыңдасаң, кәдімгідей қорқасың. Жын-шайтанның ертегі кейіпкерлеріне тән керемет мүмкіндіктері хадистерде жиі кездеседі. Сол себе…

0
0
2500

Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған конкурс жеңімпаздары маратпатталды

Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырған конкурсымыздың жеңімпаздары анықталып, сыйлықтарды біздің ұжымның басшылығы арнайы табыстады. Демотиваторлар конкурсында бірінші орынды мына демотиватор жеңіп алды! Құттықтаймыз! http://kaztube.kz/kz/images/8169 Демотиваторлар конкурсында екінші орынды жеңіп алған демотиватор. Құтты болсын! http://kaztube.kz/kz/images/8151 Мынау - үшінші орынға лайықты демотиватор. Құттықтаймыз! http://kaztube.kz/kz/images/8168 Бірінші орынға цифрлы фотоаппарат!Жеңімпазымыз Әлішер Алматыда болғандықтан орнына сыйлықты жеңгесі алды #kaztubeArmy Демотиваторлар конкурсының 2орын иегері сыйлығын алып кетті.Гүлжанат Ақтөбеде,суретте Астанадағы әпкесі. Үшінші орын иегері - Аружан. МР4 құрылғысына ие болды. Құттықтаймыз! Жеңімпаздарымызға сыйлықты "Қазконтент" АҚ Басқар…

0
0
1068

Бақыт Ахметов, «Әлем чемпионатынан үш алтын аламыз деп ойлап едім»

— Біз Жазираны алтын алады деп ойлағанбыз. Бірақ қытайлық қыз да қарымды болып шықты. Ал Карина Горичева ұшаққа отырғанда дене қызуы көтеріліп, сырқаттанып қалды. Әйтпесе, әлеуеті алтын алуға жетер еді. Перу астанасы Лима қаласында ауыр атлетикадан жастар арасында әлем чемпио­наты өтiп, үш бойжеткеніміз қатысты. 75 келi салмақта Анастасия Швабауэр әлем чемпионы атанса,69 келi салмақта сынға түскен Жазира Жаппарқұл күмiспен күптелді. Өкінішке қарай, ү шiншi аруымыз Карина Горичева жүлдесiз қалды. Жастар құрамасының аға бапкерi Бақыт Ахметов Каринаныңсырқаттанып қалғанын айтып, әйтпесе тәуiр нәтиже көрсететiн едi дейдi. Бақыт Ахметов, Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері: — Перуге толық құрамда бара алмадық. Себебi маусым айының соңында Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтедi. Қ…

0
0
511

«Таразды» түлен түртті ме?..

Бір жылдың ішінде жеңіске деген арандары ашыла түскен бе, «Тараз» басшылары білікті бапкерін орнынан қағып тастапты. Қазекем «семіздікті қой ғана көтереді» деуші еді, бұл шешім сол «семіздіктің» кері болмаса жақсы… Тараз топырағынан талай талантты футболшы түлеп ұшты. Тараз топырағы талай тарланбоздың тұсауын кесті. Алайда соңғы жылдары «Тараз» футбол клубының тасы өрге домалай қоймады.Қалтасы жұқа болды ма, құрылтайшысы қоңды болмады ма, әйтеуір кежегесі кейін тартып, бірінші топқа түсіп қалған кезі де болды. Содан былтыр шежіресі мол клубтың тізгіні төрткүл дүниеге танымал Любомир Петрович ақсақалға тапсырылды. Серб маманы шынымен де білікті бапкер екен, «Таразды» түлетті. Ойын өрнегін жетілдіріп, азуын айға білеген айбынды командалармен тайталасатын деңгейге жеткізді. Биылғы маусымды д…

0
0
571

Ынтымақ бар жерде мақсат та бар

Ерлер арасындағы ел баскетболында жаңалық көп. Ең бастысы, ҚР баскет­бол федерациясы мен «Астана» клубы арасында ынтымақтастық орнағандай. Қазір осы екеуі ұлттық құрама мүддесі үшін тізе қоса әрекет етуде. Ерлер арасындағы ел баскетболында жаңалық көп. Ең бастысы, ҚР баскет­бол федерациясы мен «Астана» клубы арасында ынтымақтастықорнағандай. Қазір осы екеуі ұлттық құрама мүддесі үшін тізе қоса әрекет етуде. Ел чемпионаты Халықаралық ВТБ бірегей лигасында өнер көрсететін, құрамын деңгейі жоғары легионерлермен жасақтап алған «Астана» клубы биыл да ел чемпионы атанды.Ұлт­тық лигада додаға түскен еліміздің маң­дайалды алты клубының алғашқы төрттік­ке ілікендері ел біріншілігінің жүлделі орын­дарын сарапқа салған. «Тобыл» (Қос­та­най) және «Алматы» биылғы маусымда бесінші және алтыншы орындарм…

0
0
554

Қайрат Тұрлыханов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президентігінен үміткер

Қайрат Тұрлыханов Халықаралық ауыр атлетика федерациясының вице-президентігінен үміткер 20-22 мамыр аралығында Мәскеуде Халықаралық ауыр атлетика федерациясының (IWF) конгрессі өтеді. Оған осы саланың басы-қасында жүрген барлық лауазым иелері қатысады. Күн тәртібінде көптеген мәселелер тұр. Соның арасындағы ең негізгісі – аталмыш ұйымның президенті, вице-президенттері және өзге де басшылық қызмет атқаратын басқа да лауазым иелерін сайлау. Бақ сынауға бел буғандар арасында Қазақстан Республикасы ауыр атлетика федерациясының президенті, Азия конфедерациясының вице-президенті Қайрат Тұрлыханов мырза да бар. 2001 жылдан бері осы қызметтің тізгінін ұстаған айтулы азамат сол уақыт аралығында көптеген шаруа тындырғанын дүйым жұрт жақсы біледі. Ең бастысы, осы спорт түріндегі күрмеуі көп мәселеле…

0
0
622