Мазмұнға өту

Жаңа

«Ақтөбе» мен «Астана» қамшыны басты

 

Шахтер – Ақтөбе – 1:2

Голдар: Вишняковс, 80 – Гейнрих, 2. Гейнрих, 49.

 

Қайрат – Астана – 1:2

Голдар: Кнежевич, 36 – Нөсербаев, 12. Кояшевич, 78

 

Ордабасы – Жетісу – 1:2

Голдар: Карпович, 37 – Юнузович, 35. Аверченко, 71.

 

Тобыл – Атырау – 2:1

Голдар: Жұмасқалиев, 34. Куртиши, 45 – Данилюк, 70.

 

Восток – Ертіс – 1:1

Голдар: Оразбахтин, 25 – Шабалин, 72.

 

Акжайык — Тараз — 1:0

Гол: Зенькович, 89.

82-минутта Ахметов (Тараз) алаңнан қуылды

   
команда

О

Ж

Т

Ұ

Д/А

Ұп

1Ақтөбе1283116- 627
2Астана1282222-1426
3Шахтер1252514-1517
4Ертіс1245311- 917
5Қайрат1243516-1515
6Тобыл1234517-1513
7Тараз1234511-1413
8Восток123457-1113
9Атырау123456-1513
10Ордабасы122558-1211
11Ақжайық1244419-1410**
12Жетісу1226410-179*

* «Жетісу» клубынан 3 ұпай. **  «Ақжайық» клубынан 6 ұпай алынып тасталды

 
0
0
434

«Жұлдызды сәт».

«Қазақстан» Ұлттық арнасында «Жұлдызды сәт» тележобасы сайысының шиеленіскен сәті! Бұл жолы қос жолдама кімге бұйырар екен? Оларды Сіз анықтайсыз! Әр сенбіде Ұлттық арнада тікелей эфирде «Жұлдызды сәт» жобасындағы өнері озық жанға дауыс беріңіз!

0
0
373

ЖЭК секторындағы белгіленген тарифтер инвесторларға қаражатты қайтаруға кепіл береді — ҚОҚМ басшысы Н.Қаппаров

Қазақстанда енгізуге арнап ұсынылатын жаңартылатын көздер энергиясына белгіленген тарифтер инвесторлардың қаражатын қайтаруға кепіл береді, деп хабарлады қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Астана экономикалық форумы барысында жаңартылатын энергетикаға арналған интерактивті пікірталастар кезінде.

http://www.primeminister.kz/news/show/24/fiksirovannye-tarify-v-sektore-vie-garantirujut-vozvrat-sredstv-investoram-glava-moos-nkapparov-/22-05-2013?lang=kz

0
0
449

Алматы хоккейшілері жаңа маусымға дайындықты Медеуде өткізеді

Фото дереккөзі:m.hc-almaty.kz

 

Алматы хоккейшілері жаңа маусымға дайындықты Медеуде өткізеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір спортшылар маусымды аяқтап демалып жатыр.

Команда 5-ші шілдеден бастап алдағы чемпионатқа дайындықты бастайды. 13-ші шілде күні «Медеу» айдынында шығып, 25-іне дейін алдағы маусымға дайындалады.

 
0
0
300

Денис Тен: Менің арманым орындалды

   

Канаданың Лондон қаласында өткен мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Денис Тен өткізгелі отырған Мұз шоуының басталуына санаулы күндер қалды. Соған орай өткен баспасөз мәжілісінде журналистердің сұрағына жауап берген спортшы мұз айдынын өткізу оның бала кезінен армандаған ойы екенін жасырмады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Белгілі болғандай, мұзды сахынаға алғаш шыққан сәттерінен-ақ сол кездегі әлі жас спортшы Денис болашақта әлемдік деңгейдегі мәнерлеп сырғанау «жұлдыздарын» Қазақстанның мұз айдынына жинасам деп армандаған екен. Әсіресе, Қысқы Азиада ойындарынан кейін Денис Тенге осындай шоу өткізу туралы ұсыныстар жиілеп түсіпті. Енді, міне, қиялындағы арманын өңіне айналдыра білген жас спортшы енді табыс табуды емес, өзінің дебюттік қойылымын барша қазақстандықтарға қолжетімді етуге көп көңіл бөліп отыр.

«Бізде мынадай ұғым қалыптасқан, егер шетелдік әртістер келсе, оған кіретін билеттің бағасы да сәйкесінше қымбат. Мен мұз шоуына кіру құны барша қазақстандықтарға қолжетімді болса екен деймін», — деді Д.Тен.

Осы тұрғыда әртістің Алматыда өтетін шоуына билеттердің бәрі сатылып кеткенін айтып өткен жөн. Есесіне, билеттен құр қалдым деушілер үшін шоуды Астанадан тамашалауға әлі де мүмкіндігі бар – 25 мамырда Астанада өтетін шоуға әлі билеттер қалған көрінеді.

«Шоу достық қарым-қатынасқа негізделіп құралған, сол себепті де оған «Денис Тен және оның достары» атауы беріліп отыр. Мен жүрген жерімде Қазақстанның сұлулығы, қонақжайлығы, Ресеймен шекаралас ел екенімізді, сұлу табиғаты жайында айтып жүретінмін. Қазақстан жер аумағы жағынан әлем бойынша 9-орында екенін естіген жандар қатты таңырқайтын. Мен әркез оларға Қазақстанды көрсетсем екен деп армандайтынмын, міне, арманым орындалды. Шетелдік қонақтарымыз айтылғандардың бәрін өз көздерімен тамашалай алады», — деген ойымен бөлісті Д.Тен.

Алда өтетін бірегей шоу жайын сөз еткен Денис Тен оған қатысу үшін арнайы келген мәнерлеп сырғанау шеберлеріне Алматы қатты ұнағанын атап өтті. Әсіресе, спортшылар Қазақстанды әлемге танытқан қонақжайлығына тәнті болыпты.

 
0
0
493

Қарағандыда ҚР кубогы үшін жауынгерлік самбодан жарыс өтті

 

Қарағандыда балалар, жастар, әйелдер мен ерлер арасында ҚР кубогы үшін жауынгерлік самбодан жарыс өтті. Оған еліміздің әртүрлі қалаларынан 10 команда қатысты, деп хабарлады BNews.kz тілшісі Қарағанды облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасай отырып.

ҚР чемпионаты ҚР ұлттық құрама командасы мен әлем чемпионатына іріктеу кезеңі болып табылады. Жарысқа Астана, Алматы қалалары, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Атырау облыстарынан келген 10 команда, 200-ге жуық спортшы қатысты. Командалық есепте бірінші орынға қарағандылық спортшылар ие болды. Екінші орынды Қарағанды облысы, ал үшінші орынды Астана қаласы алды.

 
0
0
509