Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Үміттің шуағынан күдіктің тұманы қалың

Бiр анығы – Болгария футболшылары келесi жылы Бразилияда өтетiн әлем бiрiншiлiгiнiң iрiктеу турын тәп-тәуiр өткiзiп келедi. Бүгiнге дейiн ойналған 6 кездесуден болгарлық футболшылар 10 ұпай жинады. Ал Мирослав Беранек баптайтын Қазақ елнiiң ұлттық құрамасы әлем чемпионатының iрiктеу туры аясында өткiзген 6 ойыннан бар-жоғы 1 ұпай ғана олжалады.

Бүгiн кешкi сағат 20:00-де Алматының Орталық стадионында Мирослав Беранек баптайтын Қазақстан ұлттық құрамасы Болгария ұлттық құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткiзедi.

Бас бапкер күнi бұрын футболшыларға сауын айтып, жаттығу жиынына шақырған. Алайда ұлттық құраманың шабуыл шебiнде ойнайтын “Астана” клубының екi бiрдей ойыншысы – Таңат Нөсербаев пен Сергей Остапенко, “Ақтөбе” клубының жартылай қорғаушысы Марат Хайруллин және қостанайлық “Тобылдың” футболшысы Бауыржан Жолшиев жарақат алып қалғандықтан, бас бапкер өзге футболшыларды жаттығу жиынына алдырды. Егер ойын барысында алаңға шығу мәртебесi тисе, “Ақтөбенiң” қорғаушысы Алексей Мулдаров, “Қайраттың” жартылай қорғаушысы Олег Недашковский, “Ертiстiң” жартылай қорғаушысы Игорь Юрин, “Жетiсудiң” шабуылшысы Алексей Щеткин және “Ордабасының” қақпашысы Самат Отарбаев ұлттық құраманың жейдесiн тұңғыш рет киюi бек мүмкiн.

Алматыға келген Болгария құрамасы ФИФА рейтингiнде 52-сатыда тұр. Олар бiздiң елдiң футболшыларымен бұрын-соңды алаңда айқасқа түсiп көрген жоқ.

Бiр анығы – Болгария футболшылары келесi жылы Бразилияда өтетiн әлем бiрiншiлiгiнiң iрiктеу турын тәп-тәуiр өткiзiп келедi. Бүгiнге дейiн ойналған 6 кездесуден болгарлық футболшылар 10 ұпай жинады. Ал Мирослав Беранек баптайтын Қазақ елнiiң ұлттық құрамасы әлем чемпионатының iрiктеу туры аясында өткiзген 6 ойыннан бар-жоғы 1 ұпай ғана олжалады.

Болгария ұлттық құрамасы Алматыға келер алдында Жапония ұлттық құрамасына қарсы жолдастық кездесу өткiзiп, 2:0 есебiмен жеңген-дi. Болгарлық футболшылардың бас бапкерi Любослав Пенеев Жапонияға бастап барған жiгiттерiнiң кейбiрiн Алматыға алып келмептi. Есесiне, Болгария құрамасының бас бапкерi өзге футболшыларының томағасын сыпырып, ойынға қосып, сынап көрудi жоспарлап отыр. Осындай қарымды құраманы, командадағы футболшылары еуропалық клубтарда ойнайтын ұжымды жеңе аламыз ба, әлде итжығыс түсемiз бе, жоқ “үйренген әдiс” бойынша қирай жеңiлемiз бе?


 
0
0
321

Осы тақырып бойынша

Үміттің шуағынан күдіктің тұманы қалың - Yvision.kz