Мазмұнға өту

Жаңа

Жерлесіміз Татьяна Аманжол еркін күрестен әлемдік рейтингте көш бастап тұр

   

Азия чемпионы Татьяна Аманжол 51 кг салмақ дәрежесінде ФИЛА әлемдік рейтингінде көш бастады. Бұған дейін оның алдында Канада спортшысы Джесика Макдональдс тұрған болатын, Сассариде (Италия) өткен Голден Гран-Придегі жеңісінен кейін Татьяна оның алдын орады, деп жазады Sports.kz ҚР КФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізге сала кетейік, әлемдік рейтингте әлем және Азия чемпионаттары сынды ресми біріншіліктермен қатар, Гран-при сериясындағы жарыстар да ескеріледі.

51 кг салмақ дәрежесіндегі алғашқы үштікті жапон спортшысы Юи Мияхара бекітті. Тағы бір жағымды жаңалық: 51 кг салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтингтің төртінші орнына біздің тағы бір жерлесіміз Кристина Яловенко орналасты. Ол бұл көрсеткіште Германияда өткен Голден Гран-придегі жеңісінен кейін қол жеткізді.


 
0
0
515

Анна Нұрмұхамбетова: «Жеңісімді барша қазақ еліне бағыштаймын»

– Шыны керек, біз 2-орыннан дәмелі едік. Күміс иеленсем де, жаман емес қой деп ойлағанмын. Енді бұйырса, әлем біріншілігінде бақ сынайтын боламын. Дегенмен Қазандағы Универсиадаға бара алмаймын. Себебі чемпионатқа дейін біраз демалып, күш-жігерімді қайта қалпына келтіруім қажет.

Елорда төріндегі «Сарыарқа» спорт кешеніндеұйымдастырылған ауыр атлетикадан Азия біріншілігі мәресіне жетті. Елімізде үшінші рет өткізілген додада «Сары құрлықтың» 22 мемлекетінен келген 170-ке жуық зілтемірші бес күн бойыөзара мықтыны анықтады. Дүбірлі додадан кейін 75 келі салмақдәрежесінде Азия чемпионы атанған аруымыз Анна Нұрмұхамбетовамен сұхбаттасқан едік.

– Анна, таза жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістікке қол жеткізу қаншалықты қиынға соқты?

– Көп рахмет! Зілтемір көтеруге шыққан сайын өз-өзіме деген сенімім нығайа түсіп, жеңіске жақын қалғанымды сезіне бастадым.

– Үш бірдей алтынды мой­ныңыз­ға тағамын деп ойладыңыз ба?

– Шыны керек, біз 2-орыннан дәмелі едік. Күміс иеленсем де, жаман емесқой деп жүргенімде, жекелей сайыстарда да, қоссайыс нәтижесінде деүздік шықтым (күліп).

– Бұл жеңісіңізді кімге арнайсыз?

– Еліміздің ауыр атлетикасының 75 жылдығына арнаймын. Соныменқатар, жанкүйерлік танытқан барша Қазақ еліне бағыштағым келеді.

– Серпе көтеруде қолыңызды жарақаттап алған тәріздісіз…

– Уайымдайтындай емес. Зілтемірді сәтсіздеу қойған сияқтымын. Дегенмен ешқандай ауруды сезінім тұрған жоқпын.

– Әлем чемпионатында өнер көрсету жоспарыңызда бар ма?

– Бұйырса, әлем біріншілігінде бақ сынайтын боламын. ДегенменҚазандағы Универсиадаға бара алмаймын. Себебі чемпионатқа дейін біраз демалып, күш-жігерімді қайта қалпына келтіруім қажет.

– Әріптесіңіз Анастасия Швабауэрдің өнерін қалай бағалайсыз?

– Анастасия үшін қуаныштымын. Менің әлем чемпионаттарында 13-орыннан көрінген кездерім болған. Ал Настя әлемдік додаларда тәжірибесі аздау, соған қарамастан 5-орынға табан тірегінінің өзі үлкен жетістік. Оның әлеуеті өте жоғары. Алдағы уақыттарда үздіктерқатарынан көрінуге мүмкіндігі зор.

– Азия чемпионы атанатыныңызды қай сәтте түсіндіңіз?

– Өз басым қарсыластарымның қанша келіге тапсырыс бергенін қараған жоқпын. Оған бапкерлер рұқсат бермейді де. Бірақ серпе көтеруде 130 келіні бағындырғанымда, іштей «алтын менікі» дедім.

– Бәлкім, осыдан соң аздап босаңсып, 137 келіні бағындыра алмай қалған шығарсыз?..

– Ол да мүмкін. Алла жазса, бұдан былай кеткен қателіктерді жою үшін жұмыс істейтін боламыз.

– Бұл доданың сіз үшін маңыздылығы қанша?

– Бәзбіреулер Олимпиада ойындарының жолдамасына қатысы болмаған соң, біріншілікке аса мән бермей жатқан сияқты. Дегенмен, Азия чемпионаты дегеніміз облыстық, республикалық деңгейдегі дода емес, ол — бүтін бір құрлықтың мықтысын анықтайтын дода.


 
0
0
470

«Тараз» ФК-ның басшылығына Есенәлі Үсенов келді

 

Байқау қорытындысы бойынша «Тараз» футбол клубын Есенәлі Үсенов басқаратын болды.

Бұл туралы Жамбыл облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлады.

Аталмыш ведомствоның басшысы Гамлет Қайнарбековтың айтуынша, Е. Үсенов Жамбыл облысының тумасы, жасы 43-те.

«Тараздық клубтың жаңа президенті мемлекеттік қызметте, «ҚазТрансОйл», «Қазақойл-Продактс», «KEGOC», «ҚазТрансГаз» секілді ұлттық компанияларда еңбек еткен», — деп атап өтті Г. Қайнарбеков.


 
0
0
318

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары

Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының шығу тарихы мен жасалуының қайдан бастау алғанын әлі күнге шейін ешкім нақты басып айта алмайды. Себебі, тарихи жазбаларға сүйенсек көп аспаптардың түркі халықтарының аспаптарына ұқсастықтар көп екенін байқауға болады. Толығырақ: http://el.kz/bm2319

0
0
2067

Қобыз – қазағымның қастерлісі

Қобыз – тек музыкалық аспап қана емес, ата-бабаларымыздың қасиет тұтып табынғаны, емдеу шараларын жүргізуде пайдаланған аспап болып табылады. Бір ғана қазағымызда қобыздың бірнеше түрі бар. Толығырақ: http://el.kz/bm2312

0
0
1006