Екінші күн
Қайырлы кеш!Міне,Астанадағы экспедициямыздың екінші күнін де өткіздік!Бүгінгі күн өте керемет өтті! Біз экспедиция барысында Қабанбай батыр кесенесіне бардық, теплоходпен Есіл өзені арқылы Астана қаласын тамашалап,экскурсиямызды "Атамекен"атты этнопаркпен бітірдік. Осының ішінде маған қатты ұнағаны-теплоходпен қыдырғанымыз.Менің ойымша, менің сол сәтте көрген таңғажайып табиғат пен ғимараттардың қалай әдемі көрінгендігін сөзбен айтып жеткізе алмайсың! Егер, теплоходта серуендеп жүргеніңде оң мен сол жағыңа қарасаң неше-түрлі, әдемі әрі зәулім үйлерді, біріне бірі ұқсамайтын ғимараттарды тамашалауға болады.Ал, осы кездегі табиғатты айтсаңшы!!!Неткен керемет!Самал жел,жарқырап тұрған күн сәулесі,теплоход әсерінен толқын тудырып тұрған Есіл өзені,әр түрлі бейнелі ақша бұлттардың бәрі көзіңні…
