Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Туған елге тағзым» (9-күн)

8 шілде,2013ж.

Бүгін біз көркем әрі бай өлке, Қазақстанның Швейцариясы, жер жаннаты - Бурабайға аттандық.Ең алдымен,Бурабай жеріндегі "Табиғат" атты мұражайына бардық.Оның ішінде Бурабай жерінің макеті,фауна мен флорасы,тас-топырағын көріп,тамашаладық.Мұражайдан соң, мұражай жанындағы жануарлар паркін(зоопарк) араладық.

Бұл жерде мен мүлдем көрмеген жануарлар мен құстарды көріп, тамашаладым.Бәріміз фото-суретке түсіп,дем алып қайттық.

Сонымен, біз "Бурабай" атты мейрамханада түскі асымызды іштік.

Сөйтіп, Жұмбақтасқа аттандық.Жұмбақтас бейнесі әсем,көз тартарлық.Оның ауасы қандай тамаша!Маған өте ұнаады!Қуанышымызда шек жоқ.

Жалпы, Жұмбақтастың пішіні пирамида тәрізді,биіктігі 18 м. Жұмбақтастың бір жағынан қараса,қыздың бейнесі байқалады,ал қарама-қарсы жағынан қараса,мыстан кемпірдің бейнесі көрінеді.

 

Сонымен,Көкше тауға қарай жол тарттық."Хан тағына" барып,арман-тілегімізді тілеп,жеті рет айналып,орамал байладық. Таза ауада ,серуендеп, дем алып қайттық.

Мені сыңсыған қарағайлы-қайыңды ормандар,Бурабай табиғатының ерекше сұлулығы таң қалдырды.

Бүгінгі саяхатымыз жүрегіме сұлулық пен жылулық әкелді.Бұл саяхатымыз естен кетпес,әрине!!!

Көріскенше!!!)

1
0
648

Осы тақырып бойынша

«Туған елге тағзым» (9-күн) - Yvision.kz