ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
1

«Туған елге тағзым» (10-күн)

9 шілде,2013ж.

Бүгінгі күнімізді "Алжир" лагері,яғни "Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагерінен" бастау алдық.

Алғашқыда бұл жерде «26-нүкте» деп аталатын орын болған. Соның негізінде 1938 жылы Қарағанды лагеріне қарасты «Отанын сатқандардың әйелдеріне арналған Ақмола лагері» пайда болды.

Тұтқындар лагерьді бір сөзбен «АЛЖИР» деп атады. Бұл лагерьге Сталиндік қуғын-сүргінге ұшырағандардың әйелдері мен туған-туыстары қамалды. Осынау сегіз мың әйелдің бар айытары - «халық жауы» атанған күйеулері мен туыстарынан бас тартпағандығы еді. ГУЛАГ лагері Совет Одағының түкпір-түкпірінде қаптап кетті. «АЛЖИР» де жер бетіндегі сондай тозақтың бірі болатын.

Тозақ орталығында небір ел жайсаңдарының зайыптары, қыздары мен қарындастары жазықсыздан-жазықсыз жапа шекті.

Ең сұмдығы – мұнда бойына нәресте біткен аналарға да мейірімділік жасалмады. Нәтижесінде темір тордың ар жағында 1 мың 507 нәресте дүниеге келіп, олардың басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болды.

Кейін лагерь өз алдына ауыл шаруашылық өндірісі, шеберханасы мен тігін фабирикасы бар сан-салалы шаруашылыққа айналды.

Бұл жерді тұтқындарың өзі адам тұратын қалыпқа келтірді. Барак, асхана, мал фермалары, астық қоймалары мен шеберханалардың барлығын тұтқын әйелдер өздері салды.

«Отанын сатқандардың» әйелдеріне арналған Ақмола лагерінің» аумағында қазір 4-5 қабат үйлері, дүкені мен клубы бар Ақмол кенті орналасқан. Ауылды кезінде тұтқындар отырғызған қалың терек қоршап тұр.

Кейін бұл жерге жер аударылғандар мен алғашқы тың игерушілер орналасты. Бірқатар тұтқындар осында қалып, жаңа өмір бастады.


2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай-мемориалдық кешені ашылған.

Бүгінде біз мұражайдан мемориалдық кешен «Қайғы қақпасы» монументі, «Күрес пен үміт» және «Ашыну мен дәрменсіздік» секілді екі мүсіндік композицияны, сондай-ақ «Еске алу қабырғасын» көрдік . Мұражайдың экспозициялары өзіндік құжаттарымен саяси қуғын тарихын, жазалау институттарының әрекет ету тетіктерін көрсетеді. Бұл мұражайдан маған ең ұнағаны "Күрес пен үміт" мүсіндік композициясы.

Бұл мұражай, әрине,бәрімізді жан түршіктіріп жіберді.Осынау жерді көріп, айталық,көңіліміз түсті.

Енді,әрімен қарай,айталық,біз Астана орманына саяхаттап бардық. Бұл Астана орманы негізі 1998 жылы құрылған екен. Қазір үлкен орман болып, көркейіп жатыр.

Болашақта бұл орман ішінде көптеген демалыс орындары салынады делінді.

Бүгінде орман 65 мың гектар жерді алып жатыр.

Міне,бүгін "Алжир" мұражайына және де Астана орманына саяхаттап бардық. Бұл экскурсиямыз естен кетпестей өтті.

Осымен, біздің экспедициямыз аяқталып келеді. Ертеңгі күніміз біздің соңғы саяхатымыз. Ертең біз Алла қаласа, Назарбаев орталығына жол тартамыз. Сонымен біздің саяхатымыз аяқталады. Әзірше,көріскенше)