ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Бесінші күн

Привеет!

Көзді ашып-жұмғанша экспедициямыздың бесінші күнінің де бітуіне сәл қалды.Бүгінгі күн,менің ойымша, басқа күндерден өзгеше болды.Біз бүгін қаладан біршама алыс қашықтықта орналасқан сүт өндіретін зауытқа жол тарттық.Бұл зауыт Родина ауылында орналасқан,осыған байланысты зауыттың шығаратын өнімдері де "Родина" деп аталады.Бұл зауыттың шығаратын өнімдері:сүт, айран,снежок,қаймақ,сүзбе және т.с.с.Ал осы өнімдердің шығуына зор үлес атқаратын сиырлардың зауытта 2700-і бар,олардың 1000 басы Канада сиырлары болып табылады.Және де осы сиырлардың арасында бірінші орындағы сиыр бір күнде 48л сүт береді.Бұл басқа сиырлардың беретін сүтінен 2 есе көп болып табылады.Осындай қызықты мәліметтер естігенімізден кейін біз сол сүт өндіретін зауыттың өзіне барып,процестің қалай өтетінін өз көзімізбен көрдік.Cодан соң,барлығымыз "Родина" атты сүттің дәмін татып көрдік.Менің ойымша,сүт өте дәмді болды және де ешқандай қоспасыз табиғи екендігі байқалды.Бірақ, бір жаманы бұл сүт тек ғана Астана қаласында сатылады екен.Осындай қызықты да әдемі жерден кейін біз тағы да бір ауылға тоқтадық.Бірақ, бұл жерде ешқандай зауыт жоқ,бұл жерде  керамика және фарфордан жасалған қол өнерінің бұйымдары бар ескі жұмыс орны ғана орналасқан. Бұл жердің иесі-Заур ата өте шебер мүсінші екен.Оның жасаған бұйымдары тек маған ғана емес, барлығына да ұнады.Ұнағандығы сонша,тіпті біз оның барлық бұйымдарын сатып алдық.Содан соң,біз автобусқа мініп,қалаға жол тарттық.Ал,қаладағы аялдамамыз-Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің музейі болды.Бұл жердегі заттардың барлығы түп нұсқа болғандықтан,барлығы қатаң қадағаланды,яғни суретке түсіруге,айтқан мәліметтерді жазып алуға тиым салынды.Сонда да менің есімде біршама мәліметтер қалды.Мұражай Президент Жарлығымен 2004 28 тамызында құрылған.Оның экспозицияларында бейнеленген негізі идея – республиканың мемлекеттік егемендігінің қалыптасуы және Тұңғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз демократиялық мемлекет құрудағы тарихи рөлі болып табылады.Бұл жерде көбінесе: президентіміздің басқа ел өкілдерінен алған медальдары,ордендері,сыйлықтары мен мақтау грамоталары орналасқан.Бұл жерде де маған өте қатты ұнады.Бір сөзбен айтқанда,бүгінгі күн менің есімде "Ең қызықты күн" ретінде қалды.

4.07.2013   22:00

"Родина" сүт зауыты

Заур мүсіншінің жасаған бұйымдары