«Мұзды жарып шыққан гүл»
«Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының кезекті бөлімін бүгін Ұлттық арнада сағат 15.55-те көріңіз.
«Мұзды жарып шыққан гүл» телехикаясының кезекті бөлімін бүгін Ұлттық арнада сағат 15.55-те көріңіз.
Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Беларусь Республикасының Бас әскери прокуроры Александр Драницамен және Беларусь Республикасы Жоғарғы Соты Төрағасының орынбасары – әскери алқаның төрағасы, аға әділет кеңесші Сергей Кондратьевпен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Бас әскери прокуроры, генерал-лейтенант Ерғали Мерзадинов те қатысты.

Келеңсіздіктерге тап болған отбасы... Бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:45-те «Келін» телехикаясын тамашалаңыздар.
Владимир Никитенко жылдам гол соғуды тапсырса керек, «Ақтөбе» командасы бірден алға ұмтылды. Сергей Давыдов қарсыластарды сыға жүріп қорғанысқа бар күшін салды. Әуелде қазақстандықтар басым көрінген, бірақ көп ұзамай норвегиялықтар шабуылдай бастады. Кенет қақпаға қарай тебілген доп ыршып барып Эспен Стандальдің аяғына түсіп еді, тәжірибелі футболшы мүмкіндікті қалт жібермеді.
Қарымта ойын 25 шілдеде Ақтөбеде өтеді, басталуы 22:00-де.
«Хедд» (Хедд, Норвегия) — «Ақтөбе» (Ақтөбе, Қазақстан) 1:0 (1:0)
Гол: Стандаль 28 (1:0)
Ескерту: Эурнес 70 — Логвиненко 50
«Хедд»: Лье, Латифу, Тёрнквист (к), Молту, Брандаль, Нильсен, Эурсенс, Сандаль, Хелланд, Стандаль (Эртсос 78), Магнуссен
«Ақтөбе»: Сидельников, Мулдаров, Харабара, Бадло (к), Давыдов (Лисенков 82), Хайруллин, Примус, Тағыберген (Мирошниченко 46), Кенжесариев, Логвиненко, Ковальчук
Бас төреші: Ставрос Трицонис (Грекия)

АСТАНА. 18 шiлде 2013, 15:26. BNews.kz
Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияда өтетін XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында кем дегенде 7 медаль ұтуды жоспарлап отыр, деп хабарлады жарыс алдындағы дайындық кезінде команда капитаны Серік Нұрғалиев. Бұл туралы команданың баспасөз атташесі Ринат Тасболатов ақпарат таратты.
Құрама жетекшісінің хабарлауынша, қазақстандық атлеттер кем дегенде жеті алтын медаль алуды көздеп отыр.
«Ағымдағы жылы Дүниежүзілік ойындарға бес спортшы қатысады. Үш күш спортының түрінен (бенчпресс, пушпуллифтинг, армрестлинг) өнер көрсететін Серік Нұрғалиевтен басқа жарысқа ОҚО-дан келген құқық қорғау органдары арасындағы бірнеше дүркін әлем чемпионы Асқар Жандаров (дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес), астаналық халықаралық санаттағы спорт шебері Талғат Қожабаев (дзюдо, грек-рим күресі), алматылық Абдусанат Шарафов (бокс, карате), ШҚО-дан келген ҚР спорт шебері Асхат Елубаев (дзюдо) қатысады», — делінген ақпаратта.
Аталмыш жарыс 2013 жылдың 1-10 тамыз аралығында Белфаст қаласында (Солтүстік Ирландия) өтеді. Шарада 70 мемлекеттен келген 10 мыңға жуық спортшы 56 спорт түрінен сайысқа түседі.
«www.bnews.kz».
Акакиос Какиашвилистің 14 жыл бұрынғы рекордын әлі ешкім жаңартқан жоқ
Уақыт өткен сайын адамзат өз мүмкіндігінің жаңа бір белесін бағындырып, соны игіліктерді игеруден жалыққан емес. Бұрынғы бабаларымыздың түсіне кірмеген бүгінгі технологиялар соның жемісі. Десек те, жапырақтай бұйым арқылы бүкіл әлемді көз алдына келтірген бүгінгі жетістік адамзат дамуының шегі болмасы анық. Өйткені қазіргі таңда қандай саладан болсын, тек өрлеуді, алға басуды көреміз. Соның ішінде спорттың жөні бөлек.
Иә, қоршаған ортаның көз ілеспес жылдамдықпен дамуы спортқа да айтарлықтай әсерін тигізді. Керек десеңіз, бүгінде құр алтынмен әлемді таң қалдыру қиын. Соны ескерген спортшылар бар күш-қайратын, ынта-жігерін сарқып сайысқа түсетін болды. Нәтижесінде, бұрын мүмкін болмаған межелер бағынып, жарыс сайын рекордтар жаңаруда.
Осы ретте біз бүгін ауыр атлетикадағы рекордтар жөнінде сөз етпекпіз. Себебі, аталмыш спорттағы әлемдік рекордтарда біздің де үлесіміз бар. Газетіміздің өткен сандарының бірінде дәл қазір ауыр атлетикадан Азия мен Еуропаның мықты екенін айтқан болатынбыз. Ендеше рекордтық көрсеткіштер де сол құрлықтың өкілдеріне тиесілі екені даусыз.
Деректерге сүйенсек, тарихы тереңнен бастау алатын ауыр атлетика ежелгі грек жерінде пайда болған. Сол себепті, аталмыш спорт түрі 1896 жылғы Афиныда өткен алғашқы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енгізілді. Аталмыш додаға ауыр атлетика бойынша бес елден небәрі алты спортшы ғана қатысқан екен. Ойын кезінде олар қос жаттығу бойынша (штанганы бір қолмен және екі қолмен көтеру) сайысса, 1898 жылғы Венада өткен алғашқы әлем чемпионатында атлеттер 14 жаттығу бойынша күш сынасқан. Сондай-ақ, алғашқы жарыстарда сайысқа қатысушылардың салмағы ескерілмегенін айта кетейік.
Содан бері бұл спорттың тәртібі мен ережесі сан мәрте өзгеріп заманға сай жаңарып отырды. Қазіргідей қос сайыс бойынша (жұлқа және серпе көтеру) сынға түсу ережесі 1973 жылы бекітілсе, бүгінгі ерлер арасындағы сегіз салмақ дәрежесі 1998 жылы қабылданды. Яғни, соңғы рекордтық көрсеткіштер де сол жылдан бастау алады. Негізі ауыр атлетикада рекорд орнату үшін жекелеген жаттығуларда бұрынғы көрсеткіштен 500 грамға артық көтерсең жетіп жатыр. Ал, қоссайыс нәтижесі бойынша 2,5 келіге артық салмақты еңсеру қажет. Ендеше алыптар бағындырған асуларға назар аударайық.
56 келідегі әлем рекорды үш дүркін Олимпиада (1996, 2000, 2004), бес дүркін әлем (1994, 1998, 1999, 2001, 2003) және алты дүркін Еуропа (1999, 2000, 2001, 2003, 2005, 2008) чемпионы, атақты түрік зілтеміршісі Халил Мутлудың еншісінде. Ол 2001 жылы Анталияда өткен Әлем чемпионатында жұлқа көтеруде 138 келіні бағындырып әлем рекордын жаңартты. Ал, серпе көтерудегі рекордтық көрсеткіш сол жылы Тренчин қаласында жалауы желбіреген Еуропа чемпионатында тіркелді. Ол кезде Х.Мутлу 168 келілік зілтемірді төбесінен асырған болатын. Қоссайыс қорытындысы бойынша әлем рекорды да аталмыш спортшыға тиесілі. 2000 жылғы Сидней олимпиадасында жалпы есепте 305 келіні көтерген ол әлем және Олимпиада рекордына түзету енгізді. Бұдан бөлек, жұлқа көтеру бойынша Х.Мутлудың еншісіндегі 137 келілік Олимпиада рекордын да (Сидней, 2000) әзірге ешкім өзгерте қойған жоқ. Тек былтырғы Лондон додасында солтүстіккореялық Ом Юн Чол серпе көтеруде 168 келіні бағындырып, жалқы жаттығу бойынша Олимпиада рекордын жаңартуға шамасы жетті. Бұл салмақты түрік атлеті бұдан 11 жыл бұрын бағындырып қойғанын жоғарыда айтып өттік.
Бүгінгі таңда жеңіл салмақтарда Қытай мен Солтүстік Корея атлеттерінің дәурені жүріп тұр. Десек те, 13 жыл бұрынғы Мутлудың рекордтық нәтижесін жаңартуға олардың шамасы жетер емес.
Ал, 62 келідегі әлем рекордтары толықтай аталған қос елдің өкілдеріне тиесілі. Жұлқа көтеруде 153 келініеңсерген қытайлық Ши Чжи Юннің (Измир, 2002) әлем рекорды әзірге бұзылар емес. 2002 жылғы Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен жазғы Азия ойындарында тағы бір қытай азаматы Лэ Мао Шэн серпе көтеруде182 келіні төбесінен асырып, әлем рекордын тіркеді. Ал, қоссайыс нәтижесі бойынша солтүстіккореялық Ким Ын Гуктың мерейі үстем болып тұр. Былтыр ол Лондонда жалпы есепте 327 келіні көтеріп әлем және Олимпиада рекордының иесі атанды.
Жалпы бұл салмақтағы Олимпиада рекордтарының барлығы былтыр Лондонда өткен додада жаңарды. Ким Ын Гук қоссайыс қорытындысымен қатар жұлқа көтеруде де рекордтық нәтиже көрсетсе (153 келі), серпе көтерудегі рекорд (177 келі) колумбиялық Оскар Альбейроның еншісіне жазылды.
Рекордтық көрсеткіш бойынша 62 келіде Азия мықты болғанымен, 69 келіде Еуропаның айқын басымдығын аңғаруға болады. Тіпті болгариялық Галабин Боевскийдің қоссайыс қорытындысы бойынша 14 жыл бұрынғы әлем рекордын өзгертер зілтемірші әлі табылған жоқ. 1999 жылы Афиныдағы әлем чемпионатында ол қоссайыс нәтижесінде 357 келіні бағындырған болатын. Жұлқа көтерудегі әлем және Олимпиада рекорды тағы бір болгариялық Георгий Марковтың еншісінде болса (165 келі, Сидней, 2000), серпе көтеруде қытайлық Чжан Гоч Жэннің нәтижесі (197 келі, Циньхуандао, Азия чемпионаты, 2003) әзірге үздік көрсеткіш ретінде тіркеліп тұр.
Бұл салмақтағы Олимпиада рекордтары сонау Сиднейдегі сайыстан бері жаңарған жоқ. Жұлқа көтеруде Г.Марков үздік болса, Сиднейде серпе көтеру мен қоссайыста сәйкесінше, 196 және 357 келіні еңсерген Г.Боевскийден артық зілтемірші Олимпиадада әлі шыққан жоқ.
77 келіде жұлқа көтеру мен қоссайыс бойынша рекорд қытайлық Люй Сяо Цзюньнің еншісінде. Ол былтыр Лондонда жұлқа көтеруден 175, қоссайыста 379 келіні бағындырып, әлем және Олимпиада рекордын қатар жаңартқан болатын. Ал, серпе көтеруде әлем рекорды ресейлік Олег Перепеченовке (210 келі, Тренчин, Еуропа чемпионаты, 2001), Олимпиада рекорды қытайлық Чжан Сюй Ганға (207 келі, Сидней, 2000) тиесілі.
Келесі салмақ дәрежесі 85 келі. Бұл салмақта Беларусь елінің өкілі Андрей Рыбаков екі бірдей әлем және екі Олимпиада рекордының иегері. Ол 2007 жылы Тайландтың Чиангмай қаласында өткен әлем чемпионатында жұлқа көтеруде 187 келіні ырқына көндіріп, әлем рекордын орнатты. Ал 2008 жылғы Бейжің олимпиадасында ол қоссайыс бойынша 394 келілік нәтиже көрсетіп, әлем және Олимпиада рекордына қол жеткізді. Жұлқа көтеру бойынша Олимпиада рекорды да А.Рыбаковтың еншісінде. Ол Бейжіңде 185 келілік зілтемірді төбесінен асырып, ойындар рекордына өзгеріс енгізді. Ал, серпе көтеру бойынша әлемдегі үздік көрсеткіштің иесі – қытайлық Чжан Юн. Оның осыдан 15 жыл бұрынғы рекорды әлі күнге жаңарған жоқ (218 келі, Рамат-Ган, 1998). Бұл жаттығудағы ойындар рекорды үш дүркін Олимпиада (1992, 1996, 2000), үш дүркін әлем (1993, 1995, 1998) және 1995 жылғы Еуропа чемпионы, атағынан ат үркитін грекиялық Пирос Димастың еншісінде. Оның Сиднейдегі 215 келілікмежесін әлі ешкім өзгертер емес.
Ауыр атлетикадағы Қазақ елі үстемдік құрған салмақ дәрежесі 94 келі. Лондонда әлем және Олимпиада рекордтарын бірінен соң бірін жаңартқан отандасымыз Илья Ильин бұл салмақта теңдессіз екенін паш етті. Оның еншісіндегі рекордтардың жуық арада өзгеруі де екіталай. Себебі, қоссайыс бойынша әлем және Олимпиада рекорды болып табылатын Ильиннің атындағы 418 келі (Лондон, 2012) бұл салмақ дәрежесі үшін өте жоғары меже. Осы көрсеткішінен кейін отандасымыздың Гиннес әлемдік рекордтар кітабына енуі де тегін емес. Серпе көтеруде Лондонда ол бағындырған 233 келі де әлем мен Олимпиаданың үздік көрсеткіші болып тіркелді. Бұл салмақта жұлқа көтеру бойынша әлем рекорды 1999 жылғы Афиныдағы әлем чемпионатынан бері өзгерген жоқ. Сол кезде грек атлеті Акакиос Какиашвилис 188 келіні еңсерген еді. Ал, олимпиада рекорды ирандық Куруш Бакхгеридің еншісінде. Ол Сиднейде 187 келі зілтемірді көтеріп, рекорд орнатты.
105 келі салмақ дәрежесі бойынша 2008 жылы Бейжіңде белорусиялық Андрей Арямнов орнатқан әлем және Олимпиада рекордтары өзгерер емес. Ол жұлқа көтеруде 200, қоссайыс бойынша 436 келіні оңай бағындырып, рекорд орнатумен қатар Олимпиада чемпионы атанған еді. Сондай-ақ, А.Арямнов серпе көтеруден де олимпиада рекордының иесі (236 келі, Бейжің, 2008). Ал, бұл жаттығу бойынша әлем рекорды ресейлік Давид Беджанянға тиесілі (238 келі, Белгород, 2011).
Ең ауыр салмақтағы рекордтар толығымен парсы зілтеміршілерінің еншісінде. Соның ішінде атақты Хоссейн Резазаде әлемнің екі, Олимпиададағы үш рекордтың да иегері. Оның 2004 жылғы Афины олимпиадасындағы серпе көтеруден қол жеткізген нәтижесі (263 келі) әлем және Олимпиада рекорды болып тіркелді. Сондай-ақ, Сиднейдегі қоссайыс бойынша көрсеткіші де (472 келі) әлем мен Олимпиада рекордтарына түзету енгізді. Айта кетер жайт, Х.Резазаде Афины олимпиадасында жалпы есепте 473,5 келіні бағындырған болатын. Дегенмен, жоғарыда айтқан ережеге сәйкес, ол ресми түрде рекорд болып саналмайды. Жұлқа көтерудегі Олимпиада рекорды тағы аталмыш спортшының еншісінде (212 келі, Сидней, 2000). Ал, бұл жаттығудағы әлем рекорды, Х.Резазаденің шәкірті, Бехдад Салимиге тиесілі. Ол 2011 жылы Парижде өткен әлем чемпионатында жұлқа көтеруде 214 келіні бағындырып, ұстазының рекордын жаңартқан болатын.
Американдық теннисші қыз Серена Уильямс ESPN телекомпаниясының әйелдер арасындағы жылдың үздік спортшысына табыстайтын ESPY жүлдесіне ие болды.
WTA рейтингісінде топ бастап келе жатқан Серена өткен күнтүзбелік жылда екі бірдей «Үлкен дулыға» жарысын (US Open-2012 және «Ролан Гаррос»-2013), Олимпиада ойындарын және WTA қорытынды турнирін ұтып алған болатын. Серена 2003 жылы да осы сыйлыққа ие болған еді. Ол сондай-ақ ESPN тағайындаған үздік теннисші қызға берілетін марапатты да иеленіп отыр. Өткен жылы бұл сыйлықты ресейлік қыз Марина Шарапова иеленген еді. Ал ерлер арасында үздік теннисші атағы осымен екінші рет серб Новак Джоковичке бұйырып отыр.
Ерлер арасында барлық спорт түрінен жылдың үздігі болып баскетболшы Леброн Джеймс аталды. Ол ойнайтын «Майами Хит» клубы үздік команда болып танылды. Одан бөлек Леброн осымен үшінші рет НБА біріншілігінің үздік ойыншысы атағына да ие болып отыр.
Үздік Халықаралық атлет атағына ямайкалық желаяқ, қазіргі таңдағы әлемдегі ең жылдам адам Усэйн Болт лайық деп танылды. НХЛ тұрақты хоккей біріншілігінің үздік ойыншы атағы канадалық «Питтсбург Пингвинз» капитаны Сидни Кросбиге бұйырса, ал MLS футбол чемпионатында «Нью-Йорк Ред Буллз» клубының шабуылшысы, атақты француз ойыншысы Тьери Анри оза шықты.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Футбол жаңалықтары назарларыңызда:
«Челси» Луиз Густавоға құда түспекші

Лондондық »Челсидің» басшылығы »Баварияның» сапында жүрген Луиз Густавоға құда түспек.
Бразилиялық қорғаушы жуық аралықта кетудің аз-ақ алдын да тұрған нигериялық Джон Оби Микелдің орнын баспақ, дейді talkSport.
Басылымының таратқан ақпары бойынша, «Челси» Густаво үшін 16 миллион фунт стерлинг ұсынуға дайын. «Ақсүйектердің» бас бапкері Жозе Моуринью аталған ойыншыға қатты қызығушылық білдіріп, Бразилия ұлттық құрамасының сапында жүріп Конфедерация Кубогін иеленген ойыншыны өзіне алдырмақ.
Неймар «11″ нөмірмен өнер көрсететін болды

«Барселонаның» жаңа шабуылшысы Неймар қай нөмірде өнер көрсететінін түпкілікті шешкен көрінеді. Каталондықтардың қатарында қай нөмірмен өнер көрсетеді екен?
Ертеректе »11″ нөмірлі жейде Тиага Алькантараның иелігіне жататын, алайда, аталған жартылай қорғаушы мюнхендік «Баварияға» ауысып кетті.

Тағы бір айта кетерлігі, Пеледен кейін туылған көп таланттардың бірегейі ұлттық құрама сапындағы өзі өнер көрсетіп жүрген «10″ нөмірді «11″-ге ауыстырмақ.
Негредо »Манчестер Ситиге» ауысты

Испандық талантты шабуылшы Альваро Негредо ресми түрде »Манчестер Ситидің» жейдесін киді. «Севильядан» ауысып барған 27 жастағы футболшы баспасөз-конференциясында таныстырылып, ағылшындық клубтың жанкүйерлерінен жылы лебіз естіді.
Испандықтың ауысым құны 25 миллион еуроға түскен. Ойыншының бір жылдық жалақысы 4,5 миллион еуроға келісілген.
Өткен маусымда Негредо испандық клуб сапында 36 ойын өткізіп, 25 гол соққан екен. Испания құрамасында 14 ойын өткізіп, 6 мәрте көзге түсіпті.
Халк «Монакоға» өтпек

Санкт-петербургтік «Зениттің» шабуылшысы Халк бүгінгі күні, 18 шілдеде «Монакомен» келісімге отырмақ.
Хабарланып отырғандай, 1 Лигаға қайта оралған француз командасы ресейлік басшылықпен арада ойыншының трансферлік құнын келіске салып, 52 млн фунтқа бағалаған.
Естеріңізде болса, бразилиялық ойыншы «Зенитке» 2012 жылы «Портудан» 60 млн еуроға ауысып барған болатын.
»Реал» жейделерінің артына жанкүйерлердің суреті түспек

Испания құрамасы мен мадридтік «Реалдың» қақпашысы Икер Касильяс жанкүйерлерді клуб акциясына шақыруда — ойыншылардың арқалығына сүреттерді жабыстыру.
2013/2014-маусымның жаңа жейдесін алған жанкүйерлерге аталған клуб жейдесімен түскен суреттерді сұратуда. Ең үздіктері ойыншылардың арқалығына түспек. Және дәл осы жейделерде «Реал» ресми ойындарды өткізеді.
«Роналду» пиццасы — Шотландияда

Шотландияда италиялық «Bella Napoli» мейрамханасының аспазшысы Доминик Кролла керемет бір бастамаға мұрындық болып, аты аңыз ойыншының кескіні түскен пиццаларды дайындай бастаған.
Бүгінгі таңда Кролла пиццаларға Криштиану Роналду, Барак Обама, Мэрилин Монро, Рианна мен Робби Уильямстің бейнелерін түсіруде, деп хабарлайды Marca.
Владимир Дядюн - Универсиаданың ең үздік ойыншысы

Қазанда өткен 27-ші дүниежүзілік студенттер ойынында футбол жарыс түрінің ең үздік ойыншысы болып мәскеулік «Динамо» командасының ойыншысы Владимир Дядюн танылды, деп хабарлайды Р-Спорт.
25 жастағы Дядюн болып өткен Универсиаданың 6 ойынына қатысып, 5 гол соққан.
Футбол жарысында француздар ҰлыБританияны 3:2 есебімен тізе бүктірсе, үшінші орын үшін болған таласта ресейліктер жапондарға 0:3 есебімен есе жіберіп қойды.
сурет: footballhd.ru; skysports.com; eurosport.ru
Дайындаған: Фараби Арыстанбек
11-ші сынып бітірген атыраулық Гауһар Зайденова Байқоңыр қаласында өткен ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық тоғызыншы ғылыми жобалар жарысында зымыран жанармайының жаңа түрін ойлап тапты. Жас ғалымның еңбегіне ресейлік мамандар назар аударып, жұмысын алып қалып, ары қарай зерттеу жүргізбекші екен. Байқау жайлы және де болашақтағы жоспарларымен Гауһардың өзі бөлісіп отыр.

- Сәлем, өзің жайлы айтып өтсең?
- Сәлем! Мен Атырау қаласында 1996 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келдім. Отбасымда әкем, анам, ал менен кейін екі сіңілім және інім бар. Кішкентайымнан зерек бала болып өстім, 1,5 жастан бастап жүріп, сөйлей бастадым. Оқуға деген қызығушылық бала кезімнен бар.
- Техникалық гимназияға түсу өзіңнің қалауың ба, әлде ата-анаң кеңес берді ме?
- Ата-анамның кеңесімен осы мектепке 1-сыныптан бастап емтихан тапсырып түстім. Бастауыш сыныптан бастап оқу озаты болдым. Барлық пәндерді сүйіп оқыдым. Бірақ 8-сыныптан бастап химия пәніне қызығушылығым туды, есеп шығаруды жақсы көрдім.
- Мектепте сүйікті мұғалімдерің бар ма?
- Ең сүйікті мұғалімім осы химия пәніне жол салып берген Мұраттолаева Рабиға Мұраттолақызына алғысым шексіз.
- Олимпиадаға апарған зерттеу тақырыбыңды қалай таңдадың? Зерттеу процесін қалай жүргізгеніңді айтып берсең?
- Химия пәнінің мұғалімдері менің химияға деген қызығушылығымды көріп, ғылыми жұмыс бастауға ақыл-кеңес берді. Зерттеу жұмыстарын Атырау мұнай және газ өндіру зауытындағы лабораториясында жүргіздім. Екі жылдай үзбей еңбектеніп, түрлі шетел басылымдарын алғызып, арнайы лабораторияларда зерттеулер жүргіздім. Ең бастысы, маған дейін зерттелмеген тақырыпқа барғым келді.

- Ал Олимпиада кездері есіңде несімен қалды? Команда мүшелері кімдер болды?
- Есімде қалған сәттер - жүлдегер атанып, сахнаға шығып жүрегімнің лүпілдегені. Жұмысымды жеке өзім қорғадым (команда мүшелері болған жоқ). Ресей ғалымдары жұмысымды жоғары бағалады.
- Сенің командаң жаңа зымыран отынын ойлап тапты десек болады, оның маңызы мен болашақтағы пайдасын түсіндіріп өтсең?
- Бұл жанармайының маңызы - температура қаншалықты жоғарыласа да қатпай, өзінің бойындағы сапасын жоғалтпайды.
- ҰБТ-дан босатылғаныңда бір жеңілдеп қалған шығарсың? Ресей Университеттеріне оқуға да мүмкіндік болыпты, ҚБТУ-ды таңдауыңа не себеп болды?
- Иә, әрине, ол әрбір 11-сынып оқушысының арманы шығар (күліп). Ата-анамның кеңесімен осы университетті таңдадым. Өйткені қазірше өз елімде болғым келеді. Ал болашақта мүмкін оқуымды шетелде жалғастырармын.
- Бос уақытыңда немен айналысасың?
- Бос уақытымда спортпен айналысамын. 9 жасымнан бастап көркем гимнастикамен шұғылданамын. Көптеген жарыстардың чемпионымын, Қазақстанның құрама командасының мүшесімін, спорт шеберлігіне үміткерімін. Сондай-ақ әдеби кітаптарды сүйіп оқимын.



- Болашақта өзіңді қандай мамандық иесі ретінде көресің?
- Болашақта мамандығымды химия саласымын байланыстырғым келеді. Ғалым болсам деп армандаймын.
- Өмірлік ұстанымың қандай?
- Өмірлік ұстанымым - алға қойған мақсатыма жету.

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева
![]()
Редакцияның рұқсатынсыз материалды өзге сайттарға көшіруге жол берілмейді
![]()
Отбасындағы түсінбеушіліктен басталған кикілжің немен аяқталмақ? «Алғашқы махаббат» телехикаясын бүгін, сағат 19:30-да тамашалаңыздар.