Алыптар бағындырған асулар
Акакиос Какиашвилистің 14 жыл бұрынғы рекордын әлі ешкім жаңартқан жоқ Уақыт өткен сайын адамзат өз мүмкіндігінің жаңа бір белесін бағындырып, соны игіліктерді игеруден жалыққан емес. Бұрынғы бабаларымыздың түсіне кірмеген бүгінгі технологиялар соның жемісі. Десек те, жапырақтай бұйым арқылы бүкіл әлемді көз алдына келтірген бүгінгі жетістік адамзат дамуының шегі болмасы анық. Өйткені қазіргі таңда қандай саладан болсын, тек өрлеуді, алға басуды көреміз. Соның ішінде спорттың жөні бөлек. Иә, қоршаған ортаның көз ілеспес жылдамдықпен дамуы спортқа да айтарлықтай әсерін тигізді. Керек десеңіз, бүгінде құр алтынмен әлемді таң қалдыру қиын. Соны ескерген спортшылар бар күш-қайратын, ынта-жігерін сарқып сайысқа түсетін болды. Нәтижесінде, бұрын мүмкін болмаған межелер бағынып, жарыс сайын реко…