«Қазақтелеком» ұсынған «бұлттық» қызметтер бизнесіңізді оңынан жүргізеді!...
… және табысты етеді. Бизнес барысын оңтайландыру үшін заман ағымына ілесуге және жаңа технологияларды пайдалануға жағдай жасаймыз. Бізге Microsoft Hosted Exchange және Microsoft SharePoint сияқты екі жаңа «бұлттық» технология туралы сауалдар жиі жолданады. Осы технологиялармен сіздерді жақын таныстырамыз және сауалдарыңызға жауап береміз!
Microsoft Hosted Exchange– бағдарламалық жасақтаманы таратудың жаңа үлгісі бойынша (SaaS) қызмет көрсететін корпоративтік пошта платформасы. Бұл технология бағдарламалық жасақтаманың жалдау ақысын ғана төлей отырып, пошта қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.
Microsoft Hosted Exchange – тек бағдарламалық жасақтаманы жалдаудың ақысын төлей отырып, поштаны пайдалануға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтаманы (SaaS) таратудың жаңа моделін ұсынатын корпоративтік пошта платформасы.
Microsoft Hosted Exchange мүмкіндіктері:
- Электрондық пошта;
- Бір пошта жәшігі арқылы барлық байланыстарды басқару және міндеттерді атқару;
- Пайдаланушылар тобына арналған құжаттар мен міндеттерге қосылу;
- Пайдаланушылардың жұмыс кестесінің ортақ күнтізбесі;
- Мәліметтердің бір орталықта сақталуы;
- Мәліметтердің түрлі құрылғылардың арасында сәйкестендірілуі;
Microsoft Hosted Exchange сервис-платформасының басымдықтары:
- Шығысты азайту (жабдықтарға және бағдарламалық жасақтамаға қаржы салудың қажеті жоқ);
- Сервиске қосылудың ыңғайлы мүмкіндігі (дүниежүзі бойынша және кез-келген құрылғыдан – дербес компьютер, планшет компьютер, смартфон, ноутбук)
- Ыңғайлы интерфейс және қарапайым әкімшілік басқару;
- Бірлескен жұмыстың тиімділігі мен еңбек өнімділігінің артуы;
- Электрондық хат-хабарлардың архивациясы;
- Кәсіпорын желісінде және одан тыс жерлерде электрондық жазбалардың құпиялығы
- Антивирустық және антиспамдық қорғаныс;
- Outlook бағдарламасы арқылы жұмыс (барлық модикациямен).
Пошта қызметтеріне компьютерге орнатылған Microsoft Office Outlook қосымшасының көмегімен немесе Outlook Web Access (OWA) веб-интерфейсі арқылы қосылуға болады.
Exchange Server қызметіне қосылу үшін пошта клиентіңіздің немесе Microsoft Outlook Express жүйесінің баптамалары туралы ақпарат алу мақсатында мына беттерге өту керек: Хостинг > Баптама және әкімшілік басқару > Exchange (http://www.idhost.kz бетіндегі қолданушының жеке кабинеті).
Бір пошта жәшігі үшін ай сайынғы төлем 1 000 - 2 000 теңгенің аралығында (конфигурацияға байланысты). Сондай-ақ Basic Free тарифі бар, бұл тариф аталмыш қызметке 7 күнтізбелік күн бойы тегін қосылуға мүмкіндік береді.
Microsoft SharePoint – Office жүйесінде еңбек өнімділігін арттыруды және контентті басқаруды қамтамасыз ететін бірлескен жұмысқа арналған платформа.
Microsoft SharePoin мүмкіндіктері:
- Сайттар – заманауи кәсіпорындардың жұмыстары үшін қажетті және веб-порталдардың, корпоративтік сайттар мен кіріктірілген қосымшалардың мүмкіндіктерін қамтитын порталдар жасау құралы.
- Қоғамдастықтар мен желілер – SharePoint адамдарға бірлескен жұмыстардың барысын өздеріне ыңғайлы жолмен ұйымдастыруға мүмкіндік беретін кешенді және икемді платформа ұсынады.
- Контентті басқару – SharePoint контентті, әлеуметтік желілерді дәстүрлі басқарудың мүмкіндіктерін біріктіріп, әрбір қызметкер пайдалана алатын корпоративтік контентті басқарудың біртұтас платформасын ұсынады.
- Корпоративтік іздеу – SharePoint платформасының іздеу функкциясы қызметкерлерге өз жұмыстарына қажетті мәліметтер мен ақпараттарды дер кезінде табуға көмектеседі.
- Бизнес-аналитика – SharePoint ұйымдарға жұмысты басқаруға және түрлі дерек көздерден ақпараттар алуға көмектесетін бизнес-аналитиктердің кең мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді.
- Қосымшалар конструкторы – SharePoint бірлесіп жұмыс істеу үшін қажетті бизнес-шешімдерді тез тұжырымдау, біріктіру үшін қолдануға болатын стандарттық функционалдық жиынтық.
Microsoft Hosted SharePoint басымдықтары
- Қажетті ақпараттар мен ресурстарға қолжетімділік;
- Microsoft өнімдерімен жеңіл үйлесім;
- Пайдаланушылық қолжетімділікке, құқықтарды авторизациялауға және функционалға толық бақылау жасау:
- Форум түріндегі пікірталас алаңдарының көмегімен бизнес-коммуникацияның тиімділігін арттыру:
- Виртуалды кездесулер ұйымдастыру және автоматтандырылған жұмыс үрдісін құру мүмкіндігі арқылы іссапарлар шығынын азайту.
Microsoft Hosted SharePoint қызметінің ай сайынғы төлемі 6 000 - 16 000 теңгенің аралығында (порталдың көлемі мен қолданушылардың санына байланысты). Сондай-ақ,
Basic Free тарифі бар, бұл тариф аталмыш қызметке 7 күнтізбелік күн бойы тегін қосылуға мүмкіндік береді.
Қолданушының жеке кабинеті арқылы қызметті басқарудың жолы (http://www.idhost.kz) – Хостинг > Баптама және әкімшілік басқару > SharePoint.

Қос қызметті бірлесіп пайдалану Сізге уақытты да, басқа да ресурстарды үнемдеуге мұмкіндік беріп, бизнесіңізді оңтайландырады, жұмыс процесін ыңғайлы және жайлы етеді.
Сауалдарыңыз болса, мына телефондарға хабарласыңыздар:
8 (727) 2 274 276 (Байланыс орталығы)
8 (727) 2 278 509 (Сату орталығы)
8 800 080 01 88 (тәулік бойы қолдау көрсету қызметі, Қазақстан бойынша қоңырау тегін)
Skype: idhost
