Мазмұнға өту

Жаңа

Қаржы полициясының жалған кәсіпкерлікпен күресі нәтижесінде бюджетке түсетін салықтарды көбейтті

Қаржы полициясы агенттігі алқасының отырысы жалғасуда.
Алқа отырысында сөз сөйлеген Агенттік Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомстваның жалған кәсіпкерлікке, заңсыз банкроттылық пен қосымша құн салығын қайтаруға қарсы күрес бойынша жұмысының нәтижелеріне тоқталды.
Оның айтуынша жалған кәсіпкерлік пен жалған мәмілелер жасау фактілерін анықтау 5 есе артқан.
Жалған мәмілелер жасау үстінде ұстау 3 есеге дейін көбейген.
Нәтижесінде екінші деңгейлі банктерде қолма-қол ақшаға алмастырылған қаражаттың соммасы 605 млрд.теңгеден 511 млрд.теңгеге дейін немесе 16%-ға азайған. Ал бұрын ақшаны қолма-қол ақшаға ауыстыру тұрақты түрде өсіп отырған.
Қаржы полициясының осы бағыттағы жұмысының жандануы сонымен қатар шағын және орта бизнестен бюджетке түсетін салықтардың 27%-ға артуына өз әсерін тигізді (850 млрд.-тан 1,1 трл. Тенгеге дейін).
3 есеге дейін жалған және қасақана банкроттылық фактілері бойынша қылмыстарды ашу өскен, бұл мән-жайлар банкроттыққа түсетін кәсіпорындардың бюджет алдындағы қарызының 45%-ға немесе 32 млрд.теңгеден 17 млрд.теңгеге дейін төмендеуіне ықпал етті.
Бюджеттен қосымша құн салығын заңсыз кері қайтару қылмыстарын анықтау 2,5 есе көбейген. Бұл бюджеттен қайтарылатын соммалардың азаюына әкеліп соқты. Егер 2012 жылы кәсіпкерлерге бюджеттен 450 млрд.теңге қайтарылсы, осы жылдың 6 айында тек 83 млрд.теңге қайтарылған.

0
0
390

Қаржы полициясы агенттігінің алқа отырысы

Бүгін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес (қаржы полициясы) агенттігінің 2013 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша алқа отырысы басталды.

Отырысқа Агенттіктің орталық аппараты мен аумақтық бөлімшелердің басшылық және жеке құрамдары конференбайланыс арқылы қатысуда.

Алқаның жұмысын ашқан Агенттік Төрағасы Рашид Түсіпбеков былай деді: «Бірінші жартыжылдық бойынша жұмыстың нәтижелері біздің барлық негізгі бағыттар бойынша жағымды көрсеткіштерге қол жеткізгенімізді растайды».

Р.Түсіпбековтің айтуынша ауыр және аса ауыр қылмыстарды ашу 25%-ға өскен, сыбайлас жемқорлық қылмыстар 8%-ға көп анықталған. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны 20%-ға артқан.

Жылдың басында жүйелі сыбайлас жемқорлық түсінігі қайта қаралған болатын. Нәтижесінде жергілікті жерлерде жұмыстың бағыты ұсақ қылмыстардан жемқорлықтың қауіпті және ұйымдасқан нысандарын анықтауға бұрылды.

Нәтижесінде жүйелі жемқорлық фактілері бойынша 221 қылмыстық іс қозғалды.

Әзірленген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің төл құжаттары да өзінің жағымды нәтижелерін берді. Олар бойынша өткен жылмен салыстырғанда 9-есеге көп қылмыстық істер қозғалды.

Өткен жылы экономика саласындағы қылмыстардың бір бөлігі декриминализацияланды. Қаржы полициясы өз жұмысын қауіптілігі жоғары экономикалық қылмыстарды ашуға бағыттады. Осындай фактілер бойынша 3198 қылмыстық іс қозғалды. Олардың барлығы дерлік (92%) көлеңкелі экономика саласына жатады.

Ұйымдасқан қылмыстық топтармен күрес бағытында да жағымды өзгерістер орын ала бастаған. Осы санаттағы 26 қылмыстық іс қозғалған. Бұл өткен соңғы жылдың қосарланған көрсеткішінен асады.

 
0
0
388