Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандық шабандоздар Достастық Кубогын жеңіп алды

Ресей Федерациясы Рязань облысы Спасск-Рязаньский қаласында 27-28 шілде аралығында өткен халықаралық додада сәйгүліктер сынға түсті, деп жазады Sports.kz kazequestrian.org сайтына сілтеме жасап.

Командалық есепте қазақстандық төрт шабандоз Қойшиев Есенаман (Үштоған), Мұқырбаев Бектас (Жары), Ереков Әнес (Жас Аққанат) пен Долгих Наталья (Чекист) жеңіске жетті.

0
0
299

Қазақстандық екі спортшы муайтайдан Еуропа чемпионы атанды

Қазақстандық муайтай шеберлері Вадим Лопарев пен Еламан Саясатов Еуропа чемпиондары атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Турнир Португалия астанасы Лисабонда өтті. Онда ересектерден бөлек, жастар да күш сынасты. Қазақстан құрамасы бұл жарысқа екі категория бойынша да спортшылар қосқан еді. Нәтижесінде жастар бес медаль, оның ішінде бір алтын алқа олжалады. 45-келіге дейінгі салмақта атыраулық Еламан Саясатов жеңіс тұғырынан көрінді. Одан бөлек тағы үш спортшы Абылай Құралбаев (48 келіге дейін), Райымбек Сембек (60 келіге дейін) және Олжас Қалижанов (71 келіге дейін) финалға шығып, алайда қарсыластарына жол беріп қойып, нәтижесінде күміс медальдарға ие болды. Тағы да бір отандасымыз Қуаныш Сауатов (75 келіге дейін) қола медальмен марапатталды. Еліміздің ересектер командасы да жаман өне…

0
0
493

Василий Ломаченко кәсіпқой боксқа өтті

Украиндық боксшы Василий Ломаченко Top Rank промоутерлік компаниясымен келісім-шартқа отырды, деп хабарлайды «Р-Спорт». Яғни ендігі кезекте боксшы мансабын кәсіпқой рингте жалғастырмақшы. Ломаченко жаңа мансабы жолында алғашқы кездесуін жартылай ауыр салмақта (57,153 келіге дейінгі) өткізетіндігі белгілі болды. Ал осыған дейін ол алғашқы кездесуде-ақ чемпиондық белбеуді иеленгісі келетіндігін мәлімдеген еді. Естеріңізге салсақ, қазақстандық бокссүйер қауым украиндық боксшымен WSB сериясы финалдық кезеңі аясындағы Ukraine Otamans пен Астана Арланс арасында елордада өткен кездесуден жақсы таныс. Ол осы кештің басты бәсекесі болған «арландардың» капитаны Самат Бәшеновпен өткен жекпе-жекте жеңіске жеткен еді. Алайда оның бұл жеңісі украиндықтарға жарыста топ жаруға мүмкіндік берген жоқ. Васил…

0
0
255

Турдың көркі — төбелес (бейне)

Бір кездері «тойдың көркі – төбелес» деген ащы сөз ауылдарда кеңінен қолданылатын мақалға айналып кеткен еді. Бүгінде футболда да «Турдың көркі – төбелес» болып тұр. Шымкенттегі кездесуден бөлек, «Тараз» – «Астана» кездесуінің соңы да төбелеске айналды. Енді бір турдан кейін футболдан Қазақстан Премьер-лигасының бірінші кезеңі мәресіне жетеді. Ал екінші кезеңнен бастап турнир кестесінің төрінен көрінген алты команда жүлделі орындарға таласса, аутсайдерлер Премьер-лигадағыөз орнын сақтап қалу үшін жанталасады. Демалыс күндері ел чемпионатының 21-туры өтіп, биылғы біріншіліктің үздіктері мен аутсайдерлері анықталып қойды. Турдың орталық кездесуі Алматыда өтті. 10 мыңға жуық көрермен жиналған Оңтүстік астананың Орталық стадионында жергілікті «Қайрат»өткен маусымның күміс жүлдегері Керекудің…

0
0
671

Сағыныш

Алмағамбетов Арыстанғали Малкеждарұлының өмір жолы мен еңбек жолымен толығырақ таныса аласыз. Толығырақ: http://el.kz/bm3751

0
0
325