Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Қарулы Күштерінің Тылы әскери міндеттілерді дайындықтан өткізді

Алматыда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Тыл бастығының басқармасына бағынысты әскери бөлімдер мен мекемелердің ұйымдастыруымен әскери міндеттілердің бір айлық жиыны өткізілді. Аталған жиын Қазақстан Қорғаныс министрінің әскери міндеттілерді жинақтау және әскери бөлімдердің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін арттыру жөніндегі бұйрығына сәйкес ұйымдастырылып отыр. Жиында әскери міндеттілер әскери және арнаулы білімдерін шыңдап, тапсырмаларды орындау барысындағы дайындық деңгейін жоғарылатып, далалық шеберлігін пысықтады.

Тыл басқармасының 12881 әскери бөліміне іріктеліп алынған әскери міндеттілер рота командирі, аға техник, жүргізуші-механик және дәнекерлеуші лауазымдарына мамандандырылды. Олар жиын барысында автомобиль техникасын уақтылы және сапалы жөндеуді ұйымдастыруға, жөндеудің озық әдістерін меңгеруге, бұзылған автотехниканы эвакуациялауға, техниканы дұрыс пайдалану мен оны ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстауға машықтандырылды.

Жиынға жалпы саны 100 әскери міндетті тартылды, оның ішінде запастағы офицерлер, сержанттар және сарбаздар санатындағы әскери міндеттілер бар. Олар Алматы қаласы мен Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінен іріктеліп алынды.

12881 әскери бөлімінің шоғырландыру ауданында орналасқан оқу-жаттығу орталықтары әскери міндеттілермен күнделікті сабақтар өткізуге арналған әскери техникалармен, жауынгерлік паркпен және оқу сыныптарымен қамтамасыз етіді. Жиын әскери бөлімдегі жеке құрамды қарсы алу пунктінен бастау алып, әрі қарай оқу-жаттығу полигонында жалғасын тапты.

– Қазіргі Қарулы Күштердің оқу-материалдық базасы мен жауынгерлік техникасы жоғары деңгейге көтерілгеніне көз жеткіздім, – дейді рота командирі аға лейтенант А. Әлімқұлов. – Осы бір ай ішінде кәсіби деңгейімізді жоғарылатуға, командирлер мен бастықтардың бұйрықтары мен талаптарын нақты орындауға машықтандық.

Әскери міндеттілердің арасында аз ғана күннің ішінде жиынға келудегі мақсатын түсініп, жүктелген тапсырмаларды тыңғылықты орындауда жоғары жетістіктерімен көзге түскендер басшылық тарапынан марапатталды.

 

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
379

Терроризм мен діни экстремизді қаржыландыруға қарсы тұру

Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков бүгін өтіп жатқан ведомствоның алқа отырысында ланкестік пен діни экстремизмді қаржыландарудың көздерін анықтау мен әшкерелеу бойынша қаржы полициясының жұмысының жандануы туралы атап өтті.

Алғаш рет қаржы полициясы шет елде ланкестік қаруланған топтың құрамында соғысып жүрген тұлғаны қаржыландыруды әшкереледі.

Радикалдық діни ағымдарды қаржыландыруға қатысы бар 16 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды.

Экстремизм мен данкестіктің жақтастарына қатысты 68 қылмыстық іс қозғалды.

Ақтөбе және Маңғыстау облыстарында есіртке заттарының заңсыз айналымынан табылған ақша қаражаттарын заңдастыру фактісін әшкереленді (15 млн.теңгеден астам сомаға 100 кг астам марихуана, 1 кг астам герион).

Ведомство басшысы Рашид Түсіпбеков осы бағыттағы жұмысты күшейтуге тапсырма берді.

 
0
0
467

Қаржы полициясы талдау жолымен жалпы залал мөлшері 70 млрд.теңгені құрайтын 200-ден астам қылмысты анықтады

«Жұмысымыздағы басымдықтарды қылмыстардың алдын-алу мен оларды болдырмауға бағыттап, біз қылмыстарды бастапқы сатыларында, яғни, мемлекетке залал келтіруге жеткізбестен анықтай бастадық» - деді Қаржы полициясы агенттігінің Төрағасы Рашид Түсіпбеков ведомстваның қазір өтіп жатқан алқа отырысында.

Агенттік Ахуалдық орталығының жұмысының арқасында жыл басынан 1,5 млрд.теңге бюджет қаражатын мақсатсыз жұмсалудан сақтап калды.

Талдау материалдарының негізінде жалпы залал мөлшері 70 млрд.теңгені құрайтын 200-ден астам қылмыстық іс қозғалды.

Мысалы, Ақтөбе облысындағы мемлекеттік сатып алуларды мониторингілеу барысында бюджет қаражатын ұрлау және жалған кәсіпкерлікпен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі әшкереленді. Олардың қызметінен мемлекетке 16 млрд.теңге залал келтірілген.

«Жұмыстағы осындай ұстаным бизнестің қызметіне заңсыз араласуды барынша азайтуға мүмкіндік берді, себебі қылмыстар кабинеттен шықпай ашылады.

Егер 2011 жылы осындай 18 факт орын алса, 2012 жылы – 6, ал осы жылғы 6 айда тек 1 фактіге жол берілді», - деді Р.Тусупбеков.

Алдын-алу шарасы ретінде мемлекеттік органдарға заң бұзушылықтарға жағдай жасайтын себептер мен жайларды жою туралы 275 ұсыныс енгізілді. Ол өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 27%-ға көп.

Оларды қарастыру нәтижесінде 210 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның 116 жұмыстан шығарылды.

Ведомства басшысы бұл жұмысты жалғастыруды тапсырды.

 
0
0
392