Мазмұнға өту

Жаңа

Қаржы полициясы аса ірі көлемде пара алғаны үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президентін қамауға алды

2013 жылғы 1 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Ғ.Мырзақұловты ұстады.
Оған жалпы құны 15 млрд.теңгеден асатын Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс жұмыстарын сатып алу конкурсында «Құлагер» құрылыс компаниясы» ЖШС мүдделеріне әрекет етіп, сол үшін аталған кәсіпорынның басқарма төрағасы Т.Егенбаевтан сенімді адамы – Е.Асылбеков арқылы 272 мың АҚШ доллары және 75 млн. 300 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.
«Құлагер» ҚК» ЖШС-нің басқарма төрағасы Т.Егенбаев және «Сұңқар Күзет» ЖШС директора Асылбеков те ұсталды.
Егенбаев аса ірі көлемде пара берді деп, ал Асылбеков пара алуға көмектесті деп айыпталуда.
3 тамызда Мырзақұлов пен Асылбеков сот санкциясымен қамауға, Егенбаев – үй қамауына алынды.
Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

0
0
275

Финансовая полиция за получение взятки в особо крупном размере арестовала Президента национальной компании «Қазақстан Ғарыш Сапары»

1 августа 2013 года сотрудники Агентства финансовой полиции по подозрению в получении взятки в особо крупном размере задержали Президента АО «Национальная компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» Мурзакулова Г.

Он обвиняется в том, что пролоббировал интересы ТОО «СК «Кулагер» при проведении конкурсов на строительство Сборочно-испытательного комплекса космических аппаратов на сумму более 15 млрд.тенге, за что получил от председателя правления этого предприятия Егенбаева Т. через доверенное лицо -  Асылбекова Е. взятку в сумме 272 тыс. долларов США и 75 млн. 300 тыс.тенге.

Председатель правления ТОО «СК «Кулагер» Егенбаев Т. и директор ТОО «Сункар Кузет» Асылбеков Е. также задержаны.

Егенбаев обвиняется в даче взятки в особо крупном размере, Асылбеков - в пособничестве в получении взятки.

3 августа Мурзакулов и Асылбеков с санкции суда арестованы, Егенбаев взят под домашний арест.

Уголовное дело расследуется, иная информация в интересах следствия не разглашается.

0
0
391

Астанада шаңғы-роллерден алғаш рет Ашық кубок өтеді


шаңғы-роллерден тарихымыздағы тұңғыш Ашық кубок өтеді

4 тамызда Қазақстанның елордасында шаңғы-роллерден тарихымыздағы тұңғыш Ашық кубок өтеді. Бұл туралы astana.kz сайты шаңғы жарысы федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Додаға Олимпиада ойындары-2014 спортшылары, Қазақстанның үздік шаңғышылары, соның ішінде Әлем чемпионатының жүлдегерлері Алексей Полторанин мен Николай Чеботько, командалық спринттен Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы Денис Волотка, жастар арасындағы Әлем чемпионатының жүлдегері Марк Старостин және т.б. қатысады.

«Біздің пікірімізше, чемпиондардың жақын араласуы жастарымызды жаңа спорттық жетістіктерге жетелейді. Мұндай жаппай іс-шараларды өткізу қоғамды, әсіресе жастарды салауатты өмір салтына және спортқа тартады!»,- дейді ұйымдастырушылар.

Турнирге қатысуға спортқа әуес қыз-жігіттер, ерлер мен әйелдер, ардагерлер шақырылады. Астананың Ашық Кубогы Қалалық шаңғы-роллерлік трассада (орталық парк) өтеді. Жарыс аяқталған соң келушілерге спортшылармен және ұлттық құрамамен суретке түсуге, автографтар алуға мүмкіндік беріледі.

Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, қазіргі уақытта Полторанин мен Чеботькоға басты үміт артылып отыр. Олар Сочиде өтетін қысқы Олимпиадада бас жүлдеге қол жеткізеді деп күтілуде. Сонымен қатар, құрама команда сапында назар аударарлық басқа да спортшылар бар. Бүгінгі таңда Қазақстан құрамасы бұл спорт түрінен 9 лицензияға ие болды. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 12-ге дейін арттыру жоспарланған.

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
411

«Ақтөбе» — УЕФА клубтары рейтингісінде үздік қазақстандық команда

«Ақтөбе» Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасындағы квалификацияның үшінші раундының алғашқы матчтарынан кейін УЕФА клубтары рейтингісінде ең жоғары орынға ие болды, деп хабарлады Sports.kz.

Владимир Никитенконың командасы соңғы 5 маусымда жалпы 7.500 балмен 188-ші орында, ал қарағандылық «Шахтер» 262-ші және қостанайлық «Тобыл» 330-шы орында тұр.

Рейтингті испандық «Барселона», неміс «Бавариясы» және ағылшын «Челсиі» бастап тұр.

УЕФА клубтарының рейтингісі (2 тамыз):

1. «Барселона» (Испания) — 133.314

2. «Бавария» (Германия) — 128.742

3. «Реал» (Испания) — 126.314

188. «Ақтөбе» (Қазақстан) — 7.500

262. «Шахтер» (Қазақстан) — 4.750

330-332. «Тобыл» (Қазақстан) — 3.250

351-353. «Ертіс» (Қазақстан) — 2.750

393-397. «Ордабасы» (Қазақстан) — 2.000

393-397. «Атырау» (Қазақстан) — 2.000

409-413. «Астана» (Қазақстан) — 1.750

409-413. «Жетісу» (Қазақстан) — 1.750

409-413. «Оқжетпес» (Қазақстан) — 1.750.

 


«www.bnews.kz».

   
0
0
317

«Шахтердің» қақпашысы Мокин – Қазақстан премьер-лигасының үздік ойыншысы

32-жастағы «Шахтердің» қақпашысы Александр Мокин Қазақстан премьер-лигасының шілдедегі үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

Ол чемпионаттағы жалғыз матчын «Тобылға» қарсы өткізді (2:0), ал Чемпиондар лигасында үш ойын өткізіп, қақпаға бірде-бір доп жібермеді. Сұрау салу арқылы өткізілген сайыста жеңімпаз 28 ұпай жинады.

Екінші орынды 29-жастағы «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысы Марат Хайруллин иеленді. Шілдедегі үш матчта Марат Хайруллин 3 ойын өткізіп, 2 гол соқты. Марат Хайруллиннің қоржынында 16 ұпай.

Үшінші орынға 32-жастағы «Тобыл» капитаны Нұрбол Жұмасқалиев тұрақтады. Жұмасқалиев шілдеде ел чемпионатындағы 148-ші голын соғып, Олег Литвиненконың рекордын бұзды.

Дауыс беру қорытындысы:

1. Мокин Александр «Шахтёр» — 28 (7,3,1)

2. Хайруллин Марат «Ақтөбе» — 16 (3,3,1)

3. Жұмасқалиев Нұрбол «Тобыл» — 8 (1,2,1)

4. Хижниченко Сергей «Шахтёр» — 7 (2,-,1)

5-6. Кападзе Тимур (Өзбекстан) «Ақтөбе» — 6 (1,1,1)

5-6. Сидельников Андрей «Ақтөбе» — 6 (1,1,1)

7-8. Бақаев Ұлықбек (Өзбекстан) «Ертіс» — 5 (1,1,-)

7-8. Нөсербаев Таңат «Астана» — 5 (1,1,-)

9. Каньяс Роджер (Колумбия) «Шахтёр» — 5 (1,-,2)

10. Карпович Андрей «Ордабасы» — 4 (-,2,-).

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
267

МЮ Роналду үшін 80 миллион фунт төлеуге дайын

Криштиану Роналду

«Реал Мадрид» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» қайтып оралуы мүмкін, деп хабарлайды Daily Star. Ол ақпарат бойынша ағылшын клубы 28 жасар футболшы үшін 80 миллион фунт стерлингке шығындалуға әзір.

Осыған дейін кейбір батыстық БАҚ өкілдері «Реалдың» экс-президенті Висенте Кальдеронаның Роналду мадридтіктердің қазіргі басшысы Флорентино Переспен келісе алмай жүргендігі жөнінде айтқан мәлімдемесін жазған болатын. Бейресми ақпараттар бойынша, Перес «МЮ» клубының атқарушы директоры Эд Вудвордпен португалдықтың трансферін талқылау үшін кездескен көрінеді. Алайда бұл ақпараттар әзірге расталған жоқ.

Айта кетейік, Роналду 2012/13 жылғы маусымында Испания чемпионатында 34 матчқа қатысып, 34 голмен көзге түсті. Сондай-ақ ол чемпиондар Лигасында да кездесулер өткізіп, 12 рет мергендік танытты.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: livesport.kz

 
0
0
286

Қазақстандықтар «Ақтөбе» мен «Брейдаблик» арасындағы ойынды тамашалай алмауы мүмкін


лого лиги европы

 

Исландиялық «Брейдаблик» ФК «KAZsport» телеарнасына 8 тамызда «Ақтөбе» ФК-мен өтетін матчтың тікелей көрсетілімін ұйымдастыру туралы сауалға ресми жауап берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Исландия телевидениесі аталған ойынның түсірілімін жоспарлап отырған жоқ. «KAZsport» телеарнасы телесигнал алмасу – 1 тамызда Ақтөбеден көрсетілім ұйымдастыру жөнінде ұсыныс жасаған болатын. Бірақ, исландықтар бұл ұсыныстан бас тартты.

«KAZsport» телеарнасы осы ойынды түсіріп, сигналды Қазақстанға көтеретін серіктестері арқылы Исландиядан көрсетілім ұйымдастыруды пысықтап жатыр. Қазіргі уақытта бұл көрсетілімді ұйымдастырудың құны есептелуде.

Еске сала кетсек, кеше Еуропа Лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Ақтөбе» өз алаңында исландиялық «Брейдабликпен» ойнап, 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Жауапты ойын 8 тамызда өтеді

 

«www.bnews.kz».

 
0
0
291

Асатаяқтың асылдығы

Ол заманның «дәрігерлері» – абыздар мен бақсылар болды. Ал олардың дәрілік құралдарының бірі – асатаяқ аспабы. Толығырақ сілтемеде http://el.kz/bm3192

0
0
570