«Жасай бер, қазақ» Ескендір Хасангалиевтің ән кеші. Сенбі күні сағат 21:20



Сәлем достар! Біз бүгін Қабанбай батырдың мазарына бардық.Ол жерде бізді Камал Абдрахманов есімді адам қарсы алды.Ол бізге Қабанбай батыр туралы көптеген мағлұматтар айтты. Қабанбай батыр туралы осынша көптеген мағлұматтарды жинап,оның өміріне,ерлігіне тәнті болған.Қабанбай атамыз туралы жазылған барлық мәліметтерді www.naіman.kz сайтынан біле аласыңдар.Камал Абдрахманов бізге батырымыз жайлы көптеген аңызды айтқанда,біз арамыздағы Ерасыл есімді баланың Қабанбай батырдың ұрпағы екенін білдік.Біз көптеген мәліметтермен таныс болғаннан кейін теплаходпен серуендеуге бардық.Суретке түсіп,біріз сергіп алдық.Ол жерден шыққан соң,"Атамекен" атты этногородокка бардық.Ол жерде Қазақстан елінің барлық қалаларының көркем жерлерін көрдік.Сонымен қатар Ақтөбе қаласының экспонаттарын көргенде,көңіліміз ерекше көтеріліп қалды.Бәрін аралап болған соң біз қонақ үйге қайта оралдық.
Алақай міне бүгін біз бас қаламыз Астанаға келдік!Бізді ең алғаш болып "" кмпаниясының ГИДтері қарсы алды.Олар өздерін таныстырып бізді "" қонақ үйіне апарды,ол жердің бәрмізге бірдей ұнағанына күмәнім жоқ!
Орналасып болған соң,мұғалімдер бізді Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне апарды.Бұл үлкен ғимарат біздің мектепке қарағанда біраз ерекшеліктері бар екен.Ол жердегі жаңа мағлұматтармен танысып,өзіміздің дәстүстүрлі "қара жорға" биін блеп бердік.Мектеппен танысып болған соң бізге Астананың әсем жерлерін аралатты!
Бас қаламыздың мұнша әсем желерін көргенде,мен еліміздің бас қаласының барлық Еуропалық стандарттарға сай келіп,мәртебесінің күннен күнге өсуі мен үшін қуаныш!!!!!!!!
Бүгінгі күн өте тамаша!!!!!!
Жұмысбасты жандарға таптырмас таныстыру ұйымдастырудың жаңаша формасы – speed daiting жайлы кинолардан көргенім болмаса, барып қызықтау мүмкіндігі болмаған еді.
Қыз-жігіттерді бір-бірімен таныстыру мақсатында кіші-гірім кездесулерді қазір көбінесе мейрамханаларда ұйымдастырады. Кеш жабық форматта өтеді. Википедияға назар аударатын болсақ, speed dating форматын отау тіккісі келетін жастарды бір-бірімен таныстыру мақсатында 1998 жылы Лос-Анджелестік Яков Дево ойлап тапқан. Осындай алғашқы кеш Беверли Хиллзде сол жылы Pete’s Caféде өткен екен. Көп ұзамай, бұл үрдіс табысты, бірақ жұмысбасты жалғызбасты жандарды бір-бірімен қосудың революциялық әдісі ретінде барлық әлемге тарап кеткен. Лондондағы кештер аншлагпен өтеді екен. АҚШ-та бұл сәнге айналған үрдіс, оған «Секс в большом городе», «Правила съёма: Метод Хитча», «Симпсоны» тәрізді кинолар куә бола алады.
Кеше сондай бір астаналық кештердің біріне бас сұқтым. Жалғыз емес. Қасымда екі құрбым бар. Сол жағалаудың әдемі мейрамханасында ұйымдастырылған шараға 7 қыз, 7 жігіт қатыстық. Анкета толтырып, қыздарды жеке-жеке үстел басына отырғызды. Әр таныстыққа небары 7 минут уақыт беріледі екен. Бірақ соның өзі жеткілікті көрінді маған. Сосын жігіттер келесі үстелде отырған қызбен танысуға барады.
Қатысушылардың барлығы бірінші келген қонақтар екен. Өзім тәрізді. Бірақ жас шамасы әртүрлі. Студенттер және орда бұзбаса да, жастары 30-дан асқан сүр бойдақ жігіттер де арасында жоқ емес екен. Алдын-ала аздап шарап ішкен жігіттер біраз жігер жинап қалыпты. Қимылдары, сөйлеген сөздері батыл.
Хош, сонымен алғашқы таныстығымыз да басталып кетті. Жігіт келді, сыпайы амандасты. Жүзінде ұяңдық. Жасы 24-тер шамасында деп түсіндім. Әскери қызметтегі адам, Алматыдан. Отбасысы, арман-мұраттарымен бөлісті. Кездесу жайында кездейсоқ біліп келген екен. Тіпті қайда келе жатқанын жете түсінбегенге ұқсайды.
Екінші жігіт Қытайда білім алып келген, көзінде оты бар бала, бірақ өзіне деген сенімділігі, әңгіме арасына әкесінің мықтылығы жайында біраз мақтаулар қосып жібергені бірден көңілімнен шықпады. Экспресс-кездесуге де мақсатсыз, досының шақыруымен келген екен. Қытайда оқитын, білім алып келген жастарының қауымдастығын құру ойында бар екен. Сөзіне қарағанда, бұл тиімді, әрі өзінің амбициясын іске асыруға қажетті жоба. Әңгімеміз Қытай мен Қазақстан арасындағы бірқатар даулы мәселелер төңірегінде өтті. Ертіс өзені, жер дауы, өз мигранттары үшін визасыз режимді алу үшін жан салмай жүрген саясаты және т.б.романтикалық кеште айтылмайтын әңгімелер. Белді университетте инндустрия-иннновация мамандығы бойынша оқуын тәмамдаған жігіт бұл салада қызмет еткісі келмейді екен. Өйткені, біздің елде индустрия, оның сөзіне қарағанда, мүлде дамымаған. Кешіріңіз, сонда мемлекет сізді шетелге не үшін жіберді? Озық білім алып, ел игілігіне жаратып, қалтқысыз қызмет етсін деп жібергенін қалай ұмытасыз?! Жүргізушілер уақыт өткенін хабарламағанда, біздің қызу әңгімеміз аяқталмас еді.
Тағы бір Ержан атты жігіт елордамыздағы Пирамида маңайында орналасқан фонтандардың жұмысын реттеуші (суының дұрыс шашылуын қадағалап, қосып-сөндіруші) және Еуразия ұлттық университетінің магистранты екен. Өмірге деген көзқарасы ұнады. Жастарда еш проблема жоқ дегені әсіресе. Түнде қала тұрғындары шелектеп фонтаннан үйіне су таситындығы туралы да біраз айтып күлдіріп алды. Кітап оқығанды ұнататын жігіт әжесінің ескі шатырынан Чегавара жайлы көп ақпаратқа кенеліпті.
Айбар, мен жоғарыда айтқандай, жасы 31-ден асқан сүрбойдақ жігіттің өзі екен. Жұмысы алыс-жақын жерлерге сапарлармен байланысты болғандықтан, қалыңдығын әлі күнге дейін кездестірмеген көрінеді. Осы кешке досымен бірге келуге уағдаласқанмен, соңында бір өзі ғана келіп отыр. Ақылына көркі сай, спортқа ынтық жігіт экспресс-кездесуге ақ маңдайлы келін іздеп келгенін жасырмады.
Жалғас, жасы 29-да. Қорғаныс министрлігі қатарындағы қызметкер. Әрине, әскери адам. 7 минуттың өн бойында өзі, өмірі және сүйікті хоббилері жайлы айтумен болды. Егер сіз 1 миллион ұтып алсаңыз, сүйіктіңізге жұмсар ма едіңіз деген кенеттен қойылған сұраққа еш бөгелместен, «әрине, жоқ!» деп жауап берді. Менің «сау болыңыз!» деуден басқа лажым қалмады.
Әсерлі әңгімелер де болды. Бір сұхбаттасыммен адамның бақытты сәттері туралы сыр шертіссек, енді бірімен өмірдің мәні, мағынасы жайында әңгіме өрбіттік. 7 минуттың осындай таныстық барысында аз екені білініп қалып жатты. Жаныңызға жақын жандар тапқаныңызда тіпті ерекше әсерге бөленіп, көңіліңіз сергіп қалады.
Кеш барысында қыз-жігіттер бір күнде осынша қызықты таныстыққа ие болып, түрлі эмоциялар алғандарын айтып, қуаныштарын жасырмады. Кешті «мафия» ойыны қыздыра түсті.
Ереже бойынша, кездесу соңында сіз танысқан жігіттердің есімі жазылған парақшаларға өзіңіздің «+»/«-» деген бағаларыңызды қалдырасыз. Көңіліңізден шыққан адам да сізді таңдаған жағдайда, ұйымдастырушылар байланыс орнату үшін қосымша ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.
Біраз қыз-жігіттермен бүгін хат алыстық. Жаңа дос, жаңа мұңдас, замандас дегендей.
Әрине, ұйымдастырушылардың қалт жіберген тұстары бар. Біріншіден, қатысушылардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтары ескерілмеген. Екіншіден, әр қатысушының мақсат-мүддесі назарға алынуы тиіс. Ақпарат аз, әлі де болса жастар сенімсіздікпен, бір жағынан тың дүниеге ұяңдықпен қарауы мүмкін. Сол себепті, кешке қатысам деушілер жас ерекшеліктеріне қарай іріктеліп алынуы тиіс.
Енді екінші жартыңызды іздеп, танысу сайттарында тіркелудің, хаттарға үздіксіз жауап жазудың немесе клубтардың табалдырығын тоздырудың қажеті жоқ.
Менің ойымша, мұндай шаралар жастарға аса қажет. Әсіресе, үлкен қала ритмінде өмір сүретін жандар үшін. Кеш форматын өзгертуге де болады. Мәселен, қатысушылардың қызығушылығына, хоббиіне қарай кітапханаларда, мұражай қабырғасында немесе мұз сарайында өткізуге болады. Ал ұйымдастырушылық қабілеті бар жастар үшін бұл бизнестің тың түрі.
Айтпақшы, қатысу бағасы әртүрлі, 3000 мен 12000 теңге арасын қамтиды.
P.S. Материалда кейіпкерлердің есімдері өзгертілген.
Жаңа дос тауып, жар таңдау көптен бері ойыңызда жүрсе, осындай кештерде туатын мүмкіндікті қалт жіберіп алмаңыз! Ұйымдастырушылардың парақшалары әлеуметтік желілерде бар. Сәттілік!
Хамаңның һәм Қазақтың Гүлжанына
Тойыңа досты шақырдың,
Жүрісің бөлек, тұрысың!
Хамаңдай сынды ақынның
Қызы боп туу - ұлы сын!
Оппозициялық жол қандай,
Халқыңның болдың үніндей!
Басқаға үлгі болғандай,
Сол сыннан өттің сүрінбей!
Қудалау көрдің молынан,
Орындап әке талабын -
Хамаңның түскен қолынан
Сен ұстап қалдың қаламын!
Батырға өзің ұқсадың,
Танымал елге сен – есім!
Қазақтың мұң мен мұқтажын
Орысша жазып келесің!
Қазақтың жыршыл жүрегі!
Қайтесің талап жоқтарды -
Хамитті білмей, біледі
Карзай мен Алтынтоптарды!
Ұғымды ұлттық ұлғайтсын,
Билік те, қараш тұрғанын:
Тәттіге тәнті ол қайтсін
Хамаңның ащы жырларын!
Шенеунік түсіп тайраңға,
Бұзылып кетті бүгінім.
Жеңді әкең жауды майданда,
Сен жеңдің билік былығын!
Шаршама, Гүлжан, шаршама!
Өзіңе бүгін басты идім!
Көре алмас сені баршаға
Карай бере кара «очкимен»!
Қажауды көріп молынан,
Шарықтау шекке шақ қалдың!
Мыңдардың келмес қолынан
Тірлікті өзің атқардың!
Осымен, Апа, тамаммын,
Халқыңа әркез қарастың!
Қызы боп тудың Хамаңның,
Ері боп шықтың Алаштың!

Үстіміздегі жылдың сәуірінде шабыт сыйлайтын кітаптар рейтингі құрылды. Америкалық жазушы Харпер Лидің «Қылжақбасты өлтіру» романы тізімнің бірінші орнын иеленген. АҚШ-тағы Ұлы депрессия кезіндегі расизмге қарсы күресті сипаттайтын шығарма рейтингте тіпті Інжілдің өзінен асып түскен.
Бір қызығы, The Telegraph басылымының деректеріне қарасақ, «Қылжақбасты өлтірудің» тиражы 30 миллионды құраса, Інжілдің 1815 жылдан бастап 2,5 млрд кітабы сатылған екен.
Шабыт сыйлайтын кітаптардың алғашқы ондығына Анна Франк күнделігі, Нельсон Мандела биографиясы, бейнефильмінде Леонардо Ди Каприо басты рөл сомдаған Алекс Гарландтың «Жағажай» романы және Сэлинджердің атақты «Қара бидай алқабындағы жар жиегінде» сияқты туындылар кездеседі.

Рейтинг OnePoll.com порталы жүргізген сауалнама нәтижесінде құрылған болатын. Сауалнамаға қатысушылардың оқырмандарға ең мықты шабыт сыйлайтын кітаптарды атауы қажет болды.
1. Қылжақбасты өлтіру, Харпер Ли

1960 жылғы 11 маусымда жарық көрген шығарма бірден бестселлер атанады да, келесі жылы беделді Пулитцер премиясын иеленеді. Содан бері кітаптың отыз миллионнан астам данасы сатылған екен. 1999 жылы, америкалық Кітапхана журналының сауалнамасына қарағанда, ғасырдың үздік романы аталды.
Кітаптің танымалдағына септігін Оскар иеленген фильм де тигізген. Ақ әйелді зорлауда жалған айыпталған қара нәсілді ер адамды қорғайтын адвокат Аттикус Финч рөлін атақты голливудтық актер Грегори Пек сомдаған.
2. Киелі Кітап (Таурат пен Інжіл)

Христиан ілімі Қасиетті Жазу — Библия мен Қасиетті Аңызға — шіркеу әкейлерінің айтқандарына, соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда, ерте христиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер — «игі хабарлар» арқылы таралды.
Алғашқы ғасырларда әр түрлі қауымдарда әр түрлі евангелиялар, жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған жазулар: Петр, Андрей, Варфоломей, Лука, Иоанн евангелиялары, аталған Матвейден келген евангелиялардың әртүрлі нұсқалары еді.
Бұдан басқа Петр Апокалипсисі, Павелдің лаодикейліктерге, александриялықтарға арнаған хабарлары, оның Сенекамен алысқан хаттары, Петр уағыздары, 12 апостолдар ілімі («Дидахе»), Герма «Пастрі» сияқты аян алу жанрына жататын кітаптар да кездеседі.
Христиандарды бір орталықтан басқарғысы келген император Константин епископтардан қасиетті кітаптар тізімін жасауды талап етті, сөйтіп канонды жасақтау ісін тездетті.
Пайда болған Жаңа Өсиет құрамына 4 Інжіл, апостолдардың 21 өсиеті және Иоанның Апокалипсисі кірді. Бұлардың барлығы христиандар үшін киелі кітаптар болып саналады. Ал қалғандарын шіркеулік дәстүр апокрифтік (жалған) шығармалар қатарына жатқызады.
3. Ойыншық болған бала, Дэйв Пельцер

Кішкентай Дэйвтің балалық шағы бақытты өтеді. Анасы оны жақсы көретіндігінде күмәнданбайды да. Бірақ анасының махаббаты таусылып қалады. Бірнеше жыл ішінде анасынан Дэйв аштық пен суықты, түрлі қауіпті «ойындарды» көреді. Көмек сұрар ешкімі болмаған бала қатігездікпен жалғыздан-жалғыз қалады. Бірақ берілмейді.
Балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық пен қатігез қарым-қатынас туралы ең жан түршігерлік шынайы әңгімелердің бірі. Сіз Дэйвпен бірге өмір үшін күресесіз, оның жалғыздығы мен күйінішін сезіп отырасыз, баланың қасында болып, оған көмектесуге ынтық боласыз. Бұл хикая ешкімді немқұрайды қалдырмайды.
4. Ерлер Марстан, әйелдер Шолпаннан, Джон Грэй

Психолог Джон Грэйдің 1992 жылы жарық көрген кітабы бірнеше тілде жарияланып, бірден бестселлер атанып кеткен.
Кітаптың негізінде, аты айтып тұрғандай, ерлер мен әйелдер арасындағы қарым-қатынас жатыр. Неліктен біз әр түрліміз, бірімізді біріміз түсіну үшін не істеуіміз қажет, бақытты отбасының негізін не құрайды деген сұрақтар сізді мазалап жүрсе, Джон Грэй — сіздің авторыңыз. Оның «Марс пен Шолпан кездесуде» атты ұқсас тақырыптағы тағы бір шығармасы бар.
5. Анна Франк күнделігі, Анна Франк

Бұл кітап нацизм феноменінен арылу бағытында халықаралық қоғамдық пікір қалыптастыруға ерекше әсер етті. Анна Франк 1929 жылы Франкфуртта еврей отбасында дүниеге келген, Германияда үкімет басына Гитлер келгеннен кейін оның отбасы Амстердамға көшіп кетеді. 1940 жылы неміс әскерлері Нидерландты жаулап алғаннан кейін, Франктің отбасы Принсенграхт каналындағы «баспанаға» көшуге мәжбүр болады. Сол жерде Анна ойдан шығарылған құрбысына хат жазу арқылы күнделік жүргізе бастайды. 1944 жылы бас сауғалап жүрген адамдар тұтқынға алынады. Анна 1945 жылы 16 жасында Берген-Бельзен концлагерінде қайтыс болады. Ал 1947 жылы оның күнделігі басылып шығады.
6. 1984, Джордж Оруэлл

Іштей бостандықты аңсағаны туралы өзіне ғана айта алатын жалғыз адамның бүкіл Жүйемен күресі жайлы антиутопиялық роман. Романның атауы, ондағы терминдер және тіпті автордың есімі кейіннен жалқы есімдерге айналып, романда сипатталған тоталитарлық режимге ұқсас қоғамдық жағдайды сипаттау үшін пайдаланылатын болды. Шығарма социалистік мемлекеттерде бірнеше рет цензура құрбаны болып, Батыстағы солшыл топтар тарапынан сынға алынды.
7. Бостандыққа апарар ұзақ жол, Нельсон Мандела

Жиырмасыншы ғасырдың көрнекті тұлғаларының бірі Нельсон Манделаның автобиографиялық кітабы 1994 жылы жарық көрген, үстіміздегі жылы кітап бойынша фильм де түсіріліп үлгерген.
Білім мен мінез, талап, батылдық, қиындықтар мен биік шыңдар туралы жазылған кітап. Бүгін біз Нельсон Манделаны қиын жағдайларға жағымды қарайтын, қандай жағдай болмасын өмірге деген құштарлығы мен позитивті көзқарасын жоғалтпаған адам ретінде көреміз.
8. Жағажай, Алекс Гарланд

1996 жылы шыққан «Жағажай» кітабы алғашында баспаханалардың тарапынан қолдау көрмесе де, жарыққа шыққаннан кейін бірден абсолютті бестселлер атанып кеткен.
Алекс Гарланд комикс авторы болып жұмыс істеген, кейіннен иллюстратор және фриланс журналист те болған. «Өзін іздеу» барысында кітап жаза бастайды, алайда бұл ісіне еш үміт артпайды. Аталған «Жағажай» романы автордың алғашқы кітабы.
9. Уақыт саяхатшысының әйелі, Одри Ниффенеггер

Америкалық жазушы Одри Ниффенеггердің алғашқы романы. Өзінің генетикалық ауытқуына бола уақыт ішінде саяхаттай алатын басты кейіпкер мен өнер саласында жұмыс істейтін оның әйелінің қарым-қатынасы туралы шығарма. Романды бастау кезінде Ниффенеггердің махаббатқа деген көзқарасы пессимистік болатын, Одри өзінің жеке өміріндегі оқиғаларды кітап бетіне түсірді.
Махаббат, айырылу мен таңдау мәселелерін көтеретін романдағы уақыт ішіндегі саяхаттар екі адамның арасындағы түсініспеушілік пен алшақтықты көрсетеді.
10. Қара бидай алқабындағы жар жиегінде, Джером Сэлинджер

Кітапта Холден Колфилд атты он алты жасар жасөспірім атынан бүкіл Американың жағдайы, қоғамда орын алып жатқан оқиғалар мен үрдістердің сипаты, салдары баяндалады. Автордың жас бала атынан жалпылама қабылданған мораль канондарына және қоғамда қалыптасқан тәртіптерге деген жеккөрініш көрсетіледі.
Роман ересектерге арналған шығарма болса да, жастар арасында өте танымал болып, ХХ ғасырдың екінші жартысындағы мәдениетке зор әсер беріп, өзгеріс енгізді.
Алайда Америкада роман дөрекі сөздер мен жасөспірімдердің қорқынышын бейнелегені үшін сынға алынған. Кітапқа тыйым салынған жағдайлар да кездескен.
Қызық жағдай, Джон Леннонды өлтірген Марк Чепмен қылмысынан кейін көше фонарының астына отырып, Сэлинджердің кітабын оқи бастайды. Чепменнің айтуынша, Леннонды өлтіру жайындағы шифрленген бұйрықты ол «Қара бидай алқабындағы жар жиегінде» кітабының беттерінен тапқан.
Материалды дайындаған: Айжан Байтанова
Белгілі болғандай, шілде айының бас кезінде Диего Марадонаға Дубайдың спорт саласындағы арнайы өкілі болып істеуіне мүмкіндік беретін келісімшарттың мерзімі ұзартылған болатын. Muslim.kz сайтының жазуынша, кейін ол бұрынғы нақсүйерінің туған күнін тойлау үшін Аргентинаға кетіп қалады. Осыдан кейін аргентиналық бұқаралық ақпарат құралдарында жартылай жалаңаштанған қыз-келіншектердің ортасында тұрған Марадонаның суреті жарық көреді. Көшеде кетіп бара жатып, құшақ айқастырғаны үшін адамдарды абақтыға жабу жазасы үстемдік ететін Дубайда футболшының ерсі қылығы былайғы жұрттың наразылығын тудырған еді.
Алайда, футболшымен бекітілген келісімшарт өз күшін жоймайтын болды. Келісімшартқа сәйкес ол 5 млн. доллар қаржыны қалтасына басады. Спортшының қорғаушысы айтқандай, 10 күннен соң футболшы Дубайға қайтып оралады. Әзірге оған виза аштыру мүмкін болмай тұр.
Алғашқы раундта ол ресейлік Алим Гадановтан, сингапурлік Жоэл Ценг, британдық Колин Оатес пен жапондық Масааки Фукуокудан басым түсті. Жартылай финалда украиналық Георгий Зантарайды тізе бүктірді. Ал финал кезінде жапондық Масаси Эбинума жерлесімізге есесін жібермеді.
Бұл медаль Қазақстан үшін әлем чемпионатында 60 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қол жеткізген алғашқы жүлде болып отыр.
«Катюшадан» испандық Даниэль Морено «Вуэльтаның» төртінші кезеңінде жеңімпаз болды, деп хабарлады Sports.kz.
Екінші орында Швейцария өкілі «RadioShack»- дан Фабиан Канчеллера, үшінші орынды — «Orica-GreenEdge» өкілі австралиялық Михаэль Мэттьюс иеленді.
Жалпы есепте үздік үштікте «Астанадан» итальяндық Винченцо Нибали, американдық «RadioShack Leopard» өкілі Кристофер Хорнер және ирландық Николас Роч («Saxo-Tinkoff»).
«Вуэльта», 4-ші кезең
Лейн — Фистерра, 189 км
1. Даниэль Морено (Испания, «Катюша») — 4:37:47
2. Фабиан Канчеллара (Швейцария, «RadioShack»)
3. Михаэль Мэттьюс (Австралия, «Orica-GreenEdge»)
Жалпы есеп
1. Винценцо Нибали (Италия, «Астана») — 14:15:30
2. Кристофер Хорнер (США, «RadioShack Leopard») — +0:03
3. Николас Роч (Ирландия, «Saxo-Tinkoff») — +0:08.
АСТАНА. ҚазАқпарат