Хамаңның һәм Қазақтың Гүлжанына
Хамаңның һәм Қазақтың Гүлжанына Тойыңа досты шақырдың, Жүрісің бөлек, тұрысың! Хамаңдай сынды ақынның Қызы боп туу - ұлы сын! Оппозициялық жол қандай, Халқыңның болдың үніндей! Басқаға үлгі болғандай, Сол сыннан өттің сүрінбей! Қудалау көрдің молынан, Орындап әке талабын - Хамаңның түскен қолынан Сен ұстап қалдың қаламын! Батырға өзің ұқсадың, Танымал елге сен – есім! Қазақтың мұң мен мұқтажын Орысша жазып келесің! Қазақтың жыршыл жүрегі! Қайтесің талап жоқтарды - Хамитті білмей, біледі Карзай мен Алтынтоптарды! Ұғымды ұлттық ұлғайтсын, Билік те, қараш тұрғанын: Тәттіге тәнті ол қайтсін Хамаңның ащы жырларын! Шенеунік түсіп тайраңға, Бұзылып кетті бүгінім. Жеңді әкең жауды майданда, Сен жеңдің билік былығын! Шаршама, Гүлжан, шаршама! Өзіңе бүгін басты идім! Көре алмас сені баршаға Карай б…


