Тікелей эфир

Париж бен Алматы арасында сұлулық таратқан Somerset Karine

«Көркіне ақылы сай» деп жиі айтып жатамыз, ал Somerset Karine атты дизайнерді (шын аты Карина Ысқақова) көргенде «көркіне ақылы әрі дарыны сай» деп айтқың келеді. Өйткені 24 жасында Карина өзінің алғашқы топтамасын Париждегі Луврда, кейін Алматыда сәтті көрсетіп шықты. Сондай-ақ мұндай жетістікке жеткенге дейін Париждің Дизайн және Өнер жоғарғы мектебін үздік бітіріп, магистрлік дәрежесін алып та үлгерді. Айтары мен тәжірибесі мол дарынды Каринаны әңгімеге тартып, біраз қызықты әрі пайдалы ақпаратқа қанықтық. Сонымен алдарыңызда Somerset Karine.


— Сәлем, Карин! Қай жерде туылдың? Қазір қайда жұмыс істейсің?

— Семей жақта туылғанмын. Бірақ онда тұрмадым, бірден Алматыға көшіп кеткенбіз. Бұл жерде ағылшын тіліне тереңдетілген лингвистикалық Алматы қаласының Халықаралық мектебінде оқыдым. Кейін 17 жасымда Парижге көшіп кеттім. Онда тұрып жатқаныма жеті жылдай болды. «Жиһаз дизайнері» саласында бакалавр, «Графикалық дизайн» саласында магистратураны сол жақтан бітірдім. Үш жылдай ресми түрде LVMH компаниясында Hermes сияқты ірі сән үйлеріне дизайн жасайтын негізгі дизайнер Hilton McConnico командасында жұмыс істеймін.

— Ал Парижге оқуға қалай түстің?

— Мектеп бітірісімен, он алты жасымда керекті құжаттарымды жинап, 3 кезеңнен тұратын емтихандар тапсырдым. Сосын портфолиомды сұрады. Менде ол кезде 40-50-дей түрлі стильдегі жұмыстар: графика, кескіндеме, жай ғана салынған суреттер, үлкен форматты жұмыстар болған. Емтихандардың барлығынан өтіп, Париж Жоғарғы Дизайн мен Өнер мектебіне түстім. Онда оқу әдеттегі университетке қарағанда әлдеқайда қиынырақ. Жеке болған соң оған түсудің өзі оңай емес. Әдетте ол жаққа адамдар белгілі бір жұмыс өтілімен, тәжірибесімен келіп түсіп жатады. Сонда да мен оның Париждің үздік университеттер қатарына енгендігінен таңдадым. Солай мені қабылдады. Бірақ тек 17 жастан қабылдаймыз деп, маған бір жылдай күтуге тура келді. Бір жылдың ішінде Алматыда бір дизайн бюросында тәжірибе жинақтап жұмыс істедім. Сонымен қатар Француз Альянсында француздардан сабақ алдым.

— Ондағы оқу процесі несімен ерекше?

— Әрине, еуропалық оқу жүйесі мүлде басқаша. Менің университетімді алатын болсақ, барлық мұғалімдерім практиктер болды, әрқайсысының өз бизнестері болатын. Олардың жұмыстарын танымал журналдардан көріп отыратынбыз. Сәйкесінше, бірден құрмет пайда болып, олардан үйренгің келеді. Олардың барлығы дерлік студенттер үшін авторитетті тұлғалар болды.

Жалпы оқу өте қиын. Күн сайын сенбіні қосқанда таңғы 8.30-нан кешкі 8-ге дейін созылады. Арасында жарты сағат үзіліс бар. Бірақ жыл соңында үздік оқитын үш студенттердің қатарына енгенімде, ұйқысыз өткен түндерімнің бекер емес екендігін түсіндім. Бәсеке деген қатты болды. Және де кейде Chanel, Nike, Lipton, Apple сияқты компаниялар келіп, белгілі бір жобалар немесе байқаулар ұсынып жатады. Бағдарлама негізі солай құрылған. Солай екінші жылдан бастап студенттер ақша таба бастайды. Ондай жоба, байқауларда қатысқаның болашақ резюме үшін өте пайдалы.

— Сүйікті мұғалімдерің болды ма?

— Менің бірнеше сүйікті мұғалімім болды. Олардың барлығы талапты қатаң қоятын. Оған қарамастан, дәл солардан мен көп нәрсе үйрендім. Оның бірі Париждегі танымал дизайн дүкені Colette-тің креативті директоры. Мариес сағат дизайнымен айналысатын дизайнер, т.б. Олар үшін нақты бір нәтиженің болуы маңызды. Сол үшін олар талапты қатты қояды. Студенттер де егер тапсырма орындалмаса, сабаққа келудің қажет емес екендігін біледі. Олар мұғалімнің уақыты үшін таласады. Сенің тапсырма орындамағаның немесе кешігіп келгенің ешкімге қызық емес. Бәріне де тек нәтиже керек. Тәртіп мықты болған соң, оқу да шапшаң темпте тез жүретін сияқты. Сол себепті мен магистратураға да қалдым. Маған ондағы білім беру өте ұнады.

— Ондағы оқу тек ақылы ма, әлде гранттар бар ма?

— Иә, ол жерде тек ақылы оқу. Жылына 8-ден 12 мың еуроға дейін. Англиямен салыстырғанда қымбат емес. Онда оқығаныма еш өкінбеймін. Магистратурада оқып жүріп жұмысқа тұрып кеттім, Джон Гальянода ерлер сән көрсетілімінде тәжірибеден өттім. Космополитанда стилист ретінде жұмыс істедім. Өз коллекциямның Луврда көрсетілімі болды. Оның барлығы университетімнің арқасы.

— Сен кішкентай кезіңнен дизайнер боламын деп ойладың ба, әлде басқа ойлар болып па еді?

— Кішкентай кезімде космонавт болуды армандағанмын (күліп). Ал дизайнер болғым келетінін жоғарғы сыныптарда жүргенімде түсіндім. Ол кезде дизайнер мамандығы түсініксіз болатын, танымал болмады. Парижге түсу де өз еркім. Ондағы қаланың демі маған өте жайлы.

— Ата-анаң да өнерге жақын ба? Сенің таңдауыңа олар қалай қарады?

— Әкемнің бірінші мамандығы — архитектор. Бірақ басқа салада жұмыс істейді. Ал мамам — экономист, екінші жоғарғы білімі — психолог. Олар ең бастысы менің таңдауымды қолдады. Олардың жалғыз балаларын шетелге жіберіп, оқытуы әрине маған деген сенімдерін білдіреді.

— Енді өзіңнің алғашқы топтамаң жайлы айтып өтсең, оны құру идеясы қалай келді?

— Менің негізгі салам — жиһаз дизайны. Жұмыста шеф Хилтон Макконико әрдайым менің сән саласына неліктен бармағанымды сұрайтын. Өйткені менің сән көрсетілімдерден қалмайтынымды, жалпы сәнге қызығатынымды білетін. Мен бас кезінде ол қиынырақ, мен жиһазбен жұмыс істеуге үйреніп қалғанмын дейтінмін. Бірақ оның: «Сен форманы жақсы сезесің. Сенің дизайн біліміңмен қазірде сән әлемінде жоқ нәрсені алып келуің мүмкін» деген сөздері мені ойландырды. Осыған қызығып кетіп, бір жыл бойы идеямды дамытып, маталарға тапсырыс бере бастадым.

Алғашқы көрсетілім Парижде өтті. Бәрі де ұнап, ары қарай аса танытуды ойламаған да едім. Бірақ кейін алматылық достарым топтаманы көріп, осында көрсетілім жасауды ұсынды.

Алдымен «Boulevard» журналында мәскеулік фотографпен фотосессия жасап, кейін көрсетілім жасайтын болып шештік. 3 апта ішінде Бодлер тақырыбында идеяны іске асырдық. Яғни көлеңкесіз жарық жоқ, сұлулық қарама-қайшылықта, үстірт қана емес, тереңірек үңілу керектігінде. Мен қайта оның бар шығармаларын оқып шығып, өзіме керекті нақыл сөздерді бөліп алдым.


Жай ғана runway көрсетілім емес, көлеңкелі театр ретінде нағыз тарихы бар көрсетілім жасағым келді. Жақсы досым Сәкен Жақсыбаев маған қонақтар тізімін жасауға көмектесіп, өзі жүргізуші болды. 210 адам жинадық. 220 адам көздеп едік, бірақ дәл сол уақытта Диор дүкені ашылып, адамдар үлгермей жатты.

Бірақ келесі күнгі қоңырауларға қарағанда, көрсетілімнің жақсы өткенін түсіндім. Барлық журналдар сұхбат, фотосессиялар ұсынып, редакторлары: «Алматыда көрген ең керемет көрсетілім болды» деп жатты. Алайда медиа тұлға болу менің мақсатымда жоқ. Мен тек қана қазірде бар деңгейдің әлі де төмен екендігін көрсеткім келді. Мақсатым - алға қарай жылжу керектігін, мәні бар нәрселер жасауға болатынын көрсету.

Әрине, жеке өз көрсетіліміңді жасау өте қымбат. Жарық түсірушілерден, дыбыс қоюшыларға дейін іздеу керек, сондай-ақ көрсетілімде жанды дауыспен ойнаған 30 скрипкашы болды. Сол себепті біз демеушілер іздедік. Макияж бен стилистика бойынша ресми демеуші — Франк Прово, Томас Сабо неміс әшекейлері, Филипп Морис, Мартини және Интерконтиненталь. Әрине, әр демеушіге келіп өз идеяңның керемет екенін дәлелдеу қиындау. Бірақ сонда да 12 метрлік подиумның керектігін, бәрі де әдемі болатынын түсіндіре білдік.

— Модель болып та жұмыс істедің бе?

— Парижге келе салысымен мені Next Agency агенттігінің скауттары байқап, жұмыс істеуді ұсынды. Бас кезінде өте ұнады. Бірден өз-өзіме деген сенімділігім артып кетті. Модельдік жұмыстың бір жақсы жері — комплекстеріңнен айырыласың. Өйткені жұмыста бір топ стилист жиналып, сенің кемшіліктеріңді сынай бастағанда, уақыт өте келе оларға тіптен назар аудармайсың. Бірақ оқуым өте қиын болған соң, бір кезде маған модельдікті қоя тұру керек болды. Өйткені Парижге оқуға келгендіктен, ол маған негізгі нәрсе болды. Бірақ қазірде фрилансер ретінде модельмін.


— Сенің киімдеріңді Алматыда қай жерден сатып алуға болады?

— Көрсетілімнен кейін маған Hyatt қонақ үйіне қарсы шоу-румға киімдерімді қоюды ұсынды. Уақытша қазір сондамыз. Қыз-келіншектер келіп бізге тапсырыс беріп жатыр. Күзден бастап тіге бастаймыз. Алматыда өзімнің жеке шеберханамды ашқым келеді. Қазірде 300 м² жерде жөндеу жұмыстарын өткізіп жатырмыз.

— Ал олардың орташа бағасы қандай?

— Мен прет-а-порте киімдер тікпеймін. Менікі haute couture мен demi couture. Яғни ол дегеніміз көйлектердің көп бөлігі қолмен тігіліп, өте көп жұмыс талап етеді. Сондай-ақ мен жасанды маталар қолданбаймын. Барлығы дерлік табиғи шифон немесе табиғи жібек. Маталардың өзі қымбат. Қарапайым маркетингтік формула бойынша есептеп шыққанымызда 1500 доллардан 3 мың еуроға дейін жетті.

Әр көйлектің құрылуына, кеткен матасына қарайды, әрине. Негізінде бұл көйлектерге бұдан да жоғарғы баға берілген. Бірақ мен дәл біздің елге ондай жоғары бағалар қою дұрыс емес деп ойладым. Өйткені көйлектерді сатып, пайда көремін деген мақсатым жоқ. Менің негізгі жұмысым, табысым бар. Бұл көрсетілім маған тек киімдерімді көрсету үшін емес, жалпы сценография бойынша, ұйымдастыру бойынша қалай жұмыс істейтінімді көрсету үшін көмектесті. Қарапайым шақырудан бастап, сыйлықтарға дейін бір сарында әдемі қылып жасауға болатынын көрстекім келді.

Сұхбаттасқан: Айжан Кәрібаева

Жалғасы бар

Алия Arsik
19 тамыз 2013, 10:02
5147

Загрузка...
Loading...

Пікірлер

Керемет! Ісі оң болсын!)
Мммм завидую.менде киым дизайнеры болгым келеды косымша сабактар алып жатырмын бирак дизайнер болу ушин коп каражат талап етилетин секилди

Пікір қалдырыңыз

Спасибо за открытие блога в Yvision.kz! Чтобы убедиться в отсутствии спама, все комментарии новых пользователей проходят премодерацию. Соблюдение правил нашей блог-платформы ускорит ваш переход в категорию надежных пользователей, не нуждающихся в премодерации. Обязательно прочтите наши правила по указанной ссылке: Правила

Сондай-ақ Ctrl+Enter басуға болады

Танымал жазбалар

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Юрист, пришедший в школу учителем по зову души, о главной проблеме системы образования

Алматинский учитель поставил диагноз системе, частью которой является образование. Будучи успешным юристом, имевший степень МВА, он вдруг развернул траекторию своей карьеры, став обычным учителем.
Zhumanova
22 сент. 2017 / 16:26
  • 11030
  • 33
«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

«Это будут твои большие похороны». Гуф высказался о Скриптоните и Басте

Досталось и Скриптониту, который ранее опубликовал запись, о том, что больше не будет сниматься в клипе Гуфа и Тимати. "Я тебя ни о чем больше не попрошу, казах ты мой дорогой" - высказался рэпер.
tala03
21 сент. 2017 / 15:48
  • 4658
  • 12
«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

«Честный взгляд» госслужащего: «Знала бы, что ты такой гнилой, я бы тебя не брала»

Мы не такие блатные. Да, нас унижают руководители, возомнившие себя ханами, часто наши права не реализуются в должной мере. И я всегда задавался, почему на самом деле нет нормальных условий и льгот...
WriterKz
23 сент. 2017 / 0:41
Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Астана перестает быть городом-музеем, или Почему я хотел бы жить в столице

Наш главный город страны стал избавляться от уже вполне неуместных моветонных клише, которые громоздились над ней, как черное облако над Мордором.
tentser
22 сент. 2017 / 21:04
  • 2261
  • 74
Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Время забыть безумные траты молодости: навыки, которыми ты должен овладеть к 30 годам

Смысл бюджета в том, чтобы знать, куда ты, блин, потратил бабки. В том, чтобы в конце месяца, ты сел, почитал свои записи и понял, какой ты придурок. И принял уже наконец здравое решение, что куда идет.
Lesch
24 сент. 2017 / 21:03
  • 1803
  • 60
Насколько вероятно стать долларовым миллионером в Казахстане

Насколько вероятно стать долларовым миллионером в Казахстане

Вообще, насколько это достижимо? Не вдаваясь в сложные рассуждения и дательные расчеты и так понятно, что это сложная задача - все-таки около 350 миллионов тенге по текущему курсу.
convoluted
25 сент. 2017 / 14:36
  • 1757
  • 44
Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Дагестанские «миротворцы» борются за справедливость в Мьянме на улицах Москвы

Парней начали осуждать за поступок в социальных сетях. Популярные группы Кавказа назвали выходку парней дикой, и пояснили, что они позорят нацию и религию.
tala03
20 сент. 2017 / 16:42
  • 1755
  • 53
Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Как КНДР «уничтожила» американские самолеты и авианосец

Серию коллажей, показывающую как ракеты КНДР нанесли поражения американским самолетам, продемонстрировали в северокорейских СМИ.
tala03
24 сент. 2017 / 17:58
  • 1578
  • 11
Борьба с засухой: ученые в Китае научились выращивать овощи и растения на песке

Борьба с засухой: ученые в Китае научились выращивать овощи и растения на песке

За полгода под руководством исследователей из Чунцинского университета Цзяотун было засеяно более 200 гектаров засушливой земли автономного района Внутренняя Монголия.
tala03
20 сент. 2017 / 14:10
  • 1394
  • 22