Қазақстандық жаңа отбасылық тележоба!
Достар, сіздермен жаңа қазақша тележобаның ашылуымен бөліскіміз келіп отыр. Telemasterskaya Production House пен "НТК" телеарнасы біріге отырып, назарларыңызға "Балалы үй - базар" отбасылық телеойынын ұсынады. Телеойын бірнеше кезеңдерден тұрады. Әр кезеңде жеңу үшін қатысушылар бала ойымен ойлауға машықтанып алады. Ең бастысы, бала тілі - бал екенін ұмытпау:) 31тамыздан бастап теледидарларыңыздан тәтті балақайлардың үлкендерге жеткізгісі келген сөздерін қазақстандық шоу-бизнес өкілдері мен қарапайым отбасыларының қалай табуға тырысатындарын қызықтаңыздар. Бағдарлама жүргізушісі белгілі қазақ актері және бес баланың әкесі - Рахман Омаров. Нұрлан Абдуллин, Ринат Малцагов, Айжан Нұрмағамбетовалар қатысқан алғашқы жұлдызды көрсетілім осы сенбі сағат 12.00-де көрсетіледі. Жіберіп алмаңыздар!…