Мазмұнға өту

Жаңа

Күзгі кітаптар тізімі

Күзгі меланхолияның жабырқаулы көңіл-күйден басқа жағымды тұстары да бар. Оның бірі — жылы көрпеге оранып алып, кітаптағы кейіпкерлеріңмен бірге өзгеше ғұмыр кешу, олардың уайымын уайымдау мен қуанышына ортақтасу, қайғысына қосылу мен әзіліне күлуге не жетсін! Асықпай, ерекше ынтамен оқуды талап ететін, артынан терең ой қалдыратын күзгі кітаптар бестігін «Екпінмен» бірге оқыңыздар. Джозеф Максвелл Кутзее, «Петербордағы күз» Ерекше автордың ерекше шығармасы. Кутзее Оңтүстік Африкадағы Кейптаун қаласында дүниеге келген, Жазушы, сыншы, лингвист 2003 жылы әдебиеттен Нобель сыйлығының лауреаты атанған. Букер сыйлығын екі мәрте (1983 жылы «Жизнь и время Михаэла К.» романы үшін, 1999 жылы «Бесчестье» романы үшін) иеленген алғашқы жазушы. «Петербордағы күзде» шетелдік автор Федор Достоевский, ХІХ…

10
5
3401

Қазақстандық волейболшы қыздар Азия чемпионатында үздік бестікке енді


Қазақстандық волейболшы қыздар
Таиландтағы Накхонратчасимада 13-21 қыркүйек күндері волейболдан әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтті. Онда топтық сында Александр Гутор жаттықтыратын қазақстандықтарға 1:3 есебімен ұтылғанымен, 1/8 финалда және ақтық сында Жапония құрамасын жеңген Тайланд волейболшылары жеңімпаз атанды.

Ал ширек финалда қазақстандықтарды сүріндірген Оңтүстік Корея спортшылары қола жүлдені олжалады. Одан кейінгі орынды Қытай, Қазақстан, Вьетнам, Тайбэй, Иран, Австралия, Индонезия, Үндістан, Филиппин, Гонконг, Моңғолия, Шри-Ланка және Мьянма командалары өзара бөлісті. Екі жылда бір рет өтетін бұл дүбірлі додада бұған дейін Қытай он екі рет, Жапония үш рет Азия чемпионы атанған еді. Енді Тайланд спортшылары араға төрт жыл салып осымен екінші рет үздік шығып отыр.

АЛМАТЫ.  ҚазАқпарат - Автор: Ерлік Ержанұлы
0
0
446

Хоккей: «Барыс» өз алаңында «Автомобилисті» ойсырата ұтты

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Автомобилист» (Екатеринбор) командасын ойсырата ұтты. Ойын «Барыстың» тегеурінді шабуылдарынан басталды. Барлық хоккейшілер алға ұмтылып, қорғаныс шебін ұмытқандай болды. Осы мүмкіндікті шебер пайдала білген «Автомобилистің» хоккешілері ойынның жетінші минутында бір шайба, ал тағы қырық секундтан кейін екінші шайбаны соғып кетті. Мұндай ойынды көрген «Барыстың» бас бапкері Ари Селин Пекка таймаут алып, өз шәкірттерін бір «сілкіп» алды. Содан алты минут өтпей, Роман Старченко есеп айырмасын бір шайбаға қысқартса, көп ұзамай, Талғат Жайлауов таразы басын теңестірді. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша есеп — 2:2. Бұдан кейінгі кезеңдерде қарсыластар астаналық клубтың қорғанысын бұза алмады. «Барыс» болса, «Автомобилистің» қақпашысын екінші…

0
0
333

Нұрмахан Тінәлиев — Әлем чемпионатының қола жүлдегері


Қазақстандық спортшы Нұрмахан Тінәлиев

Қазақстандық спортшы Нұрмахан Тінәлиев (120 келі) Әлем чемпионатының қол жүлдегері атанды, деп хабарлады Sports.kz.

Эстониялық Кейки Набиге есе жіберіп алған қазақстандық палуан Польша спортшысы Камил Блонскиді 8:0 есебімен ұтты, ал қола жүлде үшін өткен кездесуде венгриялық Михай Дик Бардоштан 5:0 есебімен басым түсті.

Бұл осы чемпионаттағы Қазақстан қоржынына түскен екінші жүлде. Бұған дейін Екатерина Ларионова (63 келі) үшінші орынға ие болған еді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
555

Әлемдік футболда аты аңызға айналған Хорст Хрубеш Семейге аттанды

Хорст Хрубеш

Қазақстан футболының 100 жылдығына арналған салтанатты шараларға қатысу үшін әлемдік футболда аты аңызға айналған Хорст Хрубеш Семей қаласына ұшып шықты, деп хабарлады Sports.kz.

Хорст Хрубеш — танымал неміс футболшысы және жаттықтырушысы. 62 жасқа келген аяқдоп шебері Германия құрамасы үшін 21 матчта ойын көрсеткен.

Месут Озиль, Сами Хедира, Томас Мюллер, Андре Шюррле, Марио Гётце сынты атақты футболшылар Хрубештің шәкірттері.

Хорст Хрубеш Германияның жалпы футбол тарихындағы үздік шабуылдаушылардың ондығына кіреді. Оған қоса, неміс футболының үздік 33 ойыншысының бірі.

Хорст Хрубеш — УЕФА Еуропа жаттықтырушыларының үйлестіру кеңесінің мүшесі.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
282

Абзал Рақымғалиев халықаралық мәнерлеп сырғанау турнирінің қола жүлдегері атанды


Абзал Рақымғалиев

Миланда мәнерлеп сырғанаудан дәстүрлі «Ломбардия Кубогы» халықаралық турнирі аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

Ерлер арасындағы сында қазақстандық Абзал Рақымғалиев үшінші орынған ие болды. Алтын мен күміс жүлде швециялық Александр Майоров пен филиппиндік Кристофер Каллусаға бұйырды.

 

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
276

Монотеисттік діндердің соңғысы

Алдыңғы мақаланың талқымы бойынша біз ықтималдылық теориясы бойынша Ислам дінінің ең жас болғанына байланысты адамдардың тарапынан аз бұрмалануларға ұшырағанын болжамдадық. Сондықтан осы мақаламда мен Ислам дінінің мәнін ашып, мүмкін тағы бір қорытындыға келіп қалармыз... Мұхаммед пайғамбарының хадистері бойынша бүкіл халықтар мен ұлттарға Алла тағаладан пайғамбарлар мен насихаттаушылар жиберілген болатын (барлығы шамамен 124 000) Олар өз кезегінде адамдарды өз жолдарына салып ерткен болатын, бірақ уақыт өте келе адамдар өздігінен еңгізулер жасап ыңғайлату мақсатында бұрмалаған болатын. Осыдан шығатын қорытынды Ислам діні басқа діндерден айырмашылығы ретінде басқа діндерді жоққа шығармай, керісінше мойындайды, бірақ олардың насихатталу жолы адамдардың әрекетінен өзгергенін ескертеді. Кейб…

0
0
2456