Күз келгенде, аққайың келеді еске
Ақ қайыңды, кейбіреу терек деген Көлеңкесіз, ол кімге керек деген, Не көлеңке, не жеміс бере алмаса Неліктен ынтығады, жүрек деген. Ақ қайың махаббаттың белгісі ме Ақ қайың сұлулықтың үлгісі ме Жалғыз жан, қалсадағы сүйсінетін Айналмас тоғышардың күлкісіне. Ақ қайың, сұлулықпен жарасады Мәңгілік белгісіне жанасады Пәктікпен бозбалалық белгісіндей Көңілде, көктемменен таласады. Күз келсе, жаз, көктемді сағынамыз Табиғат тірлігіне бағынамыз Көңілдің күзі келіп, күйбеңменен Тәңірдің құдретіне табынамыз. Маххабат ақ қайыңды армандаған Жүрегің жыламаса, ән болмаған Адам боп келгеннен соң бұл өмірге Сұлулық іздейді екен бұл жалғаннан. 22.09.2013 Жалғыз қайың Жиделі орман, қараағашпен қаптаған Дуылдасып, ауыздарын жаппаған Өсіп, өніп мәуелеген мерейлі Бірін-бірі, қолдап-қорғап жебейді. Қараағашт…





