Мазмұнға өту

Жаңа

Студенттік шақта үйренетін 10 дағды

Сандық технологиялар өрлеп тұрған біздің дәуірде  кез-келген студент меңгеруі тиіс  дағдылардың  тізімін назарларыңызға ұсынамыз.   Бұл   дағдылар  сіздердің  жалпы компьютерлік сауаттылықтарыңызды  арттырады және  оларды үйреніп алу қиын  емес!

Университетті бітіргеніңізге біраз уақыт болып  қалды ма немесе   жоғары оқу орнында оқымағансыз ба?   Уайымдамаңыз,   мұндай  дағдыларды  үйренуге  ешқашан кеш емес!

 


 
0
0
524

Генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев – жыл әскериі

Жыл сайынғы «Жыл таңдауы – Жыл адамы» фестивалінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты Алматы қаласында өткізілді. Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өткен шарада 2013 жылдың түрлі саладағы үздіктерінің есімдері жарияланды. Олардың қатарында әскери, мәдениет, өнер, бизнес, медицина, спорт және тағы басқа саланың майталмандары бар.

«Қазақстандағы жыл таңдау № 1» фестивалі ТМД-ның бес елінде өткізіледі және халықаралық мәртебеге ие. Сыйлықтың иегерлерін әлеуметтік сауалнамалардың көмегі арқылы тәуелсіз сарапшылар таңдайды.

Генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев 1959 жылғы 9 қарашада Ақтөбе қаласында туған. 1980 жылы Алматы жоғары жалпыәскери командалық  училищесін бітірген, ал 1994 жылы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академияны тәмамдады.

Әскери қызметін мотоатқыштар полкінде  мотоатқыштар взводы командирлігінен бастады. Генерал-лейтенант Мұрат Мәйкеев әр жылдары мотоатқыштар ротасының командирі, штаб бастығы – командирдің орынбасары. Мотоатқыштар батальонының командирі, мотоатқыштар құрамасының командирі лауазымдарында болды.

2002-2003 жылдары – ҚР ҚМ Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар департаментінің бастығы.

2003-2009 жылдары – ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің қолбасшысы.

2009-2010 жылдары – ҚР ҚМ Штабтар бастықтары комитеті  төрағасының орынбасары.

2010 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің Бас қолбасшысы болып тағайындалды.

3 дәрежелі «Отанға қызметі үшін», 2 дәрежелі «Айбын», 2 дәрежелі «Даңқ» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
543

Қылқан жапырақты ормандарды сақтау туралы

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-36/

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігі биылғы жаңа жыл қарсаңында еліміздің мемлекеттік орман шаруашылықтары шыршаларды тек ұйымдар мен мекемелерде өткізілетін мәдени-бұқаралық мерекелік шаралар үшін дайындап, оларды облыстық және Астана, Алматы қалалары әкімшіліктердің өтінімдері негізінде ҚР ҚОСРМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің рұқсатын алу арқылы ғана ұсынатындығы туралы хабарлайды.

   
0
0
460

Қарағандылық полицейлер Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әндерді орындады.

Қарағандылық полицейлер ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай гала-концерт өткізді. Олар мерекелік кеште Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әндерді орындады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Қарағандылық полицейлер ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған шаралардан тыс қалмай, гала-концерт ұйымдастырды. Қарағанды облыстық ІІД ансамблі, вокал және би тобының өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған әндерді орындады»,-деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ж.Сембеков. Мереке қарсаңында ҚР ІІМ бұйрығымен ішкі істер органдарының екі қызметкері мерзімінен бұрын шен алды, екеуі медальмен, тағы бірі «ІІМ үздігі» екінші дәрежелі төс белгісімен марапатталды. Екі адам грамота, тағы екеуіне алғыс хат табыс етілді. Қарағанды облыстық ІІД басшысының бұйрығымен 36 полицей грамотамен, 20-сы алғыс хатпен марапатталды, 45 полицейге алғыс жарияланды.
Салтанатты шара «Шалқыма» концерт залында өтті. Енді 29 қарашада қарағандылық полицейлер Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күнімен әріптестерін құттықтау үшін Астанаға барады.

0
0
750

Айыппұлды ескермегендер көліктерінен айырылады

Өскемендік тәртіп сақшылары айыппұл төлемі 50 мың теңгеден асып жығылғандарға қарсы қатаң шара қолдана бастады. Енді ондай көліктер кез келген жерден айыппұл тұрағына жөнелтілуде. Заң бәріне ортақ. Сондықтан әкімшілік полиция қызметкерлері мойындарына жазылған айппұлды төлемей қашып жүргендермен ашық күресе бастады. Құқық қорғаушылар ондай көліктерді тауып алып, көлік иелерінің ақталып, жан-жаққа қоңырау шалғандарына қарамастан, бірден айппұл тұрағына әкетуде, деп хабарлайды Хабар телеарнасы. Әкімшілік полицейлердің айтуынша, қалада айыппұл көлемі 50 мың теңдеген басталып, 400 мың теңдеген асатын қырық көлік анықталыпты. Сот шешімі бойынша, солардың барлығы тиісті төлемдерін жасап үлгермеген жағдайда көліктерінен айырылады. Айта кету керек, заң алдындағы жауапкершіліктен қашып жүргендердің арасында түрлі саланың қызметкерлері бар. Өскемендік тәртіп сақшылары айыппұл төлемі 50 мың теңгеден асып жығылғандарға қарсы қатаң шара қолдана бастады. Енді ондай көліктер кез келген жерден айыппұл тұрағына жөнелтілуде. Заң бәріне ортақ. Сондықтан әкімшілік полиция қызметкерлері мойындарына жазылған айппұлды төлемей қашып жүргендермен ашық күресе бастады. Құқық қорғаушылар ондай көліктерді тауып алып, көлік иелерінің ақталып, жан-жаққа қоңырау шалғандарына қарамастан, бірден айппұл тұрағына әкетуде, деп хабарлайды Хабар телеарнасы.
Әкімшілік полицейлердің айтуынша, қалада айыппұл көлемі 50 мың теңдеген басталып, 400 мың теңдеген асатын қырық көлік анықталыпты. Сот шешімі бойынша, солардың барлығы тиісті төлемдерін жасап үлгермеген жағдайда көліктерінен айырылады. Айта кету керек, заң алдындағы жауапкершіліктен қашып жүргендердің арасында түрлі саланың қызметкерлері бар.

 
0
0
378

ІІМ-нің кеңейтілген Алқа мәжілісі туралы ақпарат

Астана қаласында Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың төрағалық етуімен министрліктің орталық аппараты, Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ІІД, сондай-ақ аумақтық есірткі бизнесіне қарсы күрес бөліністерінің басшылық құрамы қатысқан ІІМ-нің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.   

Кезектен тыс өткен алқа отырысында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есірткі қылмысына және нашақорлыққа қарсы іс-қимылды жандандыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру бойынша шаралар, ішкі істер органдары қызметінің нәтижелілігін арттыру және осы салада ІІМ-нің бейінді Комитетінің үйлестірушілік рөлін күшейту мәселелері қаралды.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес Комитетінің және министрліктің басқа да мүдделі комитеттерінің, сондай-ақ аумақтық ішкі істер органдары мен бөліністері  басшыларының есептері тыңдалды.

Ағымдағы жылы 2,7 мың есірткі қылмысының анықталғаны, 1,7 мың есірткі сату фактісінің жолы кесілгені, 22 тоннадан астам есірткі, оның ішінде 131 кг героин алынғаны атап көрсетілді.

Сонымен бірге, жалпы, еліміздегі есірткі ахуалы күрделі жағдайда. Қабылданып жатқан шаралар есірткі қаупіне, есірткі контрабандасын уақтылы анықтауға және контрабанданың жолын кесуге, есірткі заттарының халықаралық жеткізу арналарын жабуға және Қазақстан арқылы тасымалдануына қарсы тұруға сәйкес келе бермейді.

Отырыстың қорытындысы бойынша ІІМ комитеттерінің, аумақтық органдары мен бөліністерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді, министрліктің осынау маңызды бағытында елеулі кемшіліктер мен олқылықтарға жол бергені үшін бірқатар лауазымды адамдарды тәртіптік жазаға тарту туралы шешім қабылданды.

 
0
0
430

Ағымдағы жылдың 28 қарашасында сағат 15.30-да ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі «Жасыл Академия» Ғылыми білім беру орталығымен бірлесіп, VII Астана экономикалық форумының «Smart Green Busness Forum» панельдік сессиясын даярлау барысында «К

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2013/11/100-34/

Экономикадағы энергия ресурстардың төмендеуі мемлекет үшін маңызды проблема болып табылады.  Ресурсты тұтыну мен кәсіпорындардың энергия тиімділігі саласындағы  қазіргі проблемаларды шешу  экономикалық және ұйымдық-құқықтық тетіктерді қайта қарауды, сондай-ақ энергияны тиімді пайдалану технологияларын енгізуді талап етеді. Мемлекеттік, қаржылық, қоғамдық құрылымдардың бірлескен жұмысы болмайынша,  оларды шешу мүмкін емес.

Осыған байланысты, Форумның спикерлерімен бірлесіп, онлайн режимінде  энергия тиімділікке қол жеткізу  принциптері мен тетіктері, энергияны үнемдеу бойынша халықаралық тәжірибе, энергия үнемдеудің жаңа технологиялары талқыланады.

Онлайн конференцияға қатысады деп күтілуде: Орталық Азиядағы USAID  Миссиясының экономикалық даму бөлімінің директоры Майкл Трублада, Урал мемлекеттік экономикалық университетінің ректоры,  «Большой Евразийский университетский комплекс» АНО президенті  М.В. Федоров, ТМД елдері мен Балтық жағалауы елдеріндегі жобалар бойынша  менеджер (Финляндия) Хейкки Пус, Green Bridge Forum (Riga) өкілі  Андреас Пумпурс,  «PricewaterhouseCoopers» Консалтинг компаниясының директоры Ника Шуфро және басқалар.

Байланыс деректері: Астана қ., Достық көшесі, 20, «Санкт-Петербург» БО, 14-қабат,

тел. 277294 (Прманова Назия), 279580 (Балтабаев Қуаныш);       e-mail: [email protected]


 
0
0
454

ТМ Dormeo отримала нагороду «Вибір року» в Україні

ХІІІ Урочиста церемонія нагородження переможців Міжнародного фестивалю-конкурсу «Вибір року» відбулася 24 листопада у FairmontGrandHotelKyiv. Вечір вручення почесних медалей став завершальним етапом проекту, спрямованого на визначення та відзначення найбільш якісних та відомих товарів і послуг у різних товарних категоріях на українському ринку. Матраци ТМ Dormeo визнані найкращими у своїй номінації та отримали престижне звання «Матрац року» в Україні за результатами цього загальнонаціонального щорічного конкурсу.

Dormeo – відомий європейський бренд з виготовлення матраців. За свою більш ніж десятилітню історію він значно розширив асортимент товарів, що налічує вже більше 100 найменувань. Це подушки, чохли для матраців, ковдри, постільна білизна для дітей і дорослих, меблі для спальні, пледи, халати та інші аксесуари для дому.

Dormeo: «Прокинься відпочившим!»

Якщо у вас виникли додаткові питання, ви можете звертатися за електронною адресою [email protected]

 
0
0
411

«Томпақ». Ол кім?

Ұлттық арна балаларға арналған отандық тұңғыш анимациялық телесериал - «Томпақты» көрермен назарына ұсынады.

...Бәрі үш дос - Тасболат, Берік және Есет көрші үйдің бақшасынан алма ұрламақ болған күннен басталады.

Олар бұл ойларын жүзеге асыру үшін «А» операциясын ойлап тапқан. Алайда, қожайын мен оның итінен қорыққан үш дос қашып, ауылдың сыртынан бірақ шығады.

Ауылдан шалғай кеткен балалардың дәл жанына кометамен соқтығысқан ұшатын «тарелка» құламасы бар ма!

Балалар оның ішінен өзгепланеталықты алып шығады. Бір қызығы, ол қазақ тілінде сөйлейді екен. Оның есімі - Том Сириус Жак Си Пак.

Бұл ат тым ұзақ әрі айтуға қиын болғандықтан, балалар оның басқы және соңғы бөліктерін ғана алып, Томпақ деп атайды.

Өзгеше достың пайда болуы балалардың өмірін де күрт өзгертіп жібереді. Бұрын сотқар, сабақ үлгерімі де көңіл қуантпайтын үш дос соңғы кездері ұстаздарын да  риза қылып, спортта да жетістіктерге жете бастайды. Олар Томпақты адамдардың өмірімен, қазақтың салт-дәстүрімен таныстырады.

 

Осылайша, түрлі оқиғалар желісімен өріле беретін қызықты телесериал 12 бөлімнен тұрады. Туындыны түсіру жарты жылға созылған.

 

Басты рөлдерді Арман Қасымбеков (Тасболат), Рахым Ахмедов (Берік) және Олжас Омаров (Есет) сомдаған.

Картинаның режиссері әрі сценаристі - Батырхан Дәуренбеков.

 

Отандық кино саласының олқы тұсын толтырған «Томпақтың» алғашқы сериясы Ұлттық арна эфиріне 28 қарашада шығады.

Басталуы: сағат 14.25-те.

 
2
3
3069