Шүменов пен Хопкинс жекпе-жегі — үздік кездесулер қатарында
WBA тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы әлемнің супер чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбіт Шүменов пен IBF чемпионы, американдық Бернард Хопкинс арасындағы біріктірілген чемпиондық атақ үшін өтетін кездесу «Чемпионат.com» порталының рейтингі бойынша сәуір айының ең қызықты жекпе-жектерінің қатарына қосылды деп хабарлайды Tengrinews.kz. 30-жастағы Бейбіт Шүменов пен 49-жастағы Бернард Хопкинс арасындағы жекпе-жек 19 сәуір күні Вашингтондағы DC Armory аренасында өтеді. Егер бұл кездесуде Хопкинс жеңіске жетсе, онда ол бокс тарихындағы біріктірілген чемпиондық атақты жеңіп алған ең қарт боксшы атанады. «Өз дәуірінде Бернард WBC, WBA, IBF және WBO сынды барлық төрт тұжырымның чемпиондық атақтарын жеңіп алған боксшы болған. Бірақ, ол кезде ол жас және бұл чемпиондық атақта…
