Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Astana Arlans-тың» 1/2 финалдағы қарсыласы белгілі болды

Бүкіләлемдік бокс сериясының 1/2 финалында қазақстандық  «Astana Arlans-тың» қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды sports.kz

«Dolce & Gabbana Italia Thunder» - «Azerbaijan Baku Fires» жұбының жеңімпазы біздің командаға қарсылас атанатын еді. Бакуде 0:5 есебімен ұтылған итальяндықтар өз шаршы алаңында 4:1 есебімен қарымта қайтарды. Алайда бұл жеңістің өзі жартылай финал жолдамасын қалтаға басуға жеткіліксіз болды. Келесі кезеңге Әзербайжандық команда өтті.

«Astana Arlans» - «Azerbaijan Baku Fires» WSB жартылай финалының алғашқы матчы  26 сәуір күні Астанада өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда өткен ширек финалдық қарымта матчта «Astana Arlans»  германиялық клубты 5:0 есебімен ойсырата ұтты. Ал Германияда «арландар» 3:2 есебімен жеңіске жеткен еді.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
203

Осы тақырып бойынша

«Astana Arlans-тың» 1/2 финалдағы қарсыласы белгілі болды - Yvision.kz