"AMANAT" партиясының тарихи Съезі өтті.
Аталған съезге делегат ретінде қатысттым. 26 сәуір күні «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII Съезінде «ADAL» партиясы ресми түрде «AMANAT» партиясына қосылды. Бұл "AMANAT" партиясының еліміздегі жетекші саяси күш ретіндегі мәртебесін нығайта түсті. ✅Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың съезде «AMANAT» партиясының Төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтату және оның құрамынан шығу туралы шешімі басты оқиға болғаны сөзсіз. Сонымен қатар, Президент партияның Мәжіліс пен мәслихаттарда едәуір басымдыққа ие екенін және саяси сабақтастықтың жалғасатынын, ел игілігі үшін жасап жатқан жұмыстарын жалғастыра беретінін атап өтті. ✅Мемлекет басшысы қоғамда билік институттарына халық тарапынан сенімсіздіктің бар екенін және осы қолайсыз жағдайды түзету үшін партия азаматтық қоғам мен билік арасындағы…




