ru
Default banner
Разное
426 297 жазбалар48 тіркелуші
Всяко-разно
0

Қоғамдық Кеңес отырысы өтті

Ағымдағы жылдың 25 сәуір күні аудандық мәслихат депутаты, Кеңес төрағасы Ж.Бисенгалиеваның, кеңес мүшелері Н.Мусеновтың, Н.Ғаббасовтың, Н.Курмышеваның, Г.Бирниязованың және «ҚазТрансГазАймақ» АҚ-ның БҚО филиалының Тасқала аудандық газ шаруашылығының директоры Д.Ибраимовтың, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры А.Абулхаированың және аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі М. Батрашевтың қатысуымен «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы әрекет жөніндегі қоғамдық Кеңес отырысы өтті.
Отырысты Кеңес төрағасы Ж.Бисенгалиеваға ашып, Д.Ибраимовтың «Тұрмыстық газды жеткізуші мен тұтынушылардың арасындағы түсінбеушіліктердің орын алуына жол бермеу бойынша ұйымдастырылған шаралары» туралы, А.Абулхаированың «Nur Otan» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру» жөніндегі және М.Батрашевтың «Тасқала аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің 2022 жылы атқарған жұмыстары және су тасқыны бойынша атқырылған жұмыстары туралы есебі тындалды. Отырысқа өзінің сұрауы ауыл тұрғыны С.Жубаншалиев қатысып, аудандық газ шаруашылығының директорына сұрақтарын қойды.
Баяндамашылардың ақпараттары қаперге алына отырып, Тұрмыстық газды жеткізуші мен тұтынушылардың арасындағы түсінбеушіліктердің орын алуына жол бермеу, мүмкіндігінше тұтынушылардың, аудан тұрғындарының арасында олардың құқықтарын түсіндіру бойынша іс шараларды көптеп ұйымдастыру, аудандық жұмыспен қамту орталығы директорына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастырсын деген шешім қабылданды.
Отырыс барысында Кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрғындардың көкейінде жүрген бірнеше сауалдарын қойып, баяндамашылар тарапынан тиісті жауаптарын алды.