Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Қоғамдық қабылдау»

«Amanat» партиясының «Қоғамдық қабылдау» жобасы шеңберінде партияның Жәнібек аудандық филиалында Ұзынкөл ауылдық округіне қарасты Еңбекші ауылының тұрғыны Кәмшат Матаеваны қабылдадым. Кәмшат Матаева өз сөзінде ауылды абаттандыру бойынша жоспарланған жұмыстарды іске асыру үшін арнайы техника қажет ететіндігін тілге тиек етіп, осыған байланысты ауыл тұрғындарының қазу жұмыстарына экскаватор бөлу туралы аманатын жеткізді. Бұл өтініш негізінде жуық арада өз меншігімдегі экскаватор Еңбекші ауылына жолданатын болады. Есқайыр Илемесов, Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаты «Amanat» партиясы

0
0
165

Осы тақырып бойынша