Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстандықтар төлқұжат пен куәлікті кез келген ХҚКО-нан ала алады

Төлқұжат пен жеке куәлік алу үшін тұрғылықты мекен жайы мен тіркелген жеріне қарамастан, кез келген өңірдегі ХҚКО-ға барып, жаңа құжаттарға өтініш беруге болады. Бұл қызмет азаматтарымыздың уақытын және қаржылық шығындарын айтарлықтай үнемдейді, мысалы, жаңа жеке куәлік немесе төлқұжат алу үшін тіркеуде тұрған облысқа, ауданға барудың қажеті жоқ. Айтып өту керек, азаматтың жеке басын куәландыратын жаңа құжатты алуға өтінімді неке қию,некені бұзу туралы куәліктер бойынша,туғаны туралы акті жазбасына өзгерістер енгізбей ұлттық дәстүр бойынша анықтамалық деректерін ауыстыру туралы,құжат бүлінген, жоғалтқан, құжаттың мерзімі өтіп кеткен жағдайларда тұрғылықты және тіркелген мекен жайына қатыссыз, кез-келген ХҚКО-на беруге болады. Ал, қосымша тексеру жүргізу немесе шешім шығару қажет болған жа…

0
0
457

«Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету — Біздің басты мақсатымыз!»

Еңбектің өнімділігі мен сапасы – табанды тәртіп пен жауаптылықтан туындайды. Жүйелі қызмет көрсету үшін ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттері сақталып, қызметкер азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздарын қабылдап, дайын болған құжаттарды берумен, көші – қон полициясы бөлімінің қызметкерлері тұрғындарды тұрақты жері бойынша тіркеуге тұрғызу, тіркеуден шығару және құжаттандыру жұмыстарын жүргізіп, халыққа қызмет етеді. «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей, ХҚКО қайта жаңғыртудан (модернизациялаудан) өтті.Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процестері өзгертілді. Атап айтқанда: мемлекеттік қызмет алуға к…

0
0
522

«Электронды үкімет порталы арқылы электронды құжаттар алу қол жетімді»

Бүгінде электронды заманда жаңа ғасырдың жаңа қазақтары ретінде жаңа жобаларға көшіп жатырған жайымыз бар. Бұрын соңды электронды түрде қолтаңба қою түгілі электронды мәтінді жазып, бір нүктеден екінші нүктеге жіберуді елестете алмайтын болсақ, бүгінде анықтаманы да, кезекті де электронды түрде үйде отырып-ақ бір уақыт ішінде шаруаңды тындырасың. Некеге де электоронды құжат арқылы тұруға болады. Бұл жұмыстардың бәріне алдымен электронды қолтаңба алу қажет. Осы және өзге де осы жобаға қатысты сауалдарымызға Мойынқұм аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының кеңесші инспекторлары жауап береді. Порталда экономика, білім, мәдениет, еңбек, денсаулық, спорт, туризм және адам өмірі қызметінің өзге де салалары бойынша бірнеше мәтіндік бөлімде 2000 астам ақпараттық қызмет көрсетіледі. Мысалы, «Б…

0
0
462

ХҚКО арқылы көрсетілетін ақылы қызмет түрі.

ХҚКО арқылы көрсетілетін ақылы мемлекеттік қызметтерге қазіргі таңда көп ие болып жатқан қызмет түрі некені тіркеу болып табылады.Қызметті төлеу үшін банктерге кезекке тұрып уақытыңызды құрдан-құр жоғалпау мақсатында мемлекет электронды түрде төлем жасауға мүмкіндік берді. Төлем жеке банкомат (VIZA ELEKTRON) карточкасы арқылы онлайн төленеді. Осыған мысалға некеге тұру үшін: Некені тіркеуге өтініш берушіге: Авторлану және «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасы бойынша өту. Өтінімде ерінің/зайыбының ЖСН көрсету және неке тіркелетін АХАЖ таңдау. Өтінімге электронды цифрлық қолтаңба қажет. Бұрынғы ерінің/зайыбының өтініш беруді растауын алу. Өтініш 48 сағаттан артық емес растауды күтуі мүмкін, одан кейін күшін жояды. Некені тіркеуді растаушыға: Авторлану және «Қызметтерді алу тарихы » тар…

0
0
484

Білім беру туралы құжаттарды тану және нострификациялау мемлекеттік қызметі

Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында білім алған тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, магистратура, клиникалық ординатура, резидентура, адъюнктура туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды. Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттары бар жеке тұлғаларға өтініш сондай-ақ сенімхат негізінде алушының мүддесін білдіретін тұлғаларға көрсетіледі. Білім туралы құжаттарды шетелдік білім беру ұйымдарында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында құрылған және жұмыс істеп жатқан халықаралық және шетелдік оқу орындарында олардың филиалдарында алған тұлғалар берілген білімнің деңге…

0
0
515

Мемлекеттік тілді білу – әр азаматтың міндеті

Әр халықтың басты байлығы, баға жетпес қазынасы – ана тілі. Қазақстан Республикасының негізгі тілі – мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін құрметтеп, оны білу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Ана тіліне салғырт қарау - өз халқының өткеніне, бүгініне, болашағына немқұрайлы қарау деген сөз. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын күннен-күнге кеңейтіп, оны шын мәніндегі қоғамдық қарым-қатынас тілі ету бүгінгі күн талабы екендігі баршамызға мәлім. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дейді халық даналығы. Ендігі мақсат – тәуелсіз мемлекетіміздің қоғам өмірінің барлық саласында қазақ тілін кеңінен қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жолдауында Үкімет «Тілдердің үш тұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыруды жеделдетуі тиіс. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған…

0
0
287

22 қыркүйек — Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні

Осыдан тура 25 жыл бұрын - 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді. Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл - әрбір елдің жаны. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Қазақстан Республикасының Конституциясында “Тіл саясаты туралы” Тұжырымдамасы және осыларға негізделген "Тіл туралы" Заң республикадағы тілдердің ұлтаралық жарастық пен рухани ынтымақтастықтың құралы ретінде қызмет етуін және тіл алуандығын көздейді. Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі екені бәріне белгілі. Тіл - халықтың…

0
0
3154

Егов – ел игілігіне

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық №2 бөлімінде «Егов – ел игілігінде» атты акция өтті. Акцияның негізгі міндеті халыққа «Электрондық Үкімет» веб-порталын кеңінен насихаттау және Электрондық Үкімет порталын қолданудағы пайдасы мен қазіргі таңдағы ұтымды тұстарын көрсету. Қазіргі таңда электронды құжат айналымы даму үстінде, осыған орай халық өзіне керекті мағлұматты және мемлекеттік қызметті алу үшін веб-порталға жүгінуіне тура келеді. Осы орайда қарапайым халыққа қолжетімді болуы үшін және сауаттылын ашу үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарында «Connection point» яғни өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары ашылып, ауқымды түрде қызмет көрсетуде. Веб-портал арқылы әрбір қазақстандық тәуліктің кез-келген уақытында, еліміздің, әлемнің кез…

0
0
337

Сыбайлас жемқорлыққа қырсы күрес

Қазіргі таңда қоғамға кері ықпалын тигізіп отырған сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оны жою барша Қазақстан азаматтарының міндеті екені барлығымызға мәлім. Осы орайда «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Жамбыл облысы бойынша филиалының 2014 жылдың III тоқсанына арналған медиа-жоспарына сәйкес «Сыбайлас жемқорлықпен күрес!» тақырыбында бөлім қызметкерлерімен семинар-тренинг өткізіліп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы Қазақстан Республикасының Заңы аясында сөз қозғалды. Тараз қалалық №2 бөлімінің басшысы Гүлнар Есенқызы Демесінова мемлекеттік қызмет көрсету барысында жемқорлықты болдыртпау және оның алдын-алып, сапалы қызмет көрсету бүгінгі күннің басты талабы екенін атап айтты. «ХҚКО» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Тараз қалалық №2…

0
0
422

«Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – Біздің басты мақсатымыз!»

"Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Гродеково селолық бөлімі Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродеково селосы Мира көшесі № 88 «б» ғимаратында орналасқан. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап бөлім басшысы Әмірхан Айтқұлұлы, реттеу залының басшысы Сандуғаш Аманжанқызы Темирбекова және штат бойынша 6 қызметкерлер халыққа қызмет көрсетуде. Жұмыс уақыты сағ: 9.00 ден 20.00 ге дейін, түскі үзіліспен сағ:13.00-14.00, аптасына 6 күн, демалыс күні жексенбі. «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының Гродеково селолық бөлімі мынандай мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсетуде: Азаматардың хал актілерін тіркеу (туу туралы куәліктерін рәсімдеу, қайталама туу туралы куәлік, некеге тұру куәлік, неке бұзу туралы куәлік, атын, тегін ауымтыру,…

0
0
655