Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету — Біздің басты мақсатымыз!»

Еңбектің өнімділігі мен сапасы – табанды тәртіп пен жауаптылықтан туындайды. Жүйелі қызмет көрсету үшін ХҚКО-да мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттері сақталып, қызметкер азаматтардың және заңды тұлғалардың арыздарын қабылдап, дайын болған құжаттарды берумен, көші – қон полициясы бөлімінің қызметкерлері тұрғындарды тұрақты жері бойынша тіркеуге тұрғызу, тіркеуден шығару және құжаттандыру жұмыстарын жүргізіп, халыққа қызмет етеді. «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ҚР-ның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында көрсетілгендей, ХҚКО қайта жаңғыртудан (модернизациялаудан) өтті.Тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес процестері өзгертілді. Атап айтқанда: мемлекеттік қызмет алуға келген тұрғынға кедергісіз қызмет көрсету әдісі енгізілді; бірыңғай электрондық кезек ұйымдастырылды; egov.kz порталындағы мемлекеттік қызметтерді алуға қажет цифрлық электрондық қолтаңбаны (ЭЦК) алу туралы өтініштер қабылданады; орталықтың қызметкерлері тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алуға қажетті құжаттар туралы толық ақпараттар беріп, қоғамдық қолжетімдік пунктері (ҚҚП) арқылы жылжымайтын мүліктің бар-жоғы туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар, мекен жай анықтамасы мен зейнетақы аударымдары туралы электронды түрде мәліметтерді алуға болады. Шалғай елді мекендердегі тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша мобильдік ХҚКО топтарының жұмысы сапалы ұйымдастырылуда. 2012 жылы Қазақстанда онлайн тәртібі бойынша төлемдердің деңгейі артты. Біздің ауданда, мемлекеттік қызмет көрсету орталығында, түрлі төлемдер «онлайн» тәртібі бойынша төленуде. Жол жүру ережесін бұзғаны туралы айыппұлдар төлеу, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша төлейтін баж салықтары электрондық төлем жасаудың ұтымды екенін көрсетіп отыр.

 

«ХҚКО»  инспекторы

З.Байкулова

 
0
0
518

Осы тақырып бойынша