Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – Біздің басты мақсатымыз!»

"Халыққа қызмет көрсету орталығы»  РМК-ның  Жамбыл облысы бойынша филиалының Гродеково селолық бөлімі  Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Гродеково селосы Мира көшесі  № 88 «б»  ғимаратында орналасқан. 2010 жылдың қаңтар айынан бастап  бөлім басшысы  Әмірхан Айтқұлұлы,  реттеу залының басшысы Сандуғаш Аманжанқызы Темирбекова және штат бойынша 6 қызметкерлер  халыққа қызмет көрсетуде. Жұмыс уақыты сағ: 9.00 ден 20.00 ге дейін, түскі үзіліспен сағ:13.00-14.00, аптасына 6 күн, демалыс күні жексенбі.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы»  РМК-ның  Жамбыл облысы бойынша филиалының Гродеково селолық бөлімі мынандай мемлекеттік қызметтер түрлерін көрсетуде:

Азаматардың хал актілерін тіркеу (туу туралы куәліктерін рәсімдеу, қайталама туу туралы куәлік, некеге  тұру куәлік, неке бұзу туралы куәлік, атын, тегін ауымтыру, қайтыс болу туралы куәлік, қайталама қайтыс болу куәлік және анықтамалар); Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік  тіркеу; жылжымайтын объектілердің техникалық паспортын беру; Жылжымайтын мүліктің меншіктенушісі (құқықтық иеленушісі) туралы мәлімет; Жұмысқа қамту және әлеуметтік бағдарламалар бағыты бойынша; Зейнетақы төлеу орталығы бағыты бойынша (баланың туылуына және күтіміне байланысты жәрдем ақы тағайындау); азаматтарды құжаттандыру және тіркеу (жеке куәлік, төлқұжат, мекен жайға тіркеу) және сондай-ақ Қазақстан Республикасының Электрондық үкімет «Е-gov» арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілуде.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Гродеково ауылына жақын орналасқан ауылдық окруктардың тұрғындары мемлекеттік қызметтер бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына келіп өтініш білдіре алады байланыс телефон 8 726 33 3-16-76.

ХҚКО РМК Жамбыл облысы бойынша филиалының

Гродеково селолық бөлімінің басшысы     Ә. Айтқұлұлы

 
0
0
644

Осы тақырып бойынша

«Халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету – Біздің басты мақсатымыз!» - Yvision.kz