Мазмұнға өту

Жаңа

АЛАКӨЛ ЖАҢА ТУРИСТІК МАУСЫМҒА ДАЙЫН: ЖЕТІСУДАҒЫ 10 ОҢ ӨЗГЕРІС

Биыл шомылу маусымына қарай жаңарған инфрақұрылымы бар, ыңғайлы көлігі қарастырылған, қауіпсіздік шаралары күшейтілген Алакөл туристерді қарсы алуға дайын, - деп хабарлайды Жетісуоблысы әкімінің баспасөз қызметі.Осы орайда назарларыңызға жаңа маусымның 10 басты игілігін ұсынамыз:Үшарал қаласы бағытында әуе рейстерінің саны артты. Енді Алакөлге күн сайын Астана және Алматы қалаларынан «Алматы-Үшарал» және «Астана-Үшарал» бағыттары арқылы жетуге болады. Мемлекет тарапынан субсидияланған билеттер құны - небәры 20 000 теңге. Әуежайдың ұшу-қону жолағын қайта жаңартудың арқасында Үшарал қаласында ірі әуе кемелерін қабылдауға жағдай жасалған.Жазғы шомылу маусымына қарай қосымша пойыздар іске қосылды. Көлге 13 пойыз жүреді, оның ішінде Астана мен Алматыдан «Тальго» жүрдек пойызы да…

0
0
248

Мәжіліс пленарлық отырысы: 2024 жылғы республикалық бюджет және қаржылық қауіпсіздік

https://www.youtube.com/live/qQiYjcVBIsM?si=cLr2czZOPG9LEsVF

0
0
192

Қазақстан Орталық Азияда бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді

Оның пікірінше, бұл теңқұқылы серіктестік, ортақ игілік пен өзара құрмет қағидаларына толық сай келеді. Мемлекет басшысы аталған ұстанымдар бүгінгі Саммит қорытындысы бойынша қол қойылатын «Мәңгі тату көршілес, достық пен ынтымақтастық туралы шартта» көрініс табатынына сенім білдірді.

Президенттің айтуынша, Қазақстан Орталық Азияның бейбітшілік, орнықты қауіпсіздік пен өнімді ықпалдастық мекені болғанын қалайды. Еліміз діни экстремизммен, терроризммен, сепаратизммен, есірткі тасымалдаумен, заңсыз қару-жарақ саудасымен, рұқсатсыз көші-қонмен және адам саудасымен ымырасыз күресті жалғастыруға әзір. Халықаралық киберқылмыстың өршуі айрықша назар аударуды талап етеді. Осыған орай Президент салалық ведомство басшылары арасында тұрақты байланыс орнатуды ұсынды.

t.me/aqorda_resmi

0
0
257

Орталық Азия мен Қытайдың стратегиялық ынтымақтастығы: Саммиттегі маңызды кездесу

Президенттің пікірінше, бүгінгі Саммит елдеріміздің тату көршілік қатынасты, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты дамуға мүдделі екенін растады. Мемлекет басшысы жиын барысында айтылған ұсыныстар мәңгі достық пен стратегиялық серіктестікке берік негіз қалайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ ортақ күш-жігер жұмылдырудың нәтижесінде «Орталық Азия – Қытай» форматын институттандыру ісі табысты жүзеге асқанын атап өтті.

t.me/aqorda_resmi

0
0
196

Жібек жолы: Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени көпір

2025 жылдың 16 маусымында ҚР Ұлттық музейінде «Жібек пен Жібек жолы: Қытайдан Қазақстанға» атты көрменің салтанатты ашылуы өтті. Көрменің ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және ҚХР Мәдениет және туризм министрі Сунь Ели бастаған Қытай делегациясы қатысты. Бұл көрме Қазақстандағы Қытай туризмі жылының басталуына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылды. Экспозиция Қытайда жібек өнерінің пайда болуы мен дамуы туралы баяндайды, сондай-ақ Ұлы Жібек жолы арқылы жүзеге асқан Шығыс пен Батыс арасындағы мәдени байланыс та көрсетілген. Көрме жібек өнерінің бай мұрасын заманауи көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Көрменің мақсаты – Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени және туристік ынтымақтастықты нығайту, Ұлы Жібек…

0
0
268

Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-да халықаралық көрмемен аталып өтті

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде ұлы композитор, қазақ музыкасының заңғар тұлғасы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Шабыт бастауы: Нұрғиса Тілендиевтің мұрасы» атты халықаралық көрменің салтанатты ашылуы өтті. Халық қаһарманы, дирижер, аса көрнекті өнер иесінің ғасырлық мерейтойы – тек қазақ халқы үшін ғана емес, барша өркениетті әлем үшін елеулі оқиға. Бұл маңызды дата ЮНЕСКО тарапынан халықаралық деңгейде аталып өтетін мерейтойлар қатарына енгізілді. Аталмыш көрмеде Алматы қаласындағы Музейлер бірлестігінің қорынан алынған 70-ке жуық құнды жәдігер қойылған. Олардың қатарында композитордың өз қолымен жазған партитуралары, сирек фотосуреттері, жеке заттары, сондай-ақ Ахмет Жұбанов сыйға тартқан «Дариға домбыра» да бар. Айта кетейік, кезінде бала Нұрғисаның музыкалық б…

0
0
236

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес: Заң қабылданғанына бір жыл толды

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес туралы Заңның қабылданғанына бір жыл толды. Президент 2024 жылғы 15 сәуірде қол қойған Әйелдердің құқықтарын қорғау және балалардың қауіпсіздігі туралы заң былтыр 16 маусым күні күшіне енді. Мемлекет басшысы билікке келген кезден бастап әйелдер мен балалардың құқығын қорғау саясатын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы ымырасыз күресу өзінің мызғымас ұстанымы екенін үнемі айтып жүр. Қабылданған заңның және мемлекет жүзеге асырып жатқан нақты шаралардың нәтижесінде Қазақстанда әйелдер мен балалардың құқығын қорғаудың озық заңнамалары мен тиімді жүйесі қалыптасты. Нәтижесінде отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері едәуір азайды. Мысалы, жыл басынан бері құзырлы органдарға тұрмыстық зорлық-зомбылыққ…

0
0
250

Әке мен бала туралы аңыз

Ертеде, қазақ елі жауымен шабысып жұрген кезі екен. Сол кезде билікте болған қазақтың ханы елімен ақылдасу үшін жиналыс жариялаған.Нұкерлерімен қоршалған хан, төбедегі дөңес жерде құрылған шатырына жетеді. Аттан түсіп, жылқының ұздесін тізгіншісіне беріп төрге аяқ басады.Оюлы текемет-кілемнің екі жағында, ханды қарсы алып, тік тұрған әміршілері, қолбасылары, сүлтандары, уәзірлері. Олар оң қолын жұрегіне басып, бас изеп, ханмен амандасып жатыр. Хан олармен көзімен амандасып, отыратын тақ жағына келе жатыр.Қолбасшыларының арасында тұрған өз баласын көреді.Баласы мұрты жаңа біткен жас жігіт. Жас болсада қоласындағы әскери қолын айтарлықтай біліктілікпен басқарып елдің оң көзіне түскен жігіт.Ерекше айламен, әскери қулықпен жауды алдап жеңіске жетіп жұрген жас қолбасшы. Қоласындағы сарбаздарды…

0
0
361

Қазақстанда Әкелер күні: Отбасы институтын нығайтудың жаңа бастамалары

2023 жылдан бастап маусым айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда ресми түрде Әкелер күні атап өтіледі. Әкелер – күнделікті өмірдің шынайы қаһармандары. Олар – балалары мен отбасысы үшін күш-қуаттың, даналық пен жауапкершіліктің қайнар көзі.Әке – тек асыраушы ғана емес, сонымен қатар тәрбиеші, баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін рухани тірек. Қазақ халқы әкені әрдайым отбасының тірегі, кеңесшісіәрі қамқор тәрбиеші ретінде бағалаған. Бұл жөнінде МұхтарӘуезов: «Әке – асқар тау» деп тамаша айтып кеткен. Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин де бала тәрбиесіндегіәкенің рөлін ерекше атап көрсеткен: «Балалардың тәрбиесіне бірінші кезекте олардың ата-аналары, әсіресе –әкелері жауапты». Әкелердің қолдауы мен қамқорлығы –әрбір баланың және тұтас қоғамның болашағы үшін берік негіз қалыптастыра…

0
0
261

Ұлттық Құрылтайдың үш жылдық жұмысы: Қазақстан қоғамын дамытудың негізгі бастамалары

Бүгін Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға зор ықпал етіп келе жатқан маңызды институттың бірі – Ұлттық құрылтайдың құрылғанына үш жыл толды. Құрылтай құрамы үнемі жаңартылып отырады. Оның қатарында Парламент депутаттары, саяси партиялардың, білім, ғылым, мәдениет, бизнес, медицина, спорт, адам құқығын қорғау саласындағы ірі қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері, жас көшбасшылар және белсенді азаматтар бар. Ұлттық құрылтай осы уақыт ішінде Қазақстан қоғамын ортақ мақсатқа жұмылдыруға арналған бірегей идеялар мен стратегиялық қадамдар ұсынатын ең басты институтқа айналды. Құрылтай мүшелері осы құрылымның бұған дейінгі төрт отырысы мен жұмыс кездесулерінде көптеген бастама көтерді. Оның басым бөлігі орындалды. Құры…

0
0
365