Мазмұнға өту
Обложка сообщества Мемлекет

Қасым-Жомарт Тоқаев «Эгмонт» тобының төрағасымен қаржылық қауіпсіздік мәселелерін талқылады

Мемлекет басшысы «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичті қабылдады

Кездесу барысында ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев:

– жаһандағы қаржылық қауіпсіздікті нығайтуға және активтерді қайтару тиімділігін арттыруға үлес қосып жүрген басты халықаралық платформа ретінде «Эгмонт» тобының маңызы зор екеніне назар аударды;

– Қазақстанның «ақшаны жылыстатуға қарсы» ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай одан әрі жетілдіруге ниетті екенін растады;

– заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту мақсатында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді.

Эльжбета Франков-Яскевич:

– Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға жоғары баға беріп, оның тиімділігін атап өтті.

t.me/aqorda_resmi

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда ақшаны жылыстатуға қарсы күрес: Тоқаевтың халықаралық кездесуі - Yvision.kz